ЕСІМДЕР
54 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ дүниеге келген.

Қарағанды облысында туған. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы.
Еңбек жолы: 1988-1989 жылдары Қарағанды облыстық балалар кітапханасының кітапханашысы, 1994-1995 жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері, 1995-1996 жылдары бөлім меңгерушісінің м. а., 1997 жылы институт директорының орынбасары (Алматы), ҚР Баспасөз және бүқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінің Бұқаралық ақпарат құралдары, сараптамалық-талдау жұмысы және баспасөздегі заңнаманың сақталуын бақылау жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары (Алматы), ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Талдау, жоспарлау және реформаларды насихаттау басқармасының бастығы (Ақмола) болып жұмыс атқарған. 1998-1999 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары (Астана), 1999-2000 жылдары ҚР Қауіпсіздік кеңесі Талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, 2000-2001 жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары, 2001-2002 жылдары Теміртау қаласы әкімінің орынбасары, 2002-2003 жылдары Ұлттық зерттеулер институтының директоры, 2003-2004 жылдары «Ақ жол» ҚДП Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары, 2004-2005 жылдары «Саяси білім беру қоры» Қоғамдық қорының президенті, 2005-2006 жылдары «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлері мен жүмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» ЗТБ атқарушы директорының кеңесшісі, 2006-2007 жылдары «Атамекен» ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры, 2007-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы, 2008 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2008-2010 жылдары Президенттің Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры, 2010 жылы Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі, 2010-2012 жылдары Жезқазған қаласының әкімі, 2012-2013 жылдары Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі, 2013 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, 2017-2019 жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институты директорының кеңесшісі қызметінде болды. 2019-2021 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің штаттан тыс кеңесшісі, ҚР Ұлттық мұрағатының «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі, 2021-2022 жылдары ҚР Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, 2022-2024 жылдары Ұлытау облысының әкімі қызметін атқарған.
Қазіргі қызметінде 2024 жылдың қазан айынан бастап.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.
52 жыл (1973) бұрын «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Қуанышұлы ӘБІЛ дүниеге келді.

Қарағанды облысы Жезқазған қаласында туған. 1995 жылы Жезқазған тау-кен технологиялық институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: 1995-1996 жылдары Жезқазған тау-кен технологиялық институтының «Экономика және кәсіпорындағы басқару» кафедрасының ассистенті, 1996-1997 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тағылымгер-зерттеушісі, 1997-1999 жылдары Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, 1999-2002 жылдары Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, 2002 жылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасының доценті, 2002-2006 жылдары Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Бизнес және кәсіпорындағы менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, 2006 жылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Экономика және құқық» институтының директоры, 2006-2012 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының «Экономика және қаржы» кафедрасының доценті, 2012-2013 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институтының «Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы меңгерушісінің м. а., 2013-2016 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институтының «Экономиканы басқару» кафедрасы меңгерушісінің м. а., 2016-2017 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институты директорының м. а., 2017-2019 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Басқару институтының директоры болды. 2019-2025 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметіне 2025 жылдың маусым айында кірісті.
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі бар. Британдық PRINCE2® жобаларды басқару әдісінің, сондай-ақ жобалар, бағдарламалар және портфолио менеджменті саласындағы ҚР СТ ISO 21500/21503/21504 ұлттық стандартының аккредиттелген тренері.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды (2020).
51 жыл бұрын (1974) Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Мұхит Бақытұлы ӘЗІРБАЕВ дүниеге келді.

