ТЖД мәліметінше, 22 қыркүйек күні сағат 12:00-де халықты шұғыл мобильді хабардар ету жүйесінің техникалық тексерісі жүргізіледі. – Сіздің мобильді құрылғыларыңызға дыбыстық белгімен қоса мәтіндік хабарлама түседі. Аталған жүйе төтенше және шұғыл жағдайларда халықты хабардар ету үшін қолданылады. Мұндай хабарламалар түскен жағдайда көрсетілген нұсқауларды мұқият орындауларыңызды сұраймыз, — деп хабарлады департаменттен. Еске салайық, бүгін алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабарлама келді. ТЖМ 28 сейсмостанцияның бірі жер сілкінісін тіркеп, хабарландыру жібергенін мәлімдеді. Алматы қаласы ТЖД бастығының айтуынша, афтершок күтілмейді.
Автор: qaztimes
Сұхбат барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер және қазақ-украин ынтымақтастығының қазіргі даму ахуалы бойынша пікір алмасу орын алды. М.Нұртілеу Қазақстанның Украинадағы жағдайды тез арада реттеуге және елде тұрақты бейбітшіліктің орнауына мүдделі екенін растады. Атап айтқанда, Астана қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарына сәйкес саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді қолдап келгенін және бұл ұстанымда екені аталып өтті. Айта кетейік, бұған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» бағдарламасы аясында Смитсон институты негізінде антропология, тарих сынды салаларда тағылымдамалар өткізілетінін айтқан болатын.
Айта кетейік, 16 қыркүйекте Наманган облысына жұмыс сапарымен барған Шавкат Мирзиёев Нарын ауданындағы «Шурарик» махаллясының жай-күйімен танысты. Фото: Наманган облысының әкімдігі Тиісінше, Өзбекстан басшысы инфрақұрылымы күйреп тұрған мекеннің әкімін сынға алып, оған әкімдік ғимаратын тастап, аталған махалляның ескі нысанына көшуді тапсырды. Фото: Наманган облысының әкімдігі Сондай-ақ, оған осы аумақта түнеп, мәселені толық шешуді жүктеді. Осыған байланысты аудан әкімі кеңсесін «Шурарик» махаллясындағы контейнерге ауыстырды. Еске салайық, Өзбекстанда мұндай әдіс 2021 жылдан бері қолданылып келеді. Бұған дейін Шавкат Мирзиёев бірнеше аудан әкіміне контейнерде тұрып, аумақтың мәселесін шешуді тапсырған болатын. Мұндай әдіс халық арасындағы негізгі түйткілдерді көзбен көріп, оны жүйелі шешу үшін қолданылады. Бұған…
Сарапшылардың айтуынша, туристер елдегі жабайы табиғатты, бай тарихты және әртүрлі ландшафттарды тамашалай алады. Платформаның рейтингі саяхаттағы сауықтыруды, қалааралық саяхатты және белсенді емес демалыстарды ұсынатын бағыттарды анықтайды. Елдің туристік көрікті жерлеріне Замбези өзеніндегі Ұлы Зимбабве мен Виктория сарқырамасының жартас қабырғалары кіреді. Сондай-ақ жайлы тыныш демалыс үшін тау соқпақтары мен табиғи ландшафттары бар Шығыс таулы аймақтары да бар. Елдегі қала орталықтарына да қызығушылық артып келеді. Мәселен, рейс іздеуде Харареге 56%, Булавайоға 80%-дан астам өскен. Марокко бұл тізімде екінші орында тұр. Елдің табиғи және мәдени ерекшеліктері, сондай-ақ жергілікті тұрғындарының қонақжайлылығы оны 2025 жылы туристер үшін тартымды орынға айналдырды. Шетелге саяхатыңыз жақсы естеліктермен жадыңызда сақталсын десеңіз,…
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, Қазақстан астанасындағы концертке Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа 45 елден 12 000-нан астам турист келген. Фото: Астана әкімдігі Кешті ұйымдастырған «Астана Концерт» компаниясы шараға «Total White» дресс-кодын жариялады. Бұл концертке бірлік пен стиль атмосферасын сыйлады. Концерттің басталуы бір жарым сағатқа кешіккеніне қарамастан, көрермендер сүйікті әншілерін өте жылы қарсы алды. Топ мүшелері қазақ тілінде алғыс айтып, көрермендерге ризашылығын білдірді. Фото: Астана әкімдігі Жанкүйерлер музыканттарға гүлдер мен дәстүрлі шапандар сынды сыйлықтар тарту етті. Концертке мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Бұған дейін Астана халықаралық әуежайында әлемдік поп-сахна аңыздарын әуежай…
Жеңімпаз атанған Red Bull командасының пилоты Макс Ферстаппен бүкіл қашықтық бойы сенімді жүргізу шеберлігі мен тұрақты жылдамдығын көрсетті. Бұл тартысты жарысқа әрқайсысы екі пилоттан тұратын 10 команда қатысты. Екі сағат ішінде жарысушыларға күрделі қалалық трассада 51 айналымды еңсеру тапсырылды. Ферстаппен үздік нәтиже көрсетіп, поул-позициядан жарысты бастап, алғашқы айналымдардан-ақ көшбасшылықты уысынан шығармады. Екінші орынды Mercedes командасының қатысушысы Джордж Рассел иеленсе, үшінші болып Williams атынан қатысқан Карлос Сайнс мәреге жетті. Жарыс кезінде оқыс оқиғалар да болды. McLaren командасының пилоты Оскар Пиастридің болиді бір бұрылыста қоршауға соқтығысып, бұл жағдай қауіпсіздік көлігінің трассаға уақытша шығуына себеп болды. Абырой болғанда, жарысушының өзі зардап шеккен жоқ.…
Қасым-Жомарт Тоқаев Смитсон орталығының халық шығармашылығы және мәдени мұра арнайы жобалары жөніндегі директоры Халле Батвинге қазақ мәдениетін АҚШ-та белсенді түрде дәріптеп жүргені үшін алғыс айтты. Фото: Ақорда — Орталық жанынан құрылған Қазақстанның мәдени мұра қоры ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді насихаттаумен, сондай-ақ қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрі және рухани өмірін зерттеуге арналған бірлескен ғылыми жобаларды ұйымдастырумен айналысады. Мемлекет басшысы мәдени дипломатия Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді, — делінген хабарламада. Айта кетейік, Смитсон институты — әлемнің ең ірі мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу кешендерінің бірі. Оның құрамына 21 музей мен галерея, 14 ғылыми және білім беру орталығы, кітапханалар…
— Мен 1948 жылғы туғанмын. Өзім жас кезімнен спортты жақсы көремін. Әкем соғыстан оралған соң, бізді атқа жиі мінгізетін. Мен кіп-кішкентай болсам да, атта еркін шауып, ер бала секілді шымыр болып өстім. Құрдастарыммен ойнап, төбелесетін едік. Сол кезде олардың бәрін жеңіп тастайтынмын. Техникумда оқыған кезімде гимнастикаға қатыстым. Елде ветеринария саласын оқыдым. Зоотехник те еркектің жұмысы ғой. Атты да, тракторды да тізгіндедім. Солай мықты болып өстім, — дейді студия қонағы. Кәуия апа Астанаға қоныс аударған балаларына еріп келген. Қария елордаға көшкен соң төрт қабырғада қамалып отыра алмағанын айтады. — Балаларым елордаға көшкен соң, біз де артынан келдік. Малдың соңында жүгіріп, от жағып, ауыр тірліктің…
Ислам мәдениеті музейінің директоры Мұрат Әміржановтың айтуынша, музей жұмысының негізі мақсаты — ғылыми-ағартушылық, ғылыми-зерттеу, баға жетпес жәдігерлерді жинау және оны көпшілікке таныту. Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform — Бұл жайнамазды Бәбіш қажының анасы тігіп берген, осы жайнамазбен атамыз, ол Ақжар ауданы Үлкен Қараой төңірегінен, Омбы уезі арқылы үш рет қажылыққа барған. Бір рет жамағат болып, екі рет керуен басы болып барған. Ол кісіні бара жатқандар керуенбасы етіп тағайындаған, өйткені ол кісі Ислам қағидаларын толық меңгерген адам. Одан тараған ұрпақ музейге сыйлап, бұл қазір біздегі көне жәдігерлердің бірі, — дейді Мұрат Әміржанов. Фото: Ақерке Дәуренбекқызы/Kazinform Музей директорының айтуынша, Бәбіш қажының шын аты —…
«Астана Арена» стадионында өткен әйгілі Backstreet Boys тобының концертінен кейін көрермендер мәдениеттілік пен жауапкершіліктің ерекше үлгісін көрсетті. Олар еріктілермен бірге трибуналарды тазалауға көмектесті. Фото: Астана әкімдігі Көрермендер орындарынан тұрып, жерде жатқан пластик бөтелкелерді, қағаздарды және өзге де қалдықтарды жинады. Акцияға балалар мен ересектердің сүйіктісіне айналған экологиялық кейіпкер Тазабек те қатысты. Ол өзіне тән костюмімен қоқыс жинауға атсалысып қана қоймай, көрермендерді өзіне баурап, тазалық шарасын ерекше көңіл күйге бөледі. Фото: Астана әкімдігі Концерттің осындай іс-шарасы арқылы тазалық пен мәдениеттілік насихатталды. Бұдан бұрын Kazinform тілшісі Backstreet Boys тобының Астанадағы концерті қалай өткенін хабарлаған еді.