Автор: qaztimes

Кореяның орталық телеграф агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Корея басшысы бұл туралы өткен демалыс күндері парламент отырысында сөйлеген сөзінде айтты. — Егер АҚШ ядролық қарусыздандыруға деген бос құмарлығынан бас тартса және шындықты мойындай отырып, Солтүстік Кореямен бейбіт қатар өмір сүруге ұмтылуға дайын болса, АҚШ-пен келіссөз үстеліне отырмауға ешқандай себеп болмайды, — деп келтірді Yonhap агенттігі Солтүстік Корея көшбасшысының сөзін. Америка басшысымен соңғы рет 2019 жылы кездескен Ким былай деп қосты: — Менің президент Трамп туралы жақсы естеліктерім бар.  Оңтүстік Кореямен қарым-қатынас туралы айта келе, Солтүстік Корея басшысы Сеулмен келіссөз үстеліне ешқашан отырмайтынын және Пхеньян оңтүстікпен бірігуге ұмтылмайтынын мәлімдеді. Бұған дейін Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония…

Read More

— БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық саммитінің күн тәртібі ауқымды екені белгілі. Оған 100-ден астам мемлекет басшысы, мүдделі тараптар мен әлемдік көшбасшылар қатысады. Бұл кездесудің ерекшелігі неде? БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші мерейтойлық сессиясынан не күтуге болады? — Бас Ассамблеяның 80-ші сессиясы — маңызды кезең. БҰҰ-ның сексен жылдық мерейтойы халықаралық қатынастардың заманауи жүйесі Екінші дүниежүзілік соғыстан алған сабақтардан туындағанын еске салады. Бүгінде әлем тағы да жеке дара шешілмейтін дағдарыстармен бетпе-бет келіп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйектегі Жолдауында атап өткендей: «Біріккен Ұлттар Ұйымына әлі күнге дейін еш балама жоқ. Қазақстан оны көкейкесті халықаралық мәселенің бәрін әділ шешу жолындағы негізгі келіссөз алаңы болып…

Read More

Ұсынысқа сәйкес мұндай жағдайға тап болған қызметкер шағымды жасырын түрде бере алады. Ал, айыпталушы қызметкер өтірік анықтайтын құрылғы арқылы тексерілуі мүмкін. Егер кінәсі дәлелденсе, жұмыстан босатылу қаупі бар. Министрліктің мәліметінде жеке қылмыстық немесе әкімшілік бап енгізілмейді. Алайда харассмент зорлау, күш қолдану немесе кәмелетке толмағандарға қатысты әрекетке ұласқан болса, қылмыстық іс ретінде қаралып, ауыр жаза қолданылады. Бұл бастама жұмыс орнын қауіпсіз етуге бағытталған. Бірақ қоғамда сан түрлі пікір туғызып отыр. – Жалпы, қазір еңбек кодексінде харассмент мәселесі көзделмеген. Сонымен қатар бүгінде этикалық кодекске сәйкес, жұмыскерді тәртіптік жауапкершілікке тарту мүмкіндігі ғана бар. Бірақ, харрасмент деп күдікке ілінген адам өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге құқығы…

Read More

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде: — доллар: сатып алу — 541,58 теңге, сату — 543,53 теңге; — еуро: сатып алу — 635,72 теңге, сату — 639,81 теңге; — рубль 6,39 — 6,51 теңге аралығында саудаланады. — юань 76,13-78,80 теңге аралығында саудаланып жатыр. Елорданың ақша айырбастау пункттерінде: — доллар 539,48 теңгеден сатып алынады, 544,51 теңгеден сатылады; — еуро: сатып алу — 633,59 теңге, сату — 641,61 теңге; — рубль: сатып алу — 6,35 теңге, сату — 6,55 теңге. — юань 77,23 теңгеден сатып алынады, 81,37 теңгеден сатылады; Еске салайық, өткер апта аяғында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа…

