Тергеу аясында кәсіпорында негізгі басшылық қызметтерді атқарған 3 адам ұсталды. Сот шешімімен барлық тұлға кінәлі деп танылып, әртүрлі жаза түрі тағайындалды. Атап айтқанда, кәсіпорын басшыларының бірі бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Соттың қылмыстық істі мәні бойынша қаралу барысында, сотталғандар 261 млн теңге көлемінде шығынды өтеген. Бұған дейін, Маңғыстауда «Oil Services Company» компаниясы бас директорының орынбасары 7 жылға сотталған болатын.
Автор: qaztimes
Айта кетейік, бұған дейін Президентке Көкшетаудағы «Көк шалғын» жобасы таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысында реновация бағдарламасымен жаңа қонысқа көшкен отбасымен әңгімелесті. Сондай-ақ Президент Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарымен танысты.
Компанияның акциялары жыл басынан бері 32%-дан астам өсті, бұл Amazon, Apple, Microsoft, Nvidia, Tesla және Meta кіретін жеті ірі технологиялық компаниядан тұратын «Ғажайып жетілік» деп аталатын топтың ішіндегі ең жақсы көрсеткіш. Осылайша, Alphabet 3 трлн доллар белгісіне жетіп, басқа технология алпауыттары Apple және Microsoft-қа қосылды, ал ЖИ үшін чип өндіруші, әлемдегі ең қымбат компания Nvidia-ның нарықтық капиталдандыруы 4,25 трлн доллар болып отыр. Осы айдың басында АҚШ соты Alphabet-ке Chrome браузері мен Android мобильді операциялық жүйесін бақылауға рұқсат бергеннен кейін инвесторлардың көңіл күйі жақсарды, бұл іздеу және мобильді экожүйелердегі үстемдігі ұзақ уақыт бойы бақылауға алынған компания үшін бетбұрыс болды. Еске сала…
Ұзындығы 409 шақырым болатын магистральді желі арқылы сағатына 32 800 текше метр көгілдір отын тасымалданады. Жобаның жалпы құны – 11,4 миллиард теңге. Фото: Ақорда Еске сала кетейік, 2021 жылы 27 шілде күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қосшыға облыстық маңызы бар қала мәртебесі берілген болатын. Айта кетейік, Президент Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарымен танысты. Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Ақмола облысының Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев саябақта жергілікті зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті.
Байқаудың Армениядан келген әділқазы мүшесі Вреж Киракосян және қатысушысы Саро Геворгян «Бүгін LIVE» бағдарламасына сұхбат беріп, Қазақстаннан алған әсері мен қос халықтың ұқсастықтары туралы айтып берді. Армениялық қонақтар қазақтың ұлттық асханасын ерекше жақсы көретінін жеткізді. Фото: видеодан скрин/Jibek Joly – Мен Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Бұл сапарымды естіген анам міндетті түрде қазақша еттен дәм тату керегін айтты. Маған бәрі ұнап жатыр, осында келгеніме қуаныштымын. Осыдан 4 жыл бұрын «Жаңа толқын» байқауына қатысқанымда қазақстандық MEZZO тобымен танысқанмын. Оларға сәлем жолдаймын. Сол кезде қазақ халқына қызығушылығым оянып, мәдениетімізде өте көп ұқсастық барын байқадым. Тіпті ән шырқағанда милизматикамызға дейін ұқсайды, – дейді…
АҚШ пен Қатар қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың жаңартылған келісімі бойынша келіссөздің соңғы сатысында тұр. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио сейсенбі күні Дохаға ұшар алдында Тель-Авивте тілшілер алдында сөйлеген сөзінде айтты. — Бізде қатарлықтармен тығыз серіктестік бар. Іс жүзінде бізде қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы кеңейтілген келісім бар, ол бойынша біз жұмыс істеп жатырмыз және ол аяқталуға жақын, — деді Рубио. Ол Вашингтонның Қатардан Газа секторындағы атысты тоқтату келіссөзіндегі делдалдық рөлін жалғастыруын күтетінін баса айтты. — Егер бұған көмектесетін ел болса, ол Қатар. Олардың бұған мүмкіндіктері бар, — деп қосты дипломат. Рубионың мәлімдемесі Дохада өтіп жатқан төтенше араб-ислам саммиті тұсында жасалды.…
