Қала аумағында концерттер, көрмелер, флешмобтар, фестивальдер және түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарламалар Астана алаңындағы концерттен басталды. Онда қала әкімі Дархан Сатыбалды алматылықтарды және мегаполис қонақтарын мерекемен құттықтады. Фото: Александр Павский / Kazinform — Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі, еліміздің жаңа дәуірі басталған шаһар. Біз Алматыны заманауи, жайлы әрі өркендеген қала ету үшін бар күш-жігерімізді жұмсап келеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бізге бірқатар маңызды міндет жүктеді. Солардың ішінде экологияға, қауіпсіздікке және қалалық ортаның сапасына айрықша мән беріледі, – деді Алматы әкімі. Фото: Александр Павский / Kazinform Сондай-ақ Дархан Сатыбалды шаһардың инфрақұрылымдық дамуындағы басым бағыттарын атап көрсетті. — Алдағы жылдары…
Автор: qaztimes
ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, арнайы тексеріс барысында өткізу бекеттерінің инфрақұрылымы тексерілді. Атап айтқанда, автокөлік қозғалысы аймақтарына, тексеру алаңдарына, азаматтар мен қызметкерлерге арналған ғимараттар мен құрылыстарға толықтай шолу жасалды. -Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша бірқатар бекетте Ресей Федерациясына қарай баратын орта жолда көлік құралдарының, әсіресе жүк көліктерінің жиналып қалғаны байқалды. Өз кезегінде ол шекарада кезек қалыптасып, Қазақстан жағының да өткізу мүмкіндігін төмендетіп, қосымша шығынға ұшырататыны белгілі,-делінген хабарламада. Сонымен қатар жағдайдың бұлайша қалыптасуына Ресей Федерациясы тарапынан да бақылау шараларының күшейтілгені ықпал етіп отырғаны белгілі болды. — Нақтырақ айтқанда жүктерді тексеру процедуралары күшейтіліп, көлік құралдарын тексеру мерзімі ұзартылды. Сондай-ақ құжаттарды және санитариялық және фитосанитариялық…
Ертең «Алтын доп» иегері анықталады 14:41, 21 Қыркүйек 2025
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде: — доллар: сатып алу — 541,14 теңге, сату — 543,12 теңге; — еуро: сатып алу — 635,82 теңге, сату — 639,85 теңге; — рубль 6,38 — 6,51 теңге аралығында саудаланады. — юань 76,10-78,86 теңге аралығында саудаланып жатыр. Елорданың ақша айырбастау пунктерінде: — доллар 539,62 теңгеден сатып алынады, 544,63 теңгеден сатылады; — еуро: сатып алу — 633,65 теңге, сату — 641,60 теңге; — рубль: сатып алу — 6,35 теңге, сату — 6,55 теңге. — юань 77,25 теңгеден сатып алынады, 81,37 теңгеден сатылады; Еске салайық, апта аяғында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы…
Өнер ордасының алғашқы құрамы, жүріп өткен жолы, шығармашылық әлеуеті жөнінде Kazinform тілшісіне өнертану ғылымының кандидаты, театртанушы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты театр және кино бөлімінің меңгерушісі Аманкелді Мұқан айтып берді. Фото: Аманкелді Мұқанның архивінен 1925 жылы сәуірде Ақмешітте, яғни қазіргі Қызылордада өткен Қырғыз (Қазақ) АКСР кеңестерінің V съезінде «Халық ағартудың кезекті мәселелері жөнінде» арнайы қарар қабылданды. Қарарда ұлт театрын құру мәселесі де қамтылды. «Қазақтың ұлттық театрын құру жеделдетілсін» деген шешім жеке тармақта жазылғанымен оның орындалуы күзге дейін созылды. — Театртанушылар қазақ театры өзінің бастауын Орынбордан да емес, Қызылордадан да емес, Семей қаласынан алатынын айтып жүр. 1915 жылы 13 ақпанда…
Ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында әншінің шеберлігін жоғары бағалап, бір ғана байқаудың оның өнерінің ауқымын анықтай алмайтынын айтты. -Сіз біз үшін әрдайым жеңімпазсыз. Байқауда жоғары деңгейде өнер көрсеттіңіз. Әрине, жеңіс те жеңіліс те қатар жүреді. Бірақ бір байқау барлық өнердің өлшемі емес. Сіздің ерек талантыңызды бәріміз құрмет тұтамыз. Жарқын жеңістер әлі де алда. Сізге тек мықты денсаулық, сарқылмас күш-жігер мен шығармашылық табыс тілеймін!,-деп жазды Аида Балаева. Фото: видеодан алынған кадр Бұл жарияланым, жазылушылар арасында қызу пікірталас тудырды. Көптеген адам әншіге қолдау білдіріп, Amre-нің шығармашылығы қазақ елінің мәдени өмірінде ойып тұрып алар орны бар екенін жеткізді. Ал әртістің өзі өнерге…
Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Әлішер Мұқажан Ақпарат комитеті төрағасы қызметіне тағайындалды. Әлішер Қуатұлы 1992 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын, Тұран университетін бітірген. Еңбек жолын 2015 жылы жеке құрылымдарда бастады. 2017 жылдың қаңтар-маусым айларында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының аға сарапшысының міндетін атқарушы; 2017–2018 жылдары — ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі баспасөз қызметінің сарапшысы. 2019–2023 жылдары — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ-пен өзара іс-қимыл департаментінің сарапшысы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (кейіннен Мәдениет және ақпарат министрлігі) БАҚ саласындағы…
Көптеген қазақстандықтар үшін пәтер сатып алу – өміріндегі маңызды шешімдердің бірі. Алайда жаңа тұрғын үйді тапсыру мерзімі кейде уақытынан кешігіп немесе кейінге шегеріліп жатады. 2025 жылдың жазынан бастап елімізде үлестік құрылысты реттейтін жаңа ережелер күшіне енді. Олар үлескерлердің құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтіп, құрылыс компанияларына бақылауды қатайтты, деп хабарлады ШҚО мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасы. Заң бәрін реттейді Заңға сәйкес, құрылыс компаниясы үлескерлердің қаржысын үш жағдайда ғана тарта алады: Бірыңғай оператордың кепілдігі болғанда; Екінші деңгейлі банктің қолдауымен; Үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін. 30 тамыздан бастап барлық келісімдер тек үлестік қатысу шарты (ДДУ) арқылы жасалып, Бірыңғай жүйеде тіркелуі тиіс. Барлық «резерв», «инвестициялық», «алдын ала»…
Ресейлік ТАСС-тың хабарлауынша, қала мэрінің ақпараты бойынша әзірге 30 адамның ұсталғаны туралы сенімді түрде айтуға болады. Алайда олардың саны бұдан көп болуы ықтимал. Ван Занен сонымен қатар тәртіпсіздіктерге қарсы әрекеттер барысында екі полиция қызметкерінің жараланғанын жеткізді. -Елдің әр аймағынан келге тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушы топтар полициямен қасақана қақтығысқан. Бұл ретте олардың барынша дөрекі әрекет еткенін айту керек,-деп келтіреді Заненнің сөзін хабар таратушы корпорация. Нидерланд астанасы Гаагада тәртіпсіздіктер 20 қыркүйек күні күндіз басталды. Миграциялық саясатқа қарсы шыққан оңшыл топ өкілдері полициямен қақтығысып, Маливелд алаңы маңында А12 автомагистралін бөгеп тастады. Шамамен 1,5 мың адам құқық қорғау органдары қызметкерлеріне тас пен бөтелке лақтырып, бір полицей көлігін…
Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 17 қыркүйекте «Исилькуль» өткізу пунктінде шамамен 24 тонна пастерленген сиыр сүті тиелген жүк көлігі тоқтатылды. Өнім Көкшетаудағы «Садовое» ЖШС-да өндіріліп, Омбы облысындағы «Сүт инвестициялық компаниясына» жеткізілуі тиіс болған. Тексеру барысында ілеспе құжаттарда сәйкессіздік анықталды. Россельхознадзордың Омбы облысы бойынша басқармасының хабарлауынша, сүт өнімі Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринарлық сертификатымен рәсімделген, алайда құжатта қате кеткен. Нақтырақ айтқанда декларацияда көрсетілген 5 тәуліктің орнына жарамдылық мерзімі 1 тәулік болып жазылған. Енді тауар құжаттағы қателіктер түзетілгеннен кейін ғана жіберіледі. Ал тауарды жіберген кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осыған дейін Қазақстанның Қытайға түйенің құрғақ сүтін экспорттай бастағаны туралы жаздық.