Бүгін таңертең «Формула-2» спринті өтті, оған 11 команда қатысты. Жеңімпаз атанған швед спортшысы Дино Беганович TGR командасынан болды. Алдыңғы күні бірінші жаттығу сеансында Алекс Данн үздік нәтиже көрсетсе, сынақ квалификациясында Джек Кроуфорд (DAMS) алда тұрды. «Формула-1» сериясында бүгін үшінші жаттығу сеансы өтті, оған 10 команда қатысты. Пилоттар бір сағат бойы алты шақырымдық айналымдардан өтіп жарысты. Үздік нәтиже «Макларен» командасының қатысушысы Ландо Норриске тиесілі болды. Бүгін «Формула-1» квалификациясы да өтті, бірақ үшінші кезеңдегі бірнеше апаттарға байланысты тоқтатылды. Біріншіден, Алекс Албонның (Atlassian Williams Racing) болиді тосқауылға соғылды. Одан кейін «Макларен» пилоты Оскар Пиастри үшінші бұрылыста апатқа ұшырап, көлігін зақымдады, бірақ аман қалды.…
Автор: qaztimes
Қала күні қарсаңында Алматыда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа «Жанұя» мамандандырылған кешені салтанатты түрде ашылды. Нысан қала әкімдігі мен инвестор серіктестігі аясында салынды. Жобаның жалпы инвестиция көлемі — 6 млрд теңге. Жаңа кешен Медеу ауданында орналасқан. Фото: Алматы әкімдігі — Бүгінде қаланың инфрақұрылымы, әсіресе білім беру саласы қарқынды дамып отыр. Осы оқу жылында 12 жаңа мектеп пен инновациялық шығармашылық орталықтары ашылды. Ал «Жанұя» айрықша кешен. Мұнда ерекше күтімді және арнайы білім беруді қажет ететін балалар үшін барлық мүмкіндік бар. Оқу, даму және әлеуметтену үшін жағдай жасалған, — деді қалалық білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов. Фото: Алматы әкімдігі…
Ультраоңшылдардың демонстрациясы Гаагадағы Маливельд алаңында мигранттарға баспана беру саясатына қарсы басталды. Бірақ кейін ол зор жанжалдарға және полициямен қақтығысқа ұласып кетті. Нидерланды полициясы көз ашытатын газ бен су бүріккіш құралдарды пайдаланды. Сол уақытта наразылар Гаага қаласының орталығында бірнеше рет дүкендерді тонап, тәртіпсіздік жасады. Полиция тәртіпсіздіктерге байланысты бірнеше адамды ұстағанын хабарлады, бірақ нақты саны әзірге белгісіз. — Қазір біз ақпарат жинап жатырмыз және бүгін кешке ресми мәлімдеме жасаймыз, — деді полиция өкілі. Көптеген ұлтшылдар қара киім киіп, бетперде тағып алған. Олар Маливельд ауданында полицейлерге және полиция көліктеріне шабуыл жасап, таяқтар, тастар, қақпақтар мен бөтелкелер лақтырды. Сондай-ақ олар тәртіп сақшыларының жылқыларына шабуылдап,…
Газа секторында бітім және тұтқындармен алмасу туралы келіссөздерге делдал болған Қатарға Израиль армиясы әуеден соққы жасап, 6 адам қаза тапқан еді. Осы оқиғаға байланысты Доха үкіметі халықаралық деңгейде тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. Қатардың ресми ақпарат агенттігі QNA хабарлағандай, Доха үкіметі ICAO Кеңесінің төрағасына ресми хат жолдаған. Ұйымдағы Қатардың тұрақты өкілі Иса Абдулла әл-Малики жолдаған хатта 9 қыркүйектегі Израильдің шабуылы Қатардың егемендігі мен азаматтық авиация жөніндегі халықаралық Чикаго конвенциясының өрескел бұзылуы екені айтылған. Сонымен қатар, Қатар халықаралық құқық аясында барлық құқықтарын сақтап қалатынын мәлімдеген. Израильдің Қатарға жасаған шабуылы салдарынан 6 адам қаза тапты 9 қыркүйекте Израиль армиясы Доха қаласындағы ХАМАС-тың келіссөз…
Ведомство мәліметінше, бұл ереже, әсіресе, орнату кезінде талаптар мен стандарттар сақталмаған LED-шамдарға қатысты. Неліктен бұл қауіпті? Қарсы бағыттағы жүргізушілерді шағылыстырады — дұрыс бағытталмаған жарық түнде басқа жүргізушілердің көзін шағылыстырып, қауіп тудырады. Жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін — апаттар мен жаяу жүргіншілерді қағып кету қаупін арттырады. Көлік пайдаланудан шеттетіліп қалуы мүмкін — көлікті уақытша айып тұрағына қоюға дейін апаруы ықтимал. Заң не дейді? — Көліктің қауіпсіздігіне қатысты кез келген құрылымдық өзгеріс келісіліп, тіркелуі керек. LED-шамдарды өз бетімен орнату немесе фараларды өзгерту — заңсыз қайта жабдықтау болып саналады, — деп ескертті полиция департаменті. Бұл үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған: •айыппұл, •заң бұзушылықты жою талап етіледі, •көлік…
1969 жылдан бері әр 100 000 тұрғынға шаққандағы өлім саны 50%-дан астам азайған, ал өмір сүру ұзақтығы шамамен он жылға артқан. Швецияның Орталық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы әйелдер орта есеппен 85,4 жасқа дейін, ал ер адамдар — 82,3 жасқа дейін өмір сүрген. Бұл өзгерістің басты себебі — жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлімнің күрт азаюы. 1969 жылы инфаркт пен инсульттан әр 100 000 тұрғынға шаққанда шамамен 1000 әйел және 1200-ден астам ер адам қайтыс болған. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш тиісінше 200 және 300-ге дейін төмендеген. Осы өзгерістер аясында қатерлі ісік біртіндеп өлімнің негізгі себебіне айналып келеді. Елдің бірнеше өңірінде —…
Алматы қаласы Бостандық ауданында теңіз деңгейінен 3336 метр биіктікте ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құтқару операциясын жүргізді. Құтқарушылар тауға шығып, өздігінен түсе алмаған, 2001 және 2003 жылғы Үндістанның екі азаматына көмекке келді. ҚР РЖҚЖ құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, азаматтарды таудан түсіріп, қалаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. — Біз шетелдік студенттерміз. Біз Алматы шыңына бардық, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытында қайта алмадық. Біз қатты суықтан тоңып қалдық. Алайда, қазақстандық құтқарушылардың арқасында біз құтқарылдық. ТЖМ қызметкерлері бізді қатты жел мен суықтан құтқарды, — деді студенттер. Осыған дейін Іле Алатауында жарақат алған турист құтқарылғанын жазғанбыз.
Аталған бағдарлама биылғы жылдың ақпан айынан бастап іске асырылуда. Мақсаты — цифрлық трансформация және жасанды интеллект технологияларын енгізуде білім беру жүйесі басшыларының стратегиялық ойлауын, көшбасшылық және басқарушылық құзыреттіліктерін дамыту. — Бағдарлама тыңдаушылары ретінде Оқу-ағарту министрлігінің орталық аппаратының, өңірлік басқармалар мен білім бөлімдерінің 74 басшысы, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен мектеп, балабақша және колледж директорлары қатысты. Аталған бағыт білім беру жүйесінің негізгі сын-қатерлеріне бірыңғай көзқарас қалыптастыруға және практикалық басқарушылық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік берді, — делінген ақпаратта. Бағдарлама тақырыптары көшбасшылық құзыреттіліктерді дамыту, стратегиялық жоспарлау, ТжКБ трансформациясы және білім беруге жасанды интеллектіні енгізу тәжірибелерін қамтыды. Сонымен қатар, педагогикалық хакатон өткізіліп, өңіраралық командалар білім беру сапасын арттыру және…
Басты мақсат — өңір тұрғындарына сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсету үшін жағдай жасау. Ол үшін медициналық нысандарды салу және күрделі жөндеу, оларды заманауи жабдықтармен жарақтандыру, дәрілік заттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық кадрларды даярлау және тарту жөніндегі шаралар көзделген. — Кеңесте республикалық ғылыми орталықтардың бірінші басшылары сөз сөйлеп, нақты мерзімде жоғары технологиялық бағыттарды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынды. Онкология, кардиология және кардиохирургия, хирургия, нейрохирургия, травматология, сондай-ақ босандыру және балалық шақ сияқты негізгі қызметтерді дамытуға ерекше назар аударылады. Облыста медициналық-санитариялық алғашқы көмекті нығайту бойынша нақты шешімдер қабылданды, — деп жазды министрлік. Кеңес қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова нақты тапсырмалар берді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру…
Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр еті бағасына қатысты бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында туындаған түсінбеушілікке байланысты түсініктеме берді. Ведомство атап өткендей, еттің килограмына 3 400–3 500 теңге — бұл сиыр етінің өндірушілердегі орташа көтерме бағасы. — Елордадағы сауда нүктелерінде ет жеткізу, сақтау және басқа да объективті шығындар ескеріле отырып сатылады. Соның нәтижесінде Астанада бөлшек саудадағы баға килограмына 3 700–4 300 теңгеге дейін жетеді. Ал қабырға-жауырын бөлігі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне енгізілгендіктен және бұл санатқа сауда үстемесі 15%-дан аспайтындықтан, килограмына 3 100–3 400 теңге бағамен сатылады, — деп түсіндірді министрлік. АШМ мәліметінше, өңірлерде еттің бөлшек саудадағы орташа бағасы килограмына 3 500–4 300 теңге құрайды. Ал жоғары деңгейлі бөліктердің (сиыр…