Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қалалық департаменті «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына қатысты тергеуді аяқтап, нарықтағы басымдықты теріс пайдалану деректерін анықтады. Ведомствоның мәліметінше, ӘКК Шымкенттің индустриалды аймақтарында орналасқан кәсіпорындарға электр энергиясын жеткізу бойынша «Казсбытгрупп» ЖШС-мен келісімшарт жасаған. Келісімшарт шарттарына сәйкес, серіктестіктің кірісінің 50%-дан астамы акционерлік қоғам пайдасына аударылған. — ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 4) және 10) тармақшаларына сәйкес, нарықта басым немесе монополиялық жағдайға ие субъектілерге нарыққа қолжетімділікті шектеуге, бәсекелестікті жоюға немесе өзге қатысушылардың мүдделеріне қайшы әрекеттер жасауға тыйым салынады, — деп атап өтті департамент. Тергеу қорытындысы бойынша іс материалдары сотқа жолданды. Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыының қаулысымен «Shymkent» ӘКК кінәлі деп…
Автор: qaztimes
— 12-16 қыркүйек аралығында Ұлытау облысы Жезқазған қаласында өткен Ж.Хаджиев атындағы IV халықаралық театр фестивалінде Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының құрамындағы «Дариға-ай» жастар театры фестивальдің бас жүлдесі мен «Үздік спектакль» номинациясына ие болды. Бұл жеңіс — жас ұжымның кәсіби шеберлігінің, тынымсыз еңбегінің және өнерге деген адалдығының жарқын дәлелі, — делінген облыс әкімдігінің хабарламасында. Фото: Абай облысының әкімдігі Фото: Абай облысының әкімдігі Ал бүгін Талдықорған қаласында өтіп жатқан «БИКЕН FEST» III халықаралық театр фестивалінде Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры сахналаған «Абай айтқан «Еңлік — Кебек» спектаклі бас жүлдемен марапатталды. Фото: Абай облысының әкімдігі
Әлеуметтік желілерде әуежайда музыканттарды жылы шыраймен қарсы алған сәттердің кадрлары тарады. Әртістерге сый-сияпат көрсетіліп, қазақы тақия мен «Қазақстан» шоколады табыс етілді. Еске салайық, көптен күткен концерт 19-қыркүйекте қаланың Орталық стадионында өтеді. Бұл іс-шараға шамамен 27 мың көрермен жиналады деп жоспарланған. Концерт кезінде тәртіпті қадағалау үшін 2100-ден астам полиция қызметкері, 500 ұлттық гвардия әскері және 200 күзетші жұмылдырылады. Алматы әкімдігі басты назар қауіпсіздікке, көрермендердің жайлылығына және ұйымдастыру сапасына аударылатынын хабарлады.
Германия соты Сирия азаматының баспана беруден бас тарту туралы шешімге қарсы шағымын қанағаттандырмады. Сот құжатында көрсетілгендей, ер адамға Асад режимі, Дамаскідегі уақытша үкімет немесе елдің солтүстік пен шығысындағы күрдтердің өзін-өзі басқару әкімшілігі тарапынан қудалау қаупі жоқ. Судьялардың пікірінше, арызданушы азаматқа Отанында әскери әрекеттердің салдарынан зардап шегіп немесе мерт болу, сондай-ақ өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерінен қауіп төніп тұрған жоқ. Бұдан бөлек, ол Сирияда туыстарымен бірге тұра алады және біраз уақыт өзін елге оралғандарға арналған қолдау бағдарламалары аясындағы төлемдер мен заттай көмектің есебінен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар. Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ, арызданушыға апелляция беру құқығы сақталады. Ол бастапқыда Германиядан…
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту минитсрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Құжат Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасы аясында әзірленіп, білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңіне айналды. Алғаш рет білім беру саласында жасанды интеллектіні қолданудың бірыңғай ұлттық стандарттары бекітіліп, оған этика, құқықтық реттеу, дербес деректерді қорғау және академиялық адалдық мәселелері енгізілді. Бұл тұжырымдама мектептерді ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын да қамтиды. Ол жасанды интеллектке арналған арнайы тақырыптарды оқу процесіне енгізуді, заманауи цифрлық оқулықтар шығаруды, оқушылардың ЖИ бойынша сауаттылығын қалыптастыруды және олардың жобалық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауды көздейді. Сонымен қатар, педагогтердің кәсіби деңгейін Acquire → Deepen → Create үшсатылы үлгісі…
