АҚШ президенті Дональд Трамп Илона Масктың шығындар мен салықтарға қатысты заң жобасына айтқан сынына жауап беріп, кәсіпкерге «дүкеніңді жап та, Оңтүстік Африкаға үйіңе қайт» деп кеңес берді. «Электр көліктері — керемет, бірақ барлығын оны пайдалануға мәжбүрлеу дұрыс емес. Илон адамзат тарихында ең көп субсидия алған адам болуы мүмкін. Егер сол субсидиялар болмаса, бәлкім, ол әлдеқашан дүкенін жауып, Оңтүстік Африкаға қайтып кетер еді», — деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде. Сонымен қатар, Трамп бұрын Маск басқарған Мемлекеттік тиімділік департаментін (DOGE) тексеруге шақырды. «Зымырандар, спутниктер мен электромобильдер өндірісін тоқтатсақ, ел ретінде үлкен қаржы үнемдер едік. Бәлкім, DOGE осы мәселені мұқият қарап шығуы…
Автор: qaztimes
Ішкі істер министрлігі азаматтық және қызметтік қарудың айналымы ережелеріне өзгерістер енгізді. Жаңа бұйрыққа сәйкес, кейбір қару түрлерін рұқсатсыз сатып алуға болады – бірақ белгілі бір талаптар сақталған жағдайда. Атап айтқанда, 2019 жылы бекітілген азаматтық және қызметтік қару мен оған арналған оқ-дәрілер айналымы ережелеріне өзгерістер енгізілді. Негізгі жаңалықтар пневматикалық, сигналдық және охолощендік (атуға жарамсыздандырылған) қару түрлерін сатып алуға қойылатын талаптарға, сондай-ақ сатып алушылар ұсынуы тиіс құжаттар тізіміне қатысты. Не өзгерді? Рұқсатсыз қару сатып алуЕнді дүмінің энергиясы 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгі пневматикалық қару түрлері мен сигналдық қару түрлерін арнайы рұқсатсыз сатып алуға болады. Алайда сатып алушы келесі құжаттарды…
Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген айып тағылып отырған адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың желтоқсан айында сотталушы өз үйінде бөгде біреулердің дауысынан оянып, дәлізге шыққан. Онда ол анасының танысымен (жәбірленуші) дауласып жатқанын көрген. Сотталушы мен жәбірленуші арасында ауызша жанжал басталып, соңы төбелеске айналған. Оны айналасындағылар тоқтатқан. Оқиғадан кейін жәбірленуші сыртқа шығып, үйіне қарай бет алған, бірақ сотталушы оны қуып жетіп, басынан қатты доғал затпен ұрған. Одан жәбірленуші құлап түскен. Содан кейін сотталушы оны ас үйден алдын ала алып шыққан пышағымен арқасына екі рет ұрып, оны екі рет тепкен. Жәбірленуші кейінірек…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы қазақ-қатар ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін, сондай-ақ жыл басында қол қойылған Ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі келісімді жүзеге асыру барысын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан мен Қатар арасындағы қарым-қатынас нақты стратегиялық және өзара тиімді сипат алғанын атап өтті. Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шақырған Doha Forum 2024 конференциясына қатысатынын растады. Тараптар екі ел арасындағы тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.
Өскемен қаласында әйел адамды пойыз қағып кетті. Қазір оқыс оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Көліктегі полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға қала іргесінде орналасқан Защита ықшамауданындағы «Өскемен-1» станциясында болған. «Жүк пойызы белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 40 жастағы әйелді қағып кетті», — делінген ақпаратта. Әйел адам түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қонаевтағы Фрунзе көшесіне Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді. Тарихи тұлғаның есімі қала көшесіне берілуіне байланысты Қонаевта салтанатты іс-шара өтті. Оған әскери қызметкерлер мен қала әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков қатысты. Фото: Қонаев әкімдігі Бұған дейін Центральная көшесіне Бердібек Соқпақбаевтың есімі берілген болатын. Сондай-ақ Қонаевтағы «Жеңіс» паркінде тәжік-ауған шекарасында, Қарабақ пен Ирак Республикасында ұрыс қимылдарына қатысушы сарбаздардың құрметіне мемориалды тас ашылды. Фото: Қонаев әкімдігі
Қаржы министрлігі Қазақстан Үкіметінің сыртқы борышы туралы соңғы мәліметтерді жариялады. Министрліктің мәліметіне сүйенсек, Үкіметтің сыртқы борышы 1 қазандағы жағдай бойынша 7 трлн 217 млрд 26 млн 519 мың теңге болған. Оның ішінде ең көп қарыз Халықаралық қайта құру және даму банкі (1,5 трлн теңге) мен еурооблигациялардан (4 трлн теңге) тартылған. Еуропа қайта құру және даму банкіОрталық және Шығыс Еуропа елдерінің ұзақ мерзімді несиелендіру жөніндегі аймақтық мемлекетаралық банкі болып есептеледі. Штаб-пәтері Лондонда орналасқан бұл ұйымға 50-ге жуық ел мүше. Оның ішінде ТМД елдері де бар. Ислам даму банкіне 52 мемлекет мүше. Олардың арасында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан да бар. Азия…
Елордада бір мезетте үш мыңнан аса домбырашы «Балбырауын» күйін орындап, өнер әлеміндегі бұл ерекше жарқын оқиға Қазақстанның Гиннес рекордтарын тіркеу кітабына енді, деп жазды Астана әкімдігі. «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» атты ауқымды іс-шарада үш мыңнан астам астаналық домбыра үйірмелеріне қатысушылар Құрманғазы Сағырбайұлының шоқтығы биік «Балбырауын» күйін бір мезгілде күмбірлетті. «Қазақстанда мемлекеттік шығармашылық тапсырыс жобасы 2021 жылдан бастап іске асырылып жатыр. Оның мақсаты – 4 пен 17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді тегін үйірмелермен қамту, олардың бос уақытын тиімді өткізіп, өнерге деген қызығушылығын арттыру. Міне, бүгін Астана қаласында осындай домбыра үйірмесіне қатысатын…
Израиль әскери-әуе күштерінің жойғыштары Ливанның солтүстік-шығыс бөлігіндегі қалалар мен елді мекендерге қарқынды рейдтер жүргізді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Lebanon 24 ақпарат порталының хабарлауынша, Баалбек пен Хермел маңындағы 20 елді мекенге, соның ішінде Бритель, Дурис, Сарин және Шимстар қалаларына әуе шабуылы жасалған. Зардап шеккендер туралы ақпарат бар: Будай ауылының алты адамнан тұратын отбасы қаза тапқан. Бұған дейін Израиль Ливанның оңтүстігіне шабуыл жасаған болатын. Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы тәулікте әуе шабуылдары салдарынан 38 азамат қаза тауып, тағы 124 адам жараланған. Еске салайық, Қатарда кепілге алынғандарды айырбастау және Газа секторында бітімге келу туралы келіссөздердің қайта жандануы аясында Қатардағы Хамас саяси…
Батыс Қазақстан облысы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Бәйтерек ауданының тұрғыны кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Бәйтерек ауданы прокуратурасының ұстанымы ескеріліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабымен (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) көзделген қылмыс жасағаны үшін сотталушының кінәсі толық дәлелденді. БҚО прокуратурасынан мәлім еткеніндей, 2021 жылдан бастап борышкердің алимент төлеу бойынша баласына 2 млн 787,838 мың теңге көлемінде берешегі бар. Бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, бірнеше жыл бойы өз міндеттерін қасақана орындамаған. Үкім заңды күшіне енді.