Read More

Ең бастысы индикаторлар толығымен автоматтандырылған. Яғни, қосымша қағазбастылық жоқ. Барлығы ресми түрде тіркеліп отырады. Айта кетейік, қаража тек дәрігерлерге ғана емес, учаскелік медбикелер мен фельдшерлерге, сонымен қатар, жүкті әйелдермен жұмыс істейтін әйелдерге де қарастырылған. Сарапшылардың сөзінше мұндай төлемдер ерекше еңбек жағдайында жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлерін ынталандырып, сапалы қызмет көрсетуге серпін береді. – Бұның барлығы емханадағы дәргілерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қарастырылған. Себебі емханада істейтін мамандардың жұмысы физикалық әрі психикалық тұрғыда өте ауыр. Бұлай дейтініміз, соңғы уақытта созылмалы емес және созылмалы-жұқпалы ауру саны көбейді. Ынталандыру компонент жүйесі 2011 жылы енгізілген болатын. Содан бері бұл жүйе жетілдірілген жоқ. Мәселе биыл тағы…

Read More

«Халық Арена» спорт кешенінде өткен әлем біріншілігіне 23 елден 250-ден астам жас спортшы қатысты. Жекпе-жекте татамиге шыққан әскери қызметшілер алтын мен күміс медаль еншіледі. — Офицер-мерген лейтенант Дархан Жорағұл 97 келі салмақта алтын иеленсе, 88 келі салмақта топ сержанты — дене шынықтыру және жауынгерлік даярлық бойынша нұсқаушы сержант Азамат Асылбекұлы екінші сатысынан көрінді, — делінген ақпаратта. Дархан Жорағұл Құрлық әскерлерінің әскери институтында оқып жүрген кезден бері спортпен шұғылдана бастады. Ол 2021 және 2024 жылдардағы жастар арасындағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Сержант Азамат Асылбекұлы қоян-қолтық ұрыстан 4 дүркін ел чемпионы, Қазақстан Кубогы және армиялық қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионы. Сондай-ақ батуттық гимнастикадан қазақстандықтар Әлем кубогы кезеңінде чемпион атанды. 

Read More

Мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сирия президенті 1967 жылдан бері бұл шараға алғаш рет қатысып отыр. Әл-Қаиданың бұрынғы жетекшісі Шараа мамыр айында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен. Эр-Риядтағы кездесуде Ақ үй басшысы оны мойындап, Сирия президенті дипломатиялық жетістікке қол жеткізді. — Осыдан кейін АҚШ Сирияға салынған санкциялардың көпшілігін алып тастады. Ал Трамп әкімшілігі Шарааның елді біріктіру және тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерін қолдайтынын білдірді, — делінген ақпаратта. Ахмед аш-Шараа сейсенбіде Бас Ассамблеяның сессиясында өзінің инаугурациялық сөзін айтады деп жоспарланған. Айта кетейік, тәліптер Трамптың Баграм әуебазасын қайтару туралы талабын қабылдамады.

Read More

Қытай Халық Республикасының Үрімжі қаласында алғаш рет Қытай және Орта Азия елдері полицияларының арасында халықаралық жарыс өтті. Турнир барысында қатысушылар еркін күрес, кикбоксинг, әртүрлі қарудан ату сияқты спорт түрлерінен сынға түсіп, сондай-ақ қылмыспен күрес қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қажетті тактикалық операция элементтерін пысықтады. — ҚР Ішкі істер министрлігінің құрама командасы ел намысын абыроймен қорғап, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Олар тек алаң иелеріне — Қытай құрамасына жол берді. Бұл жетістік — күнделікті заң мен тәртіптің сақшысы болып жүрген қызметкерлердің жоғары деңгейдегі дене дайындығының, тәртібі мен кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі, — делінген ақпаратта. Айта кету керек, аталған турнирді ұйымдастыру бастамасын Қазақстанның Ішкі істер министрі көтерген болатын.…

Read More

Оның айтуынша, Франция Палестина мемлекетін мойындау жоспарын жариялағанымен, ХАМАС Газа секторындағы қалған тұтқындарды босатпайынша, Палестинада елшілігін ашпайды. Макрон тұтқындарды босату «Палестинада елшілік ашу алдында нақты талап болатынын» айтты. Сонымен қатар Израильдің палестиналықтарды Газадан ығыстыруға бағытталған кез келген ықтимал әрекеттеріне үзілді-кесілді қарсылығын білдірді. — Бірақ мұндай жоспардың негізі оларды ығыстыру болса, онда бұл жай ғана ақылсыздық. Біз Америка Құрама Штаттарының беделі үшін де, