Автор: qaztimes

Бұл ойында елордалық клуб сапынан Мейсон Морелли 12, Владимир Волков 13-минутта гол соқса, оған ресейлік клубтан Кирил Пилипенко 5, 34, Никита Кмалов 35-минутта үш голмен жауап қайырды. Қазақстандық клуб осылайша қатарынан екінші мәрте жеңіліп отыр. Олар бұдан бұрын Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасына 1:5 есебімен жол берген еді. Енді астаналық клуб алдағы ойынын 22 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізеді. Айта кетсек, биыл елордалық клубпен АҚШ хоккейшілері Иэн Маккош, Майкл Веккьоне, Райли Уолш, Тайс Томпсон, канадалық Джейк Масси, ресейлік Владимир Волков, Эмиль Галимов, қазақстандық Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченко және өзге де ойыншылар келісімшартқа қол қойды.

Read More

Жоба Қытай, Малайзия, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Моңғолия, Тәжікстан және Түрікменстаннан келген талантты әртістерді бір сахнада тоғыстырды.  Фото: Jibek Joly Бүгін байқау қатысушылары өз репертуарларынан ана тілдерінде ән шырқады және өз елдерін таныстырды. Алғашқы шығарылымда ешбір қатысушы жарыстан шығарылмайды, барлығы келесі кезеңге жолдама алды.  Қазақстан атынан сахнада танымал вокалист Батырхан Мәліков (Alem) өнер көрсетіп, хитке айналған «Kuiim» әнін орындады. Алғашқы кезең нәтижесі бойынша Б. Мәліков 7-орында тұр. Қазылар алқасының бағалауынша, бұл кезеңде малайзиялық әнші Yazmin Aziz 126 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында өзбекстандық Мадинабону Әділова (122), үшінші және төртінші орында — 120 ұпаймен түрікменстандық Довран…

Read More

Түрік қорғаныс компаниясы «ASELSAN» Ыстанбұлдағы «TEKNOFEST» фестивалінде «Болат күмбез» тәжірибе алаңын құрып, келушілерге әуе қауіптеріне қарсы жүйенің қалай жұмыс істейтінін тамашалау мүмкіндігін ұсынып отыр. Бес күнге созылатын технология және авиация фестивалі «TEKNOFEST» сәрсенбі күні Ыстанбұлда Ататүрік әуежайында басталды. Іс-шараны Түркия технология командасы (T3) қоры мен Түркияның Индустрия және технология министрлігі ұйымдастырып жатыр. Фестиваль аясында технологиялық жарыстардан бастап әуе көрсетілімдеріне дейін көптеген іс-шара өтіп жатыр. Сондай-ақ «Болат күмбез» әуе қорғаныс жүйесінің әртүрлі құрамдас бөліктері де көрмеге қойылған. Заманауи технологиялар арқылы «Болат күмбездің» құрамдас бөліктерінің қауіпке қарсы қалай төтеп беретіні көрсетілді. Биыл фестиваль аясында 58 негізгі шара және 137 қосымша санат қамтылған.…

Read More

Бейбітшілік пен келісім саябағы — конфессияаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуға арналған бірегей кеңістік. Мұнда «Жұлдызды аспан» туннелі, «Өмір ағашы» ескерткіші мен сатылы сарқырама орналасқан. — «Таза Қазақстан. Астана — тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық айлығы аясында бұл жерде ерекше іс-шара болды: әйгілі Backstreet Boys тобы елордалықтармен бірге ағаш отырғызуға қатысты. Музыканттар экологиялық бастаманы жылы қабылдап, жасыл қала құру ісіне өз үлестерін қосуға қуана келісім берді. Мұндай акциялар табиғатты қорғау — бүкіл әлем халқын біріктіретін ортақ құндылық екенін еске салады, — делінген хабарламада. Айта кетейік, елордада 13 қыркүйек пен 11 қазан аралығында дәстүрлі «Таза Қазақстан. Астана — тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық айлығы өтіп жатыр. …

Read More

Полицияның мәліметінше, Берлиндегі шеруге шамамен 2500 адам қатысқан, ал Кёльнде ұйымдастырушылар 5000 адам жиналғанын хабарлады. Шеруге шыққандар қолдарына «Аборт — бұл әділетсіздік», «Балаларсыз — болашақ жоқ», «Адамның қадір-қасиеті жасқа қарамайды», «Инклюзия туылмай тұрып басталады» деген жазуы бар плакаттар ұстап шықты. Фото: DW Берлин мен Кёльндегі контрдемонстрацияға қатысушылар «Менің денем — менің таңдауым», «Жыныстық өзін-өзі анықтау — бұл адам құқығы», «Біз бала туатын машина емеспіз» деп ұрандатты. Полиция заң бұзушыларға қатаң шара қолданатынын мәлімдеді. Құқық қорғау органдарының өкілі Кёльнде контршерушілер «Өмір үшін шеруді» екі рет тоқтатуға тырысқанын, бірақ полиция оларды шетке ығыстырып, акцияны жалғастыруға мүмкіндік бергенін хабарлады. Қазіргі уақытта Германияда аборт тек арнайы…

