Автор: qaztimes

Президент елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) штаб-пәтерінің ашылу рәсімінде сөз сөйлеп, елімізде энергетика, көлік және цифрландыру салаларындағы инфрақұрылымды жаппай дамыту үшін қабылданып жатқан шараларға тоқталды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. — Қазақстан халықаралық серіктестермен бірге теміржол және автокөлік дәліздерін, теңіз порттарын, жалпы транзит және логистика саласын жаңғыртуды белсенді түрде қолға алды. Цифрлық трансформация мен жасанды интеллект — еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі. Біз Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдырғымыз келеді. Өйткені жасанды интеллект өсімі инновация мен цифрлық дербестіктің негізгі қозғаушы күші болады. Осы стратегиялық маңызы зор салаға күш-жігерімізді жұмылдыру үшін Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес құрдық. Көп ұзамай қуатты…

Read More

ChatGPT іске қосылғалы бері еңбек нарығы түбегейлі өзгерді. Британдық басылымдардың жазуынша, IT саласындағы бос жұмыс орындарының үштен бірі жойылып кеткен. Жас мамандар — әсіресе стажерлер мен джунлар үшін жұмыс табу күннен-күнге қиындап барады. Ірі компаниялар нейрожелілерді шығынды қысқарту және қызметкерлер санын азайту мақсатында ашық түрде қолдана бастады. Ең үлкен соққы ритейл секторына тиді. 2022 жылдың қарашасынан 2025 жылдың мамырына дейін бұл саладағы бос жұмыс орындарының саны 78%-ға азайған. Бұрын ондаған адам еңбек еткен бөлімдерде қазір алгоритмдер жұмыс істеп жатыр. «Вакансиялар азайып барады, талаптар өсіп жатыр, ал бәсеке күшейе түсуде», — дейді сарапшылар. Бір диплом жеткіліксіз Аналитиктердің пікірінше, біз «болашақ» деп…

Read More

2022–2024 жылдар аралығында 4 миллиард теңге көлемінде бюджет қаржысы жұмсалғанымен, 11 спорт түрінен бірде-бір медаль алынбаған. Бұл туралы Алихан Смайылов төрағалық ететін Жоғарғы аудиторлық палата ресми мәлімдеді. Тексеру нәтижелері Қазақстандағы спорттық резерв даярлау жүйесінің тиімділігі төмен екенін көрсетті. Аудиторлардың айтуынша, салада бірқатар маңызды мәселелер бар: ДЮСШ-қа (балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері) қабылдау үдерісі ашық емес; Спортшылар мен жаттықтырушылар бойынша бірыңғай цифрлық есеп жүргізілмейді; Медициналық бақылау жүйесі ескірген әрі барлық спортшыларды қамтымайды. Жоғарғы аудиторлық палата бұл олқылықтар еліміздегі бұқаралық және кәсіби спорттың дамуына айтарлықтай кедергі келтіріп отырғанын атап өтті. Алихан Смайыловтың пікірінше, спорт саласына бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағалайтын қатаң жүйе…

Read More

2025 жылғы 27 маусымда Ұлыбританияның Сыртқы істер, достастық және даму министрлігі Қазақстанда жұмыс істейтін компанияларға арналған арнайы нұсқаулық жариялап, Ресейге қарсы енгізілген санкцияларды айналып өтпеу қажеттігін ресми түрде ескертті. Құжатта Қазақстан бизнесінің санкция салынған ресейлік тұлғалармен немесе ұйымдармен жұмыс істеу қаупі ерекше аталады. Ұлыбритания Қазақстандағы кәсіпорындарды өз серіктестері мен транзакцияларын мұқият тексеруге, тауарлардың соңғы тұтынушысын нақты анықтауға және санкцияланған елдермен байланысты болдырмауға шақырады. Неліктен бұл маңызды? Ұлыбритания және оның одақтастары – АҚШ пен ЕО – Ресейдің Украинаға басып кіруіне жауап ретінде бұрын-соңды болмаған көлемде санкциялар енгізген. Аталған шектеулер әскери және қос мақсаттағы технологиялардан бастап, энергетика, металл және зергерлік тауарларға дейінгі…

Read More

Telegram Ресейден кетеді деген жалған ақпараттар желіде тарады. Павел Дуров мән-жайды түсіндірді. Соңғы күндері Telegram-арналарда мессенджердің Ресейден кететіні туралы ақпарат тарады. Бұл жаңалық бастапқыда сатирикалық басылымда әзіл ретінде жарияланған болатын. Алайда, біраз уақыт өткен соң, оны беделді арналар да таратып, әзіл екені туралы ескерту бермеді, деп жазды Telegram негізін қалаушы Павел Дуров. Дуров: «Telegram ешқайда кетіп жатқан жоқ» Павел Дуров өз жазбасында бұл ақпараттың жалған екенін айтып, кейбір арналарға тіпті ресми терістеу белгісін қосуға мәжбүр болғанын жеткізді. Сонымен қатар, кей пабликтер Telegram арнасында фактчекинг функциясы іске қосылды деген ақпарат таратты. Алайда Factcheck.kz порталы бұл функция 2024 жылдың мамырында пайда болғанын,…

Read More

Алматыдағы перзентханада болған сорақы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Зардап шеккен ана ауыр халде жатыр. Алматыда орын алған медициналық қателік елді елең еткізді. Перзентханалардың бірінде босану операциясынан кейін әйелдің ішіне марля (дәке) салфеткасы қалып қойған. Бұл аса ауыр асқынуларға алып келді. Фото: baq.kz 9 ай бойы белгісіз дертпен арпалысқан ана Босанғаннан кейін әйел қатты ауырсынуды сезіне бастаған. Алайда дәрігерлер бұл шағымдарға салғырт қарап, ана мен сәбиді үйіне жіберген. Тек тоғыз ай өткен соң, өзге клиникаларға жүгініп, бірнеше тексеруден кейін ғана қорқынышты шындық анықталған. Пациенттің ішкі құрылысына қалып қойған дәке қабынуға, іріңдеуге және перитонитке алып келген. Ақырында әйелге шұғыл ота жасалып,…

Read More

Казахстандық азаматтың оқиғасы қоғамда қызу талқы тудырды. Енді осындай жағдайда не істеу керектігін бірге білейік. Кейде Kaspi Gold шотыңызға бейтаныс біреуден ақша түсіп кетуі мүмкін. Мұндай сәтте не істеу керек? Ақшаны өзіңізге қалдырсаңыз бола ма? Finratings.kz сарапшылары банк кеңестеріне сүйене отырып, бұл сұраққа нақты жауап берді. Фото: finratings.kz «Банкіме хабарласып, аударымды кері қайтардым»: Адалдық үлгісін көрсеткен азамат Қазақстандық әлеуметтік желі қолданушысы Threads желісінде baygaliuli атты азамат Kaspi.kz шотына бейтаныс біреуден 120 000 теңге түскенін жазды. «Kaspi шотыма 120 мың теңге түсіп кетті. Ешкім хабарласпаған соң, банкке қоңырау шалып, мән-жайды түсіндірдім. Оператор “Аударымды қайтару” функциясы бар екенін айтты. Мен ойланбастан соны…

Read More

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Орал қаласының тұрғындарына лицензиясыз микрокаржылық қызмет көрсеткен тұлғалар тобына қатысты тергеу жүргізуде, — деп хабарлайды SteppeNews.kz Бес жыл бойы күдіктілер «Жылдам ақша» деген атаумен кеңінен тараған филиалдар желісі арқылы азаматтармен жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асатын микроқаржы келісімшарттарын жасаған. Несиенің пайыздары бөлек шарт арқылы «кеңес беру қызметі» ретінде көрсетілген. Бұл қызметтер күдіктінің туысына тіркелген, олармен байланысы бар ЖШС арқылы рәсімделіп отырған. Қарыз алушылар күнсайын 1,5% төлеуге мәжбүр болған, бұл заңмен белгіленген шекті мөлшерлемеден 0,3% яғни  бес есеге артық. Аталған заңсыз микроқаржы ұйымы арқылы 47 мыңнан астам қарыз жоғары пайызбен берілген. Алдын ала мәлімет…

Read More

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті жаңа ведомствоға қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды SteppeNews.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2025 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды. Жаңа ведомство – «ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі». «Осыған байланысты Комитетпен бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық іс-шаралары жүзеге асырылып жатыр. Құқықтар мен міндеттемелердің құқықтық мирасқорлығы рәсімдері аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады», — делінген хабарламада.

Read More

1 шілде күні әзербайжандық Minval басылымы 2024 жылдың 25 желтоқсанында Грозныйға жақындаған кезде құлатылған Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 жолаушылар ұшағына байланысты ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ПВО) капитаны Дмитрий Паладичуктің түсіндірме хатын жариялады. Minval басылымының мәліметінше, редакцияға «анонимді дереккөзден сенсациялық материалдар» келіп түскен. Олардың арасында Паладичуктің жазбаша түсіндірмесімен қатар, шабуыл сәтінде түсірілген видео және аудиожазбалар да болған. Хат мәтінінде Embraer 190 ұшағы нақты аталмағанымен, ПВО капитаны тұман салдарынан көзге көрінбеген «потенциалды нысана» туралы баяндайды. Ол нысанның биіктігі мен жылдамдығын 51-дивизияның әскери командалық пунктіне баяндаған. Телефон арқылы алынған бұйрық бойынша, капитан нысананы жоюға пәрмен беріп, операторға оқ атуға бұйырған.…

Read More