Дәрігерлер 72 жастағы әйелдің оң жақ аналық безінен салмағы 5 килограмм болатын ісікті алды. — Жалпы әйелдерде түрлі жағдайларға байланысты әртүрлі киста кездеседі. Аналық без кистасы — аналық без құрылымында пайда болып, оның көлемін бірнеше есе арттыратын сұйықтық немесе жартылай сұйық құрамы бар көпіршік тәрізді масса. Біз пациентке лапоротомиялық әдіспен ота жасадық. Ол кісі ауру жанына батса да осыған дейін шыдап жүре берген. Мұндай жағдай әртүрлі жаста кездесе береді. Тіпті жақында 18 жастағы қыздан да алынды, — деді гинеколог дәрігер Айдос Қамзиев. Отаны хирург дәрігер, PhD, аурухана басшысының хирургия жөніндегі орынбасары Ербол Серікұлы бастаған мамандар жасады. Пациент отадан кейін палатаға…
— Қазір уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп тұжырымдама әзірленіп жатыр. Онда қорды қалыптастыру көздері, оны жинақтау және пайдалану тетіктері, сондай-ақ тәуекелдерді басқару мен активтердің тәуекел-профилін айқындау тәсілдері қарастырылады. Ерекше назар халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, криптовалюта нарығының құбылмалылығын есепке алу арқылы қорларды (крипторезервті) басқарудың ашықтығы, есептілігі және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне аударылады, — деп жазылған Kazinform сауалына жолдаған жауапта. Демек, әзірге крипторезерв ретінде нарықтағы қандай криптовалюталардан қор жинақтау көзделіп отырғаны әлі белгісіз. Сондай-ақ, крипторезерв қалыптастыруға қандай көзден қаражат алынатыны, Ұлттық қордың, БЖЗҚ-ның қаражатын жұмсау ықтималдығы да нақтыланбаған. — Қорды құру мерзімдері мен оның жұмыс істеу тәртібі тиісті тұжырымдамада белгіленеді, — деп жазады…
ЕСІМДЕР 54 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ дүниеге келген. Фото: Gov.kz Қарағанды облысында туған. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы. Еңбек жолы: 1988-1989 жылдары Қарағанды облыстық балалар кітапханасының кітапханашысы, 1994-1995 жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, 1995-1996 жылдары бөлім меңгерушісінің м. а., 1997 жылы институт директорының орынбасары (Алматы), ҚР Баспасөз және бүқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінің Бұқаралық ақпарат құралдары, сараптамалық-талдау жұмысы және баспасөздегі заңнаманың сақталуын бақылау жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары (Алматы), ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Талдау, жоспарлау және реформаларды насихаттау…
Бұл күні Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы өз алаңында Италияның «Аталантасын» 4:0 есебімен жеңді. Олардың қатарынан Маркиньос 3-минутта есеп ашса, одан кейін Хвича Кварацхелия 39, Нуну Мендеш 51, Гонсалу Рамуш 91-минутта мергендік танытты. Сондай-ақ Англияның «Ливерпулі» Испанияның «Атлетико Мадридін» 3:2, Германияның «Бавариясы» Англияның «Челсиін» 3:1, Италияның «Интері» Нидерландтың «Аяксын» 2:0 есебімен жеңді. Ал «Славия» (Чехия) мен «Бодо-Глимт» (Норвегия) 2:2, «Олимпиакос Пирей» (Грекия) мен «Пафос» (Кипр) 0:0 есебімен тең ойнады. Енді 18 қыркүйекте «Брюгге» (Бельгия) мен «Монако» (Франция), «Копенгаген» (Дания) мен «Байер» (Германия), «Манчестер Сити» (Англия) мен «Наполи» (Италия), «Ньюкасл Юнайтед» (Англия) мен «Барселона» (Испания), «Спортинг Лиссабон» (Португалия) мен «Қайрат» (Қазақстан), «Айнтрахт»…
Сәрсенбі күні гуманитарлық ұйымдар коалициясы әлемдік қауымдастыққа үндеу жолдап, Израильдің Газа қаласындағы әскери әрекеттерін тоқтатуды талап етті. Арасында Save the Children, Oxfam, Islamic Relief, Norwegian Refugee Council және тағы басқа 20-дан астам халықаралық ұйым қол қойған бұл құжатта Газа секторындағы жағдай «көп көрмеген гуманитарлық апат» деп сипатталған. We stand alongside more than 20 major aid agencies working in #Gaza in calling on world leaders to urgently intervene after a UN commission concluded, for the first time, that genocide is being committed.Joint statement ⬇️ https://t.co/Wpv5kA9Hus — Norwegian Refugee Council (@NRC_Norway) September 17, 2025 Бұл үндеу БҰҰ-ның арнайы комиссиясы Газа секторындағы жағдайдан…