Саммитте Бахтиёр Саидов Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің жағдайға қатысты мәлімдемесін оқып берді. — Мәлімдемеде президент Өзбекстанның бауырлас Қатар халқымен және барлық мұсылман елдерімен арадағы ынтымақтастыққа ереше назар аударатынын атап өтті. Сондай-ақ, Шавакат Мирзиёев Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін соңғы әскери агрессияны қатаң айыптады, — деп жазды Өзбекстанның Сыртқы істер министрі өзінің Telegram-арнасында. Ведомство басшысы Өзбекстан өзінің мызғымас ұстанымын өзгертпейтінін баса айтты. Оның сөзінше, барлық қақтығыс бейбіт жолмен шешілуі керек. Сонымен бірге, халықаралық қауымдастық зорлық-зомбылықты тоқтату және оның өршуіне жол бермеу үшін шұғыл шара қабылдауы тиіс. — БҰҰ қарарларына сәйкес, Палестина халқының тәуелсіз мемлекет құруға заңды құқығын құрметтеу керек.…
Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылында отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды. Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сүйенсек, 14 жыл некеде тұрған ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалдан кейін күйеуі әйелін аяусыз соққыға жығып, оның өмірін қиған. Артынша өзі асылып қалған. Қайғылы жағдайдан кәмелетке толмаған төрт бала жетім қалды. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. — Алдын ала мәлімет бойынша, жергілікті тұрғын үй жағдайында жұбайына дене жарақатын салған. Салдарынан ол қайтыс болған. Осы оқиғадан соң ер адам қылмыстың себептерін сипаттайтын аудиожазба қалдырып, өзін-өзі өлтірген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар атқарылып жатыр, — делінген Түркістан облысы Полиция…
– Бұл – менің тәжірибемдегі алғашқы психологиялық бағдарлама және ұсынысты қуана қабыл алдым. Жоба күн сайын сағат 16:00 мен 18:00 аралығында тікелей эфирде өтеді. Онда көрермендер анонимді түрде ішкі толғаныстарымен бөлісіп, кәсіби психологтан кеңес ала алады. Кейде адамға бар болғаны жылы сөз жетпей жатады. Біз әр көрерменнің жанайқайына құлақ асып, қолдау көрсетуге тырысамыз. Эфирде мен модератор рөлінде боламын, көрермен сауалын кәсіби маманға жолдаймын», – деді Дәулет Бижанов. Бағдарлама отбасы, қарым-қатынас, бала тәрбиесі, құмар ойынға тәуелділік сынды өмірлік маңызды тақырыптарды қозғайды. Оның алғашқы шығарылымы отбасы құндылықтарына арналған. Фото: Jibek Joly телеарнасы бағдарламасынан алынған скрин ы Жобаның тағы бір ерекшелігі – көрерменнің…
Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның қабылдануы азаматтардың құқықтарын қорғау ісінде маңызды қадам болды. — Бұл заңдағы басты жаңалықтардың бірі — «сталкинг» үшін қылмыстық жауапкершіліктің енгізілуі. Сталкинг — бұл зорлық-зомбылық қолданылмаса да, адамның психологиялық жағдайына елеулі зиян келтіретін, еркінен тыс тұрақты түрде қудалау, артынан қалмау әрекеттері. Сталкингке мынадай іс-әрекеттер жатады: айтарлықтай зиян келтіріп, адамның жеке шекарасын бұзып, еркінен тыс оның ізіне түсу, қайта-қайта телефон соғу, интернет арқылы бақылаумен қорқыныш немесе алаңдаушылық сезімін тудыру. Енді мұндай әрекеттер үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу,…