Автор: qaztimes

Ұйымдастыру комитетінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Айчи-Нагоядағы Азия және Азия пара ойындарын ұйымдастыру комитеті, қабылдаушы қаламен бірлесіп, Азия ойындары мен Азия пара ойындарына бір жыл қалуына байланысты салтанатты шара өткізеді. Айта кетерлігі, іс-шара Жапонияда 20 қыркүйекте басталып, 26 қазанға дейін жалғасады. Ал басты шараны 23 қыркүйек күні Нагоя телемұнарасында (Chubu Electric MIRAI TOWER) өткізу жоспарланған. Онда кері санау шарасы мен мәдени қойылымдар өткізіліп, жазғы Азия ойындары кеңінен нәсихатталады. Еске сала кетсек, 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындары және V Азия пара ойындары өтеді. Жарысты ұйымдастырушылар — Азия Олимпиадалық…

Read More

Мәлімдемеге сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі Масуд Пезешкианның басшылығымен өңірдегі жағдай мен Израильдің өңірдегі әрекеттерін талқылады. Басқосуда сондай-ақ 2015 жылғы келісімнің қатысушылары – Ұлыбритания, Франция мен Германияның БҰҰ-ның Тегеранға қатысты санкцияларын қайтаруға тырысу мәселесі де талқыланды. Иран тарапы бұл ретте Тегераның саясаты өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін барынша ынтымақтасу болып табылатынын жеткізді. АҚШ пен Израиль тарапынан болған шабуылдардан соң тоқтатылған тексеру жұмыстарын жаңғыртуды көздейтін 9 қыркүйекте МАГАТЭ-мен жасалған келісімге сілтеме жасай отырып, Иранның проблеманы шешу үшін агенттікпен ынтымақтастықта жұмыс істеуіне қарамастан Еуропа елдерінің әрекеті МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тоқатуға мәжбүрлейтіні айтылды. БҰҰ-ның Иранға қарсы санкциясын енгізетін «снепбэк тетігі» Ұлыбритания, Франция…

Read More

Өзбекстан мен Қазақстан өзара келісімдердің орындалу тетіктерін талқылады – ӨзА  Фото: uza.uz Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усманов пен Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың қатысуымен екіжақты кездесу өтті. Бұл туралы осы аптада «ӨзА» ақпарат агенттігі хабарлады. Хабарламада айтылғандай, кездесу барысында тараптар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету жолдарын, сондай-ақ екі ел басшылары деңгейінде қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысын жан-жақты талқылады. Бұл келісімдер өзара сауда-экономикалық, көлік-логистика, мәдени-гуманитарлық және аймақтық қауіпсіздік бағыттарында кең ауқымды ынтымақтастықты көздейді. Тараптар елдер арасындағы достық, тату көршілік және көпжақты өзара қолдау рухында құрылып келе жатқан серіктестікті одан…

Read More

Жаңа аллея аудан тұрғындары үшін демалыс орны ғана емес, сонымен қатар ел дамуына жұмысшы мамандардың қосқан үлесін насихаттайтын символдық кеңістікке айналды. Фото: Астана қаласының әкімдігі Сквер аумағы жаңартылып, балалар алаңдары, спорттық жаттығу орындары, көлеңкелі шатырлар мен арт-ғимараттар ерекше әсер береді. Ашылу барысында 300 түп ағаш отырғызылды, арнайы техника көрмесі мен тақырыптық фотокөрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп, концерттік бағдарлама ұсынылды. Фото: Астана қаласының әкімдігі Шақырылған суретшілер іс-шара барысында жұмысшы мамандық иелерінің портреттерін live форматында салды. Мерекелік іс-шараға аудан тұрғындары, түрлі сала өкілдері, депутаттар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Фото: Астана қаласының әкімдігі Айта кетейік, биыл елордада шамамен…

