1 шілде күні Баку қаласында сегіз ресейлік азамат ұсталып, сот шешімімен төрт айға қамауға алынды, деп хабарлайды SteppeNews.kz APA агенттігіне сілтеме жасап. Азербайжан билігі оларды «ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері» деп танып, Иран арқылы есірткі тасымалы, тыйым салынған заттарды интернет арқылы тарату және кибералаяқтық жасады деп күдіктеніп отыр. Сот залында түсірілген суреттерде ұсталғандардың кейбірінің бет-жүзінде соққы іздері байқалады: біреуінің бетінде қан іздері бар, ал қалғандарында көгерген және жарақаттанған жерлер анық көрінеді. Тұтқындалғандар арасында кәсіпкерлер мен IT мамандар бар «Маңызды оқиғалар» басылымының мәліметінше, ұсталғандардың арасында 41 жастағы IT-кәсіпкер Антон Драчев, Санкт-Петербургтен келген 30 жастағы бағдарламашы Дмитрий Безуглый және Череповец қаласынан 23 жастағы…
Автор: qaztimes
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) өзіне мүше елдердегі кез келген қауіп-қатерге тойтарыс бере алады. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Sputnik Қырғызстан агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді. «ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетіне жедел ден қою күштері, бітімгершілік пен авиациялық бөлімшелер және өңірлік топтар кіреді. Бұл құрылымдар кез келген агрессияны тойтаруға және ықтимал тәуекелдерді жедел бейтараптандыруға жеткілікті», — деді Тасмағамбетов. Ұйым басшысы атап өткендей, ҰҚШҰ терроризм, экстремизм, есірткі саудасы, заңсыз көші-қон, азық-түлік пен ресурстар тапшылығы, биологиялық және киберқауіпсіздік бағыттарындағы қауіптерге тұрақты түрде оқу-жаттығулар өткізеді. «Бұл сын-қатерлерге қарсы тұру үшін мүше мемлекеттердің бірлескен іс-қимылы қажет. ҰҚШҰ бұл қауіптерді тиімді жоюға қажетті құралдардың барлығына ие»,…
Алматыда 16 жастағы Өзбекстан азаматы Амиров Ядгор 10 маусым күні із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды SteppeNews волонтерлік LIDER.KZ ұйымының Instagram парақшасына сілтеме жасап. 2009 жылы туған жасөспірім соңғы рет таңғы сағат 09:30 шамасында Наурызбай ауданы, Қарғалы ықшамауданы, Редько көшесі, 6-үйден шығып кеткен. Содан бері одан еш хабар жоқ. Белгілері: бойы — 160 см, дене бітімі — арық, шашы — қара, қысқа, көзі — қоңыр. Қол саусағында мең бар. Киімі: сұр түсті кепка, ақ жейде, көк джинсы шалбар, қара кроссовка. Кез келген ақпарат маңызды. Жасөспірім туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден құқық қорғау органдарына немесе LIDER.KZ еріктілеріне хабарласу сұралады.
Маусым айының қорытындысы бойынша Ұлттық қордан $800 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферттер бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, — деп хабарлайды SteppeNews.kz тілшісі ҚР Ұлтты банкіне сілтеме жасап. Маусым айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 519,73 теңгеге дейін 1,7%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 238 млн АҚШ долларынан 235 млн АҚШ долларына дейін азайды. Жалпы сауда-саттық көлемі 4,7 млрд АҚШ долларын құрады. « Маусымда Ұлттық қордан 800 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферттер бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 17%-ын немесе күніне…
Соңғы бірнеше күнде Түркияда 342 орман өртi тіркелді, оның 6-уы әлі өшіріліген жоқ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы және орман министрі Ибрагим Юмаклы мәлімдеді,- деп хабарлайды SteppeNews.kz тілшісі Turknws-ке сілтеме жасап . « Соңғы күндері 342 өрт шықты, олардың қаупі жоғары. Бұдан бөлек әлі есепке алынбаған шағын өрт ошақтары бар. Қазір Адана провинциясындағы өрт бақылауға алынған. Маниса, Измир, Хатай провинцияларында алты орман өрті әлі сөнген жоқ. Измирде сөндіру жағдайы жеңілдеді, бірқатар аудандарда орманды суыту және оттың таралуын алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады министр. Министр өрт сөндірушілердің жұмысына желдің кедергі келтіріп жатқанын айтты. Өткен аптада басталған өрт елдің батысындағы…
Мемлекет басшысы Руанда Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды SteppeNews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамены Руанда Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. «Біз еліңізді Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз. Бұл тұста, Қазақстан мен Руанда арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қатынастардың тұғыры берік, әлеуеті зор екенін ерекше қанағатпен атап өтемін», – деп жазылған жеделхатта.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы басшысы Ақмәди Сарбасов ұсталды. Мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі растады. «Министрлік тергеу органдарына белгіленген тәртіп бойынша қолдау көрсетуде. Тергеу барысына қатысты барлық сұрақ уәкілетті органдардың құзыретінде», — деп мәлімдеді ведомство. Айта кетсек, бұрынғы вице-министр Сарбасов Еңбек министрлігінде 2005 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол 2025 жылы министрлікке қарасты құрылым – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның басшысы лауазымына тағайындалған болатын.
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер, шетелдік банктердің филиалдары, Қазақстан даму банкі және Қазпошта 2025 жылғы 1 шілдеден бастап барлық банк шоттары туралы есепті Ұлттық банкке тапсыруға міндеттеледі. Бұл туралы тиісті қаулыда айтылған, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Қандай шоттар бақылауға алынады? Есептілік тек депозиттерге ғана емес, барлық банктік шоттарға қатысты болады: ағымдағы шоттар; мерзімді және жинақ салымдары; жеке кәсіпкерлердің шоттары; инвестициялық және шартты депозиттер; ұлттық және шетел валютасындағы шоттар, тіпті нөлдік қалдықпен. Банк есепті мынандай жағдайларда тапсырады: шот ашылғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде; клиент деректері өзгерген жағдайда; жаңа шарт жасалғанда. Қандай деректер тапсырылады? Ұлттық банкке жіберілетін жан-жақты есеп келесі ақпаратты қамтиды: шот…
Киік етінің химиялық құрамы мен денсаулыққа әсері зерттелді. Оны жеуге бола ма және кімдерге пайдалы — мамандар түсіндірді. Киік еті не үшін зерттелді? Қазақстанда киіктердің саны күрт өскен. Қазір олардың саны 3,9 миллионнан асты, бұл кеңес дәуірімен салыстырғанда үш есе көп. Фермерлер киіктердің егістік алқаптарына зиян келтіріп, малды ығыстырып жатқанын айтып, олардың санын реттеуді талап етті. Осыған байланысты Экология министрлігінің тапсырысымен Қазақ тағамтану академиясы киік етінің құрамын зерттеді. Ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша киік етін функционалды азық ретінде пайдалануға болатыны анықталды. Киік еті — табиғи ақуыз бен дәрумен көзі Академия президенті, медицина ғылымдарының докторы Алмаз Шарман былай дейді: «Киік еті —…
Теңге бағамының әлсіреу себептері Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, 2025 жылғы маусым айында теңге АҚШ долларына шаққанда 1,7%-ға әлсіреп, 1 доллар – 519,73 теңге деңгейіне жетті. Сонымен қатар KASE биржасындағы орташа күндік сауда көлемі 238 млн доллардан 235 млн долларға дейін азайған. Жалпы сауда көлемі 4,7 млрд долларды құрады. Ұлттық банк атап өткендей, теңге бағамының алдағы уақыттағы өзгерістері мынадай факторларға байланысты болады: нарық қатысушыларының күтулері, тоқсандық салық төлемдері, жаһандық нарықтардағы жағдай, геосаяси ахуалдың өзгерісі. Ұлттық банк икемді бағам қалыптастыру режимін ұстануды жалғастырады. Бұл режим экономикалық теңгерімсіздіктердің алдын алып, елдің алтын-валюта резервтерін сақтауға мүмкіндік береді. Ұлттық қордан валюта сату көлемі Маусым айында…