Жаңалықтар

Маңғыстауда мұнай-газ компаниясының басшылары 261 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды

Тергеу аясында кәсіпорында негізгі басшылық қызметтерді атқарған 3 адам ұсталды.

Сот шешімімен барлық тұлға кінәлі деп танылып, әртүрлі жаза түрі тағайындалды.

Атап айтқанда, кәсіпорын басшыларының бірі бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Соттың қылмыстық істі мәні бойынша қаралу барысында, сотталғандар 261 млн теңге көлемінде шығынды өтеген.

Бұған дейін, Маңғыстауда «Oil Services Company» компаниясы бас директорының орынбасары 7 жылға сотталған болатын.

Добавить комментарий