Read More

ҚР Ішкі істер министрлігі қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыруды жалғасып жатыр. Өткен апта ішінде елдің түрлі өңірлерінде есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты бірқатар құқықбұзушылықты анықтап, жолын кесті. Жалпы 83 есірткі қылмысы анықталды. Оның 63-і өткізу дерегі, 8-і аса ірі көлемде сақтау; 1 ұйымдасқан қылмыстық топ, 7-уі құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы көлемі 750 келіден асты. Оның ішінде 6 келіден астам синтетикалық заттар алынды, бұл «қара нарықтағы» 18 мыңнан астам дозаға тең. Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері Атырау қаласынан a-pvp синтетикалық есірткісінің ірі партиясын…

Read More

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның солтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Қалған аумақта оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде шаңды дауыл, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болжанады. Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік күтіледі. Жетісу облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында және Алматы облысының солтүстігінде, орталығында да төтенше өрт қаупі…

Read More

Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Alatau City өңірдің алғашқы цифрлық орталығына айналуы қажет екенін атап өтті. Бұл бастамаға байланысты Қазақстан блокчейн қауымдастығының төрағасы Дәурен Қарашев пікір білдірді. — Мен Президенттің ұстанымын толық қолдаймын. Ол шетелдік инвесторлардың назарын аудару үшін дұрыс тапсырма берді — криптоиндустрия және жасанды интеллект. Бұл сөздердің Президент деңгейінде айтылуы шетелдік компаниялар үшін бұл маңызды белгі: осы бағытта дамуға Мемлекет басшысының кепілдігі бар, — деді Дәурен Қарашев. Криптоқала құру қиындықтары Сарапшының айтуынша, криптоқала құру идеясы шабыттандырарлық болғанымен, қазіргі жағдайда бірқатар түйткілдер бар. Қазіргі таңда Қазақстанда криптоиндустрияны реттеумен «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш…

Read More

ЕСІМДЕР 74 жыл бұрын (1951) ҚР Қарулы Күштері жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-лейтенант Абай Бөлекбайұлы ТАСБОЛАТОВ дүниеге келді. Фото: Wikipedia Солтүстік Қазақстан облысында туған. Алматының Жоғары жалпы әскери басқару училищесін, Мәскеудің Фрунзе атындағы Әскери академиясын бітірген. 1969 жылдан бері Қарулы Күштер қатарында қызмет етті. 1973-1997 жылдары Алматы жоғары жалпы әскери басқару училищесінде курсанттар взводының командирінен училище бастығына дейінгі жолдан өтіп, Мемлекеттік қорғаныс комитетінің бөлім бастығы болды. 1997-2002 жылдары Республика Қарулы Күштері Әскери академиясының бастығы қызметін атқарды. 2002-2006 жылдары ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болды. 2006-2011 жылдары Республикалық ұланының қолбасшысы, 2012-2016 жылдары бесінші шақырылымдағы, 2016-2021 жылдары алтыншы шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болды. «Даңқ» орденімен,…

Read More

19–31 тамыз аралығында 2 118 адам арасында қоғамдық пікірге сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде респонденттердің 87% Палестина мемлекетін ешқандай шартсыз мойындауға қарсы екенін білдірген. Қолдаушылар 13% ғана. Билік басындағы Лейбористік партия жақтастары арасында бұл шешімді қолдағандар 11% болса, оппозициялық Консервативтік партия (6%) мен оңшыл-популистік Reform UK партиясы (8%) арасында қолдау деңгейі одан да төмен. Сауалнама қорытындысына сәйкес, оған қатысқандардың 51%-ы ХАМАС қозғалысы билік басында тұрғанда Палестинаны мойындауға болмайды. Ал 40%-ы Палестинаны мойындау үшін ХАМАС-тың атысты тоқтатуы және израильдік тұтқындарды босатуы шарт болуы тиіс деп есептейді. Сонымен қатар, 17% респондент Палестина мемлекетін мойындауға мүлдем қарсы. BBC корпорациясы мен Sky News телеарнасының хабарлауынша, Ұлыбритания…

Read More