Ұйымның мәлімдеуінше, озон қабатының қалпына келуіне табиғи атмосфералық құбылыстар, сонымен қатар бұрын тоңазытқыштар, кондиционерлер, өрт сөндіргіш көбік пен шашқа арналған лак өндірісінде қолданылған озон қабатын бұзатын заттардан біртіндеп бас тарту әсер еткен көрінеді. Метеорологтердің 2022 жылғы есептеулеріне қарағанда, озон қабаты осы ғасырдың ортасына дейін 1980-жылдар деңгейіне жетуі мүмкін. Арктика үстінде – 2045 жылға дейін, ал Антарктика үстінде – 2066 жылға дейін қалпына келеді деп болжанып отыр. Жер атмосферасындағы озон қабатының бұзылуы ғаламшар бетінде зиянды ультракүлгін сәулеленудің көбеюіне әкеледі. Бұл адамда тері қатерлі ісігі мен катаракта ауруларының артуына, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың зардап шегуіне себеп болады. Бұдан бұрын қытайлық ғалымдар ғаламшараралық…
Автор: qaztimes
Іс-шараға Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысының диқандары бейнебайланыс режимінде қатысты. Фото: Ақорда Президент Ақмола облысына егін жинау науқанының барысымен танысу үшін арнайы келгенін айтты. – Егіс алқабындағы жұмыстарды уақтылы аяқтап, астықты дер кезінде жинап алу қажет. Еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі, ішкі нарықтың тұрақтылығы осы жұмысқа тікелей байланысты. Астық жинау науқанын ойдағыдай жүзеге асырсақ, экспорттық әлеуетіміз де мықты болмақ, яғни шетелге мол өнім шығара аламыз. Былтыр елімізде ауыл шаруашылығы саласы үшін табысты жыл болды. Шаруалар табанды еңбек етіп, астық жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Осының бәрі агротехнологияны дұрыс қолданудың нәтижесі деуге болады. Соның арқасында ауыл шаруашылығы бойынша өнім көлемінің өсімі басқа…
Форумды Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Чжэн Цзяньбан салтанатты түрде ашты. Сондай-ақ ҚКП провинциялық комитетінің хатшысы Ван Ниң, ҚКП ОК насихат бөлімі жетекшісінің орынбасары Ван Ган, «Жэньминь Жибао» газетінің президенті Юй Шаолян және басқа да жетекшілер құттықтау сөз сөйледі. Форум барысында «Бір белдеу, бір жол» бастамасының халықаралық ынтымақтастықты тереңдетудегі рөлі талқыланды. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің жақында ШЫҰ+ саммитінде сөйлеген сөзінде әділдік, теңдік және тұрақты дамуға бағытталған жаһандық басқарудың жаңа тәсілдерін ұсынғаны ерекше атап өтілді. Фото: Берік Табынбаев/Kazinform Іс-шараның өзекті тақырыптарының бірі көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту болды. ҚХР Көлік вице-министрі Ли Ян Транскаспий халықаралық көлік бағытының Қытай-Еуропа бағытындағы тасымалдауды…
Статистикалық мәліметтер Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, облыстың ауданы 146,2 мың шаршы шақырымды құрайды. Аймақ Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарымен шектеседі. Ол 17 ауданға және облыстық маңызы бар үш қалаға бөлінген, соның ішінде бір моноқала — Степногорск бар. Фото: Ақмола облысының әкімдігі Ақмола облысында алтын, уран, боксит, сурьма, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құмы, құрылыс материалдары, т. б. өндіріледі. Фото: Jibek Joly Облыстың рекреациялық және туристік әлеуеті де жоғары — Щучье-Бурабай курорттық аймағы, Зеренді курорттық аймағы, Қорғалжын қорығы биологиялық резерваты. Фото: Kazinform Халық және демография Ұлттық статистикалық бюроның мәліметінше, Ақмола облысы халқының саны 2025 жылғы…
Атап айтқанда, білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларын, жалпы білім берудің барлық деңгейіндегі бағдарламаларды, сондай-ақ техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қабылдау тәртібін бекіту министрлікке тапсырылды. Аталған тізімге олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернаттар мен колледждер, сондай-ақ спортқа бейім дарынды балаларға арналған республикалық, облыстық және астаналық мектеп-интернаттар кірмейді. Сонымен қатар ведомство білім беру саласындағы өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау қағидаларын әзірлеп, бекітумен айналысады. Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі, орта, техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі және қосымша білім беру жүйесінде, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау саласында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларын қабылдап, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады. Қаулы күшіне енді. Бұған…