Read More

Негізгі шешімдердің бірі — қаладағы 156 атаусыз көшеге атау беру болды. Оның ішінде 22 көше Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімін иеленеді, 15 көше «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілген көрнекті қайраткерлердің атын алады. Олардың қатарында академик Әбдуәли Қайдар, археолог Карл Байпақов, тарихшы Сайым Балмұқанов, ауыр атлетикадан әлем чемпионы Анатолий Храпатый, олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов, ақын-жазушы Мұзафар Әлімбаев, абайтанушы Қайым Мұхамедханов, қазақ мультипликациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаров және КСРО халық артисі Наталья Сац бар. Ал қалған 118 көше танымдық, тарихи-мәдени және дәстүрлі атауларға ие болады. Бұл ұсыныстар алдын ала мәслихат комиссияларында қаралып, Қоғамдық кеңеспен келісілген және Республикалық ономастикалық комиссияның…

Read More

Олардың қатарында континенттегі ең жүктемелі әуежай — Лондондағы Хитроу бар. Бұл жағдай сенбі күні кейбір рейстің кешігуіне және тоқтатылуына алып келді Еуропалық БАҚ мәліметінше, әлем бойынша көптеген әуежай мен әуекомпанияға жүйелерін ұсынатын Collins Aerospace компаниясы техникалық ақауға ұшыраған. Бұл жолаушылардың ұшу уақытында кідірістерге себеп болуы мүмкін. Аталған оқиғадан Брюссель, Берлин және Лондон әуежайлары зардап шекті. Бірнеше сағаттан кейін Дублин әуежайы да бұл мәселенің өз жұмысына аздап әсер еткенін хабарлады. Ирландиядағы екінші ірі әуежай — Корк әуежайы да осындай жағдайға тап болған. Cirium авиациялық деректер компаниясының мәліметінше, Хитроу, Берлин және Брюссель әуежайларында жалпы 29 рейс (ұшу және келу) тоқтатылған. Сенбіге Хитроудан…

Read More

Бас хатшы Instagram-дағы парақшасында әлем біріншілігінен қандай ой түйгенін айтты. — Бүгін Токиода жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясына жақында тағайындалған Бас хатшысы ретінде бұл біріншілік біраз нәрсені бағамдауға мүмкіндік бергенін айтқым келеді. Әлемдік жеңіл атлетиканың деңгейіне қарап, әрі қарай не істеу керектігін және қалай жылжу қажеттігін нақты айқындайтын сәт келді. Қазақстандық спортшылар жеңіл атлетиканың техникалық түрлерінде нәтиже көрсетуге қабілетті, бірақ басқа бағдарламаларды да назардан тыс қалдырмаған жөн, — деді ол. Оның айтуынша, қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында өз әлеуеті жеткенше тырысып бақты. Сондай-ақ, атлеттер қазіргі таңдағы дайындық деңгейінің қандай екенін көрсетті.  Келбет Нұрғазина еліміздегі жеңіл атлетика спортының…

Read More

— Компания бұл адам үкіметке жылына 100 000 доллар төлеуге тұрарлықтай құнды ма, жоқ әлде ол еліне қайтып, оның орнына америкалықты жалдаған жөн бе — соны шешуі керек, — деді АҚШ-тың сауда министрі Говард Лютник журналистерге берген түсініктемесінде. H-1B визасы ірі технологиялық компаниялар арасында танымал. Олар бұл визаны шетелден білікті мамандарды жұмысқа тарту үшін пайдаланады. Бұған дейін виза алу үшін төленетін әкімшілік алым шамамен 1500 долларды құрайтын. Өткен жылы H-1B бағдарламасы аясында мақұлданған өтініштердің 71%-ы үндістандық азаматтарға тиесілі болды. Үндістанның Сыртқы істер министрлігі бұл шараның «отбасылардың ажырауына алып келетін гуманитарлық салдары болуы мүмкін» деп алаңдаушылық білдірді. БАҚ-тың хабарлауынша, Amazon мен…

Read More

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашевтың айтуынша, ғылым мен технологияны дамыту – Қазақстандағы білім беру жүйесінің стратегиялық басымдығы болып отыр. – Ел Президенті білім беру процесіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізуді тапсырған болатын. Қазір педагогтар алдында жасанды интеллектіні меңгеру міндеті тұр. Қазірдің өзінде 200 мыңнан астам мұғалім оны қолдану бойынша оқудан өтті. Жаңа оқу жылынан бастап ЖИ оқу процесіне енгізіледі. Осындай іс-шаралар мұғалімдерге жаңа тәсілдерді тәжірибеге жылдам ендіруге көмектеседі, — деді комитет басшысы фестивальдің ашылуында.  Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform Қ. Жұмашев жасанды интеллект ешқашан педагогты, оның идеясы мен жаңашылдығын алмастыра алмайтынын ерекше атап өтті.  – Ол…

Read More