Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар жоспары жыл басынан бері небәрі 52,7% ғана орындалған, ал тікелей шетелдік инвестициялар бойынша көрсеткіш жартысына да жетпеген. Бұл туралы бүгін кеңес өткізген премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті. Үкімет басшысы кейбір өңірлерде инвестиция тартуға қатысты жағдай сын көтермейтінін атап өткен. Соның ішінде: Атырау облысы – негізгі капиталға инвестициялар бойынша 42,8%; Ұлытау облысы – ірі компанияларға тәуелділік жоғары (61,5%); Абай облысы – негізгі капиталға инвестициялар 70,4%, ал тікелей шетелдік инвестициялар бар-жоғы 26,2%. «Әкімдер мен министрлер инвестиция тарту ісімен күн сайын жеке айналысуы тиіс. Инвестиция болмаса – экономикалық даму да болмайды. Сол себепті әкімдерге көрсеткіштерді орындамаған орынбасарларын тәртіптік…
Автор: qaztimes
Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты. Ақорда жазғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясына барды. Бұл нысан биыл мамыр айында пайдалануға берілген. Мемлекет басшысына академия қызметі өңір жастарының зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталғаны жөнінде баяндалды. Кешенде бассейн, спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары, шығармашылық студиялар мен зертханалар бар. Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, Қызылорда облысында қосымша білім беру жүйесін дамыту аясында 2022 жылдан бастап Жаңақорған, Жалағаш және Шиелі аудандарында Оқушылар үйі мен Шығармашылық мектептері бой көтерген. Былтыр облыс орталығында заманауи Оқушылар сарайы ашылды. Бұдан бөлек, Қызылордада Кәсіптік білім беру және жұмысшы мамандықтары бойынша құзыреттілік орталығының құрылысы…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Президент өңірдегі бірқатар өндіріс орындарын, инфрақұрылым және әлеуметтік нысандарды аралап көреді, деп мәлімдеді Ақорда.
Жамбыл облысында сот жергілікті компанияның пайдасына шешім шығарды. Енді шетелдік зауыт компанияға 60 миллион теңгеден астам өтемақы және 1,8 миллион теңге сот шығынын төлеуге міндетті. Оқиға 2022 жылы «Науалы» станциясында болған. Рельстен шығып кеткен 12 жүк вагонының төртеуі жергілікті компанияға тиесілі екені анықталған. Тергеу нәтижесінде шетелдік зауыт жасаған вагон бөлшектерінің сынуы апатқа себеп болғаны белгілі болады. Зауыт бөлшектерді сапасыз жасаған, вагондар қатты зақымданып, жөндеуге келмейтін күйге түскен. Компания өз есебінен басқа мекемелерге келген залалды өтеген. Кейін осы ақшаны қайтарып алу үшін кінәлі өндірушіні сотқа берген. Сот өндірушінің кінәсін растап, апат пен бөлшектегі ақау арасында байланыс бар екенін растады. Енді шетелдік…
Қазір Қазақстанның 958 азаматы шетелде әртүрлі қылмыстар үшін жазасын өтеп жүр. Ең көбі – көрші Ресейде. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді. Оның айтуынша, сотталған адамды Қазақстанға әкелу үшін оның жеке келісімі қажет. Келісімі болмаған жағдайда оны елге алып келу мүмкін емес. «Өкінішке қарай, қазіргі уақытта Қазақстанның 958 азаматы шетелде өз жазасын өтеп жатыр. Оның көбі, 700-ден астамы – Ресей Федерациясында. Олардың арасында Қазақстанға жазасын өтеуге келгісі келмейтіндер бар. Себебі олардың отбасы, жақын туыстары сол жақта. Сондықтан сол жақта қалып жазасын өтегісі келеді», — дейді Қойгелдиев Сенаттың жалпы отырысында.