Ресейлік ТАСС агенттігінің органның мерейтойлық 10 000-шы мәжілісінен хабарлауынша, Вашингтон дүниежүзілік ұйымның қарсы дауыс берген жалғыз мүшесі болып отыр. РФ, Қытай, Ұлыбритания мен Франция сияқты ұйымға мүше өзге елдер қарарды қолдап дауыс берді.
Қарардың авторлары Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері Алжир, Дания, Гайана, Пәкістан, Панама, Корея Республикасы, Сьерра-Леоне, Словения мен Сомали болды.
Онда шұғыл, ешқандай шарттарсыз, лайықты түрде кепілдегілерді босату туралы айтылған және Израильді Газаға шұғыл, ешқандай шарттарсыз гуманитарлық көмекті кіргізу үшін барлық шектеулерді алып тастауға шақырады.
Құжат көмектің барлық сектор бойынша еш кедергісіз, қауіпсіз таратылуын және барлық басты қажетті қызметтерді қалпына келтіруді талап етеді.
Айта кетейік, БҰҰ осыған дейін Газада мерт болған палестиналықтар саны ресми көрсеткіштен 10 есе көп болуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Сондай-ақ Халықаралық гуманитарлық ұйымдар Израильдің Газаға шабуылын тоқтатуға шақырды.
БҰҰ комиссиясы Израильдің Газадағы әрекетін геноцид деп таныды.

