Израильдің соңғы әуе соққысынан Ирандағы ядролық қондырғылар зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) хабарлады, деп жазды қытайлық Синьхуа сайты. Р.Гросси ядролық және басқа радиоактивті материалдардың сақталуына қауіп төндіретін іс-әрекеттерге барынша сақ болуға шақырды. «МАГАТЭ инспекторлары қауіпсіз және Ирандағы маңызды жұмыстарын жалғастыруда, — деді МАГАТЭ-нің бас директоры Рафаэль Гросси. Израиль әскерилері Ирандағы әскери нысандарға әуеден соққы жасады. Израиль билігі әуе соқысы Ирандағы әскери нысандарға дәл тиіп жатқанын мәлімдеді. Израиль әскері Иранның маңызды деген қорғаныс өнеркәсібінің орталық әскери нысандарына, соның ішінде зымыран зауыттары, ұшқышсыз ұшақтарды әзірлеу және өндіру нысандары және баллистикалық зымырандарды ұшыру базаларына соққы берген еді.
Автор: qaztimes
Филиппиннің солтүстік-шығысында Трами тропикалық дауылы мен жаңбыр, су тасқыны мен көшкіннің салдарынан 5,7 миллион адам үйлерін тастап кетті, деп хабарлайды Anadolu Ajansı. Азаматтық қорғаныс бюросына (OCD) сілтеме жасаған Manila Times газетінің хабарлауынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны артуы мүмкін. Табиғи апат салдарынан 92 мыңға жуық адам уақытша орналастыру орталықтарында, 27 мыңнан астам үй, 520 жол және 84 көпір зақымданды, деп жазды Төтенше жағдайлар қаупін азайту және басқару ұлттық кеңесі. Билік дауыл ауыл шаруашылығы жерлері мен инфрақұрылымға үлкен зиян келтірді деп есептейді.
«Талибан» қозғалысының министрі Халид Ханафи әйелдерге тек ерлермен ғана емес, әйелдермен де ашық сөйлесуге тыйым салды, деп хабарлайды BILD басылымы. Сонымен қатар, министрдің мәлімдемесіне сәйкес, кәмелетке толған қыздарға басқа кәмелетке толған қыздардың дауыстарын естуге тыйым салынады. Сондықтан әйелдер де басқа әйелдердің алдында Құранды дауыстап оқудан аулақ болғаны жөн. BILD атап өткендей, 2021 жылдың тамызында Ауғанстанда тәліптер билікке келгеннен кейін елдегі әйелдерге білім алуға, ер адамның еріп жүруінсіз саяхаттауға және көпшілік алдында, әсіресе ер адамдармен сөйлесуге тыйым салынды. Оларға саябақтарға баруға, суға түсуге немесе спортпен айналысуға болмайды. Сұлулық салондарына да тыйым салынды. Әйелдерге арналған мекемелер жабылып, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы» заңның…
Синопиктер 18 қазанда Алматы мен Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жариялады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-нің баспасөз қызметі хабарлады. Түнде және таңертең Ұлытау облысының орталығында, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Жезқазғанда да түнде және таңертең тұман болуы ықтимал. Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда күннің екінші жартысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел…
Өскемен қаласы тұрғынының үйінде қомақты ақша бар екенін білген ұрылар ыңғайлы сәтін тосып, тонауға түскен. 28 млн теңге ақша мен зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен екі ер адамды полицейлер ұстады. Тәртіп сақшыларына хабарласқан азамат үйін белгісіз біреулердің тонап кеткенін жеткізген. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктілерді «ізін суытпай» ұстады. Анықталғандай, күдіктілердің бірі бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Тінту кезінде ұрланған 28 млн теңге ақша мен зергерлік бұйымдар табылды. Оған қоса күдіктілерден 1 келіге жуық гашиш тәркіленген. «Күдіктілер жәбірленушінің үйінде ақша бар екенін білген. Оны аңдып жүріп, ұрлыққа мұқият дайындалған. Үйден кеткенін күтіп, қоршаудан секіріп өткен. Терезе арқылы…
Сәрсенбі күнгі парламенттік пікірталас кезінде Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Либералдық-демократиялық партияның жетекшісі Эд Дэйвидің Ұлыбританияның Израиль министрлері Бецалель Смотрич пен Итамар Бен-Гвирдің мәлімдемесіне қатысты әрекеті туралы сұраққа жауап ретінде оның үкіметі оларға қарсы санкциялар енгізу «мүмкіндігін қарастырып жатқанын» растады. Смотрич, атап айтқанда, Газа секторында 2 млн палестиналықтың аштыққа ұшырауы «моральдық ақталған» болар еді деп айтты, ал Бен-Гвир Батыс жағалаудағы палестиналықтарды өлтірген израильдік қоныстанушыларды «қаһармандар» деп атады. Бұл мәлімдемелер халықаралық наразылық тудырды. Ұлыбритания премьер-министрі сондай-ақ «Газа секторындағы гуманитарлық жағдайдың ауыр екенін» мәлімдеді. «Израиль бейбіт тұрғындардың құрбан болуына жол бермеу, Газа секторына үлкен көлемде көмек көрсету және БҰҰ-ның гуманитарлық серіктестеріне тиімді жұмыс…
Павлодар облысындағы тұрғындар арасында бруцеллез ауруын жұқтыру жайттары азаймай тұр. Жыл басынан бруцеллез дертін жұқтырудың 32 дерегі тіркелген. Мамандардың сөзінше, облыста аса қауіпті аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Жыл басынан сырттан аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың әкелінген жағдайлары тіркелген жоқ. — Жылдың алғашқы 9 айында облыста бруцеллез жұқтырудың 32 жағдайы тіркелді. Бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 4,2 жағдайды құрап отыр. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 33 жағдай тіркелген. Бруцеллез ауруынан сақтану үшін мал басын жүйелі түрде тексеріп, вакцинациялау жүргізген жөн. Ауру мал анықталса оқшаулап, оған күтім жасау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Дұрыс қайнатылмаған, қуырылған етті, шикі сүтті, өңделмеген сүзбелер мен…
Астана қаласы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің ескертуінен кейін елорда әуежайы ақылы тұрақ аймақтарында бағаны көтеруден бас тартты. «Астана қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ-на бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы ескерту жасады», — деп хабарлады ведомство. Бұған дейін әуежайдың ресми Instagram парақшасында ақылы тұрақ аймақтарында тарифтердің көтерілетіні туралы ақпарат жарияланған болатын. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, ескертуден кейін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ақылы тұрақ аймақтарында бағаның көтерілуіне жол бермеу шараларын қабылдады.
Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасарлары тағайындалды. ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығымен Арман Бейсенбаев Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Полиция полковнигі жедел қызмет бөлімдерінің жұмысына жетекшілік етеді. «Арман Арун-Рашидұлының ішкі істер органдарында 28 жылдан астам еңбек өтілі бар. Жедел қызмет саласында әртүрлі жауапты лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі мол. Бұған дейін Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды», — делінген ведомстваның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығымен Ұлықбек Мылтықов Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ұлықбек Тұрғынұлының ішкі істер органдарында 28 жыл еңбек өтілі бар. Бүгінге дейін…
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа ресми сапары аясында Түрікменстанның Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды. Президент түрікмен елінің басты ескерткішіне тағзым ету арқылы екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың берік екенін көрсетті. Фото: Ақорда Фото: Ақорда Фото: Ақорда