1997 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын (бүгінде Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университеті) бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Алматы және Атырау қалаларындағы «АБН АМРО Банк» (Голландия) еншілес банкінде бастады, 5 жыл ішінде валюталық бақылау бөлімінің бастығы болды. 2003-2006 жылдары Астана қаласында «Қуат-Агро» агрохолдинг компаниясының бас директоры, 2006-2009 жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ лизинг бөлімнің бастығы және корпоративтік қатынастар департаментінің директоры, 2009-2017 жылдары «Global Building Contract» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы, 2017-2019 жылдары «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы, 2019 жылы Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы, 2019-2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне — 20 жыл» медалімен, Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
51 жыл бұрын (1974) Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ержан Іргебайұлы СЕЙТЕНОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған ауылында туған. 1995 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін құқықтану мамандығы бойынша, 1997 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін қаржы мамандығы бойынша, 2005 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін құқықтану магистрі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1990-1991 жылдары Жаңақорған ЖБК-11 жұмысшысы, 2000-2002 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті Заң бөлімі деканының орынбасары, 2002-2003 жылдары «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ Заң басқармасының бас менеджері, 2003 жылы «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ проблемалық несиелер басқармасының бастығы, 2003-2004 жылдары «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ заң басқармасының бастығы, 2004 жылы «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК тауар таңбалары мен өнеркәсіп үлгілерін сараптау қызметі басшысының орынбасары, 2004 жылы «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК тауар таңбалары мен өнеркәсіп үлгілерін сараптау қызметінің басшысы, 2004-2005 жылдары «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арнайы бағдарламаларды іске асыру басқармасы басшысының орынбасары, 2005 жылы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ жарнама және аймақтық өкілдермен жұмыс басқармасының басшысы, 2005-2006 жылдары «Алматыны дамыту корпорациясы» АҚ құқықтық-әкімшілік және операциялық мәселелер бойынша басқарушы директоры, 2006 жылы «Алматыны дамыту корпорациясы» АҚ басқармасының төрағасы, 2006-2007 жылдары «Тәртіп финанс» АҚ бас директоры, 2007-2008 жылдары «Біріккен ипотекалық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы, 2008 жылы «Алматы пәтер қызметі» КМК бастығының орынбасары, 2008-2011 жылдары «Алматы пәтер қызметі» КМК бастығы, 2011 жылы «Қазақстан-Жібек жолы» ҰҚ «Туристік агенттігінің» ЖШС вице-президенті, 2011-2012 жылдары «ҚазТрансГазАймақ» АҚ басқарушы директоры, 2015-2016 жылдары «Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰҚ АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, 2016 жылы Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының м. а., 2016-2019 жылдары Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы, 2019-2020 жылдары Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы, 2020-2021 жылдары Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы, 2021-2023 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі, 2023-2025 жылдары Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2025 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.
38 жыл бұрын (1987) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шарханұлы ШАРХАН дүниеге келді.

Ақтөбе облысы Алға қаласында туған. 2009 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2012 жылы Қазақ экономикасы, коржи жане халықаралық сауда университетін бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе қаласы, «Иран» ЖШС маркетинг жөніндегі бас маманы ретінде бастаған.
Министрліктегі еңбек қызметі 2015 жылдан бастап Астана қаласы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаменті директорының орынбасары лауазымынан басталды.
Одан әрі ҚР ОҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры, ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, «ҚР СІМ Дипломатиялық сервисі» ШЖҚ РМК директорының міндетін уақытша атқарушы, «ҚР СІМ Дипломатиялық сервисі» ШЖҚ РМК директоры, «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысы, «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысы болып қызмет атқарған. 2021-2022 жылдары ҚПИ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры, 2022-2023 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінде болды.
2023 жылғы қазаннан бастап — Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі.
34 жыл бұрын (1990) «Қазақстан бокс федерациясы» қауымдастығының президенті Шахмұрат МҮТӘЛІП дүниеге келді.

Алматы облысы Іле ауданында туған. «Тұран» университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген (2012).
Еңбек жолы: 2008-2015 жылдары «БЕНТ» АҚ шпал өндірісінің механигі, экономист, аға есепші, қаржы директоры, вице-президенті, бірінші вице-президенті, 2016-2017 жылдары «Концерн «Қазақсельмаш» ЖШС директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі, 2017-2020 жылдары «IST Group» ЖШС тәуелсіз директоры, 2020-2021 жылдары «Integra Construction KZ» ЖШС бас директоры, 2021-2024 жылдары «Integra Construction KZ» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарған.
2024 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