139 елдің экономикасын қамтитын Жаһандық инновация индексінде (GII), 78 көрсеткіш негізінде рейтинг жасалады. Осы жолы Қытай 10-шы орынға табан тіреді. Ал Германия 11-ші орында тұр. Бейжің зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (НИОКР) белсенді инвестиция салып келеді, деп жазады Reuters. GII мәліметтері бойынша Қытай ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға ең көп шығын салатын елдердің қатарында. Швейцария 2011 жылдан бері үздік бірінші орында қалып отыр, тізімді Швеция мен АҚШ жалғастырады. 2024 жылы халықаралық патенттік өтінімдердің шамамен төрттен бірі Қытайға тиесілі болды, бұл оны ең үлкен патент беруші елге айналдырды. АҚШ, Жапония және Германия — жалпы патенттік өтінімдердің 40%-ын құрайтын елдер — сәл төмендеген. Патенттерге…
Комитет басшысы ұлттық құраманың алдағы жоспарларын да атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі жеңістер Қазақстан боксының дұрыс бағытта дамып келе жатқанын көрсетеді. Еліміздің құрама командасы тәжірибелі, техникалық тұрғыда сапалы бокс көрсете білді. Бірақ біз қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмаймыз. Алдағы басты міндет – 2026 жылғы Азия ойындары мен 2028 жылғы Олимпиада ойындары. Қазіргі уақытта жоспарлы дайындықты бастап кеттік, қателіктерді сараптап, алға жылжимыз, – деді Есеналин. Сонымен қатар Руслан Есеналин бапкерлік штабтың, соның ішінде шақырылған шетелдік мамандардың еңбегін ерекше атап өтті. – Камачо бастаған сарапшылардың жетекшілігімен жүргізілген функционалдық дайындық боксшыларымыздың үшінші раундта да қарқынын жоғалтпай, физикалық тұрғыдан дайын болуына ықпал етті. Демек,…
Сапар бағдарламасы Ұлыбританияға мемлекеттік сапар — бұл шетелдік көшбасшыны протоколдық қабылдаудың ең жоғары деңгейдегі рәсімі. Ол екіжақты қарым-қатынастардың тереңдігін көрсететін, ал дайындық бірнеше айға созылатын мұқият ұйымдастырылған салтанатты шаралар жиынтығы. Трамп пен оның жұбайы Мелания Лондонға сейсенбі күні кешке келеді. Сәрсенбі күні таңертең оларды Виндзор қамалында күтеді. АҚШ президентін корольді құрметтегендей қарсы алады: зеңбіректен дүркін-дүркін оқ атылып, гвардия қарауылы сап түзейді, көптеген ту тігіліп, оркестр мен волынкашылар өнер көрсетеді, жойғыш ұшақтар ұшып өтіп, салтанатты түскі ас пен кешкі банкет ұйымдастырылады. Ұлыбритания ең ірі сауда әріптесі саналатын мемлекеттің басшысын ерекше қонақжайлылықпен қарсы алуға дайындалып жатыр. Ұлыбритания сауда-саттығының шамамен 18 пайызы АҚШ-қа…
Соттың мәліметінше, талап арызды қайтыс болған әйелдің немерелері берген. Өсиет бойынша, марқұмның пәтері оның күтушісіне мирасқа қалдырылған еді. Сот отырысы барысында қайтыс болғаннан кейінгі сот-психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, невропатолог, психиатр және кардиолог мамандарының қорытындылары ұсынылды. Сараптама нәтижелері талап қоюшылардың дәлелдерін растады: өсиет жасалған сәтте әйел өз әрекеттерінің мәнін толық бағалай алмаған. Тараптар сот процесі барысында өзара тиімді шешімге келіп, медиациялық келісім жасасты. Келісімнің шарттары тараптардың ешқайсының құқықтарын бұзған жоқ. Өсиеттің жарамсыз деп танылуына байланысты мұрагерлік заң бойынша жүзеге асырылатын болды. Сонымен қатар, күтушінің марқұмға қарызын немерелері кешіруге шешім қабылдады. Олар қарызды күтушінің көрсеткен еңбегі мен қызметіне өтем ретінде қарастыратынын…
— 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне дропперлік үшін жауапкершілікті қарастыратын жаңа 232-1-бабы енгізілді. Банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оны беру немесе алу, сондай-ақ заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру, оның ішінде материалдық сыйақы үшін үшінші тұлғаларға банк картасын беру әрекеттері дропперлік болып саналады, — деп ескертті Ішкі істер министрлігі. Бұл әрекет интернет-алаяқтықтың негізгі әдістерінің бірі және ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мен шығару үшін қолданылады. Іс-әрекеттің ауырлығына, сипатына және алынған пайда мөлшеріне қарай 232-1-бап айыппұлдан бастап, мүлікті тәркілей отырып 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Аталған норма кибералаяқтыққа қарсы жүйелі күресті,…