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысындағы сапарын «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалын аралаудан бастады. Ақорда мәлімдеуінше, президент әуежайдың қызмет көрсету үдерісі, ішкі және халықаралық әуе рейстеріне қызмет көрсету туралы ақпаратпен танысты. Тоқаев жолаушыларды тіркеу және тексеру аймақтарын, шекаралық-кедендік бақылау пункттерін, күту залын, сондай-ақ автоматтандырылған жүк беру жүйесін көрді. Айта кету керек, жаңа терминал өткен жылдың қараша айында ашылған. Жобаға 16,6 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция салынды. Жергілікті бюджет инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жасау үшін 4,3 миллиард теңге бөлген. Бұл әуежай енді жылына 300 мыңнан 500 мың жолаушы қабылдай алады. «Қорқыт ата» әуежайынан Air Astana, FlyArystan және Qazaq Air әуе компаниялары аптасына 29…
Ақтөбе облысында тағы бір оқушы көлік апатынан қаза тапты. 13 жасар жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз мініп кетіп, апатқа ұшыраған. Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлағандай, жол апаты осыдан үш күн бұрын, 27 қазанда тіркелген екен. «13 жастағы жасөспірім әкесінің автокөлігін рұқсатсыз алып, елді мекен аумағында келе жатқанда көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі кюветке аударылып кеткен. Бала жарақат алып, ауруханаға түскен. Алайда, дәрігерлер бар амалды жасаса да ажалдан арашалай алмады», — деп хабарлайды полиция.
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймаққа сапарлап келген президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді. Облыс әкімі Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар, сондай-ақ облыс орталығы мен елді мекендерді абаттандыру жөнінде есеп берген. «Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев соңғы 4 жылда өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 233 пайызға артқанын баяндады. Биыл 720 миллиард теңгеден астам қаржы тарту жоспарланған. Оның ішінде жеке инвестицияның үлесі 70 пайызды құрайды», — деп хабарлаған Ақорда. Экономиканы әртараптандыру мақсатында алдағы үш жылда аймақта құны 2 триллион теңгеге жуықтайтын 90 инвестициялық жоба орындалмақ. Бұл 11…
Қазақстанда биыл 2 мыңнан астам азамат өз ұлтын өзгерту туралы шешім қабылдаған. ІІМ-нің деректеріне сүйенген DataHub телеграм арнасы қаңтар — қыркүйек айларындағы статистикалық деректерді жариялады. Паспорт пен жеке куәлігіндегі ұлт атауын өзгертуге 2272 өтініш рәсімделген. Әрбір өтініш әдетте бір адамға тиесілі болғандықтан, бұл көрсеткіш нақты азаматтар санын білдіреді. Есепке сәйкес, жыл басынан бері апта сайын орта есеппен 58 қазақстандық ұлтын өзгертуге шешім қабылдаған. Оның ішінде ең көп өтініш Алматы қаласында тіркелген. Мұнда әр 10 мың тұрғынға шаққанда 2,5 өтініштен, ал Астанада 2 өтініштен келеді.
Қазір Қызылорда облысында жүрген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өнер орталығына барды. Мемлекет басшысы көрермен залын аралап көріп, облыстық симфониялық оркестрдің дайындық барысын тамашалады. «Мың орынға арналған көп функционалды Өнер орталығы былтыр ашылған. Кең әрі заманауи үлгідегі ғимарат құрылысына 3,7 миллиард теңге жұмсалған. Мұнда концерттер, шығармашылық кештері мен түрлі қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Орталықта бірнеше шығармашылық ұжым жұмыс істейді», — деп хабарлайды Ақорда. Жалпы, дереккөзге сүйенсек, 2022 жылдан бері облыста 18 мәдениет нысаны ашылған екен. Соның ішінде 7 заманауи «Руханият» орталығы, музыкалық колледждің жаңа ғимараты, облыстық тарихи-өлкетану музейі мен шалғай елді мекендерде мәдениет үйлері салынды. Әкімдік мәдениет саласы қызметкерлерін баспанамен қамту, мамандардың біліктілігін…