Комитеттің хабарлауынша, синхронды секіруден жұптық бәсекеде Данил Мусабаев пен Никита Тумаков 52.200 ұпай еншілеп, топ жарды. Жарыс нәтижесі бойынша, Германия (әлем чемпионы Кайо Лаукстерман мен 2 дүркін әлем чемпионы Фабиан Фогель) 52.050 ұпаймен күміс алса, Ұлыбритания (әлем чемпионы Зак Перцаманос пен Еуропа чемпионы Кори Уолкс) 51.530 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді. Айта кетейік, отандастарымыз 2025 жылдың басында Әзербайжан еліндегі Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде алған еді. Әлем Кубогының кезеңі 21 қыркүйекте мәресіне жетеді. Осыған дейін Айдос Сұлтанғалидың грек-рим күресінен 26 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын алғаны туралы жаздық.
Автор: qaztimes
Он күнге созылған байрақты додада 17 облыстан 3 мыңға жуық спортшы бақ сынады.Жарыс қорытындысында жалпыкомандалық есепте 498 ұпаймен Түркістан облысы топ жарды. Екінші орынға Алматы облысы өкілдері (428 ұпай) көтерілді. Фото: Kazinform Батыс Қазақстан облысы командасы 385 ұпаймен алғаш рет өз тарихында үшінші орынға ие болды. Фото: Kazinform БҚО-дан 200-ге жуық спортшы 20 спорт түрі бойынша сынға түсті. Солардың ішінде, айталық, дәстүрлі садақ атудан батысқазақстандық сұрмергендер командалық есепте үздік атанды. Тоғызқұмалақтан Бектас Кенжеғалиев пен Қарақат Сәлімғали алтыннан алқа тақты. Қазақ күресінен Тайман Нұрғалиев пен Мейірім Айғали қарсылас шыдатпады.Сондай-ақ шағын футболдан БҚО құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Фото: Kazinform Басқа да спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрініп,…
Иранның Керман, Язд, Кашан, Наин және Исфахан қалаларында салынған дәстүрлі ирандық мұз айдындары ирандықтардың жергілікті сәулет өнерінің, климаттық білімі мен практикалық шығармашылығының қосындысы болды. Ирандық мұз айдындарының құрылымы үш негізгі бөліктен тұрды: қыстың суық түндерінде суды мұздатуға арналған таяз бассейн, күн сәулесінің тікелей түсуіне тосқауыл қою және қоршаған ортаның температурасын төмендету үшін биік, қалың қабырғалар және жылдың ыстық айларында мұзды сақтауға және салқындықты сақтауға арналған күмбез тәрізді жер асты су қоймасы. Қыста тоғандардағы су қатқаннан кейін мұз ұсақталып, жер асты су қоймасында сақталды. Күмбездің ерекше дизайны және шикі балшық кірпіш сияқты материалдарды пайдалану ішкі температураны бірнеше ай бойы төмен деңгейде ұстайды. Бұл тоңазытқыштар мұзды…
Дауыс беру нәтижесі бойынша Дык Фук 422 ұпай жинады. Екінші орын Қырғызстаннан келген The Nomad Trio командасына бұйырса, үшінші орынды Катар командасы иеленді. Қазақстан атынан шыққан Amre есімімен танымал Ернар Садырбаев үздік ондыққа енді. Ол «Славян базары» байқауының жеңімпазы, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Amre мен 8 жасар Жасмин жетінші болып өнер көрсетті. Байқауға қатысушы әрбір өнерпаздың өзіндік ерекшелігі бар. Дегенмен, көрермендер қазақстандықтардың өнерін ерекше ықыласпен қарсы алды. Байқауда 23 қатысушы өнер көрсетуі керек еді. Алайда соңғы минутта америкалық өкіл белгісіз себептермен сахнаға шықпай қалды. Байқау қорытындысы жарияланғаннан кейін «Интервидения» байқауының қатысушылары Полина Гагаринаның «A Million Voices» әнін шырқады. Финал барысында байқау…
Бұл конференция Қырғызстанның ЮНЕСКО-дағы Тұрақты Өкілдігі мен ТҮРКСОЙ (Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы) бірлесіп ұйымдастырған «Шыңғыс Айтматов және ЮНЕСКО: Әлемді біріктіретін ортақ мұра» атты іс-шара аясында өтті. Конференцияда Айтматовтың өмірі туралы деректі фильм көрсетіліп, дипломаттар, оған мәдениет қайраткерлері және халықаралық қонақтар қатысты. Қырғызстанның ЮНЕСКО-дағы өкілі Садык Шер-Нияз фильмнің мақсаты Айтматовтың мәңгілік мұрасын көрсету екенін айтты. Парижде өткен бұл шара Айтматовтың жаһандық, мәдени естелік пен адамгершілік қадір-қасиет туралы мәңгілік мұрасы дәріптелді. Түркияның ЮНЕСКО-дағы өкілі Гүлнұр Айбет оны «XX ғасырдың ең ұлы дауыстарының бірі» деп атады. — Бұл фильм мені үйге оралғандай сезіндірді. Айтматов әрдайым адам, еңбекші мен аналар туралы айтатын. Біз оның қалдырған мұрасымен…
Ведомствоның мәліметінше, өзеннің жоғарғы және орта ағысында орналасқан Даньцзянкоу су қоймасына құйылатын су секундына 15 мың текше метрге жеткен. Ханьцзян өзенінің жоғарғы ағысында су деңгейінің үздіксіз, тұрақты көтерілуі күтіліп отыр. Метеорологиялық болжамдар алдағы 10 күнде өзен бассейнінде жауын-шашынның екі маңызды кезеңін болжайды. Соңғы күндері Су ресурстары министрлігі жағдайды жіті қадағалап отыр. Айта кетейік, бұған дейін Түркияның өңірлері екі бірдей табиғи апатпен бір уақытта күресіп жатқанын жазған едік.
Алғашқы бағыт — Маңғыстау облыстық шұғыл және жедел медициналық көмек станциясының құрылысы болды. Бүгінде жаңа ғимараттың құрылысы 65%-ға аяқталған. Жобаның жүзеге асырылуы өңір тұрғындарына шұғыл көмек көрсетудің заманауи базасын құрып, медициналық бригадалардың әрекет ету жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді. Одан кейін вице-министр облыстық балалар ауруханасының ғимаратын қарап, оның техникалық жағдайымен танысты. Ол мекемені одан әрі жаңғырту қажеттігін атап өтіп, балаларға арналған медициналық инфрақұрылымның қазіргі заманғы қауіпсіздік, қолайлылық және медициналық қызмет көрсету сапасы талаптарына сай болуы керектігін ерекше атап өтті. Сапар барысында Тимур Мұратов Маңғыстау облыстық онкология орталығының жанынан ашылған позитрондық-эмиссиялық томография орталығында болды. Бұл — Батыс өңіріндегі алғашқы, әрі әзірге жалғыз орталық. Заманауи жабдық…
— 2025 жылғы 21 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Орал қалаларында, түнде Атырау, Қостанай, Алматы, Астана күтіледі, — делінген ақпаратта. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Америкалық көшбасшы бұл туралы Ақ үйде журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтты. — Мен көптеген басшылармен кездесемін, шамамен 20. Барлығы кездескісі келеді, біз олардың кейбірімен кездесеміз, — деді ол. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-сессиясында басты шаралар 23-27 және 29 қыркүйекте өтетін жалпы саяси пікірталастар болады деп күтілуде. Осы кезеңде барлығы 195 делегация сөз сөйлейді деп жоспарланған. Айта кетейік, бұған дейін Трамп жұмыс визасының төлемін 100 000 долларға дейін көтергенін жазған едік.
Қарағанды облысында мал ұрлығының алдын алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мүлкін қорғау мақсатында 15 қыркүйектен бастап республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда 20 мобильді бекет жұмысын бастады. Тексеріс жұмыстарына патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар және криминалдық полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Бес күн ішінде тәртіп сақшылары 2 мыңға жуық автокөлікті тексеріп, тасымалданған ет өнімдерінің құжаттарын бақылаудан өткізді. Фото: Polisia.kz — Күзгі соғым маусымының жақындауына байланысты жайылымнан мал ұрлығы жиілейтін кезең. Сондықтан мобильдік бекеттердің жұмысы қылмыстың алдын алуға бағытталып отыр. Шаруа қожалықтарының иелері мен ет тасымалдаушыларға түсіністікпен қарап, полиция қызметкерлерімен ынтымақтасуды сұраймыз, — деді Қарағанды облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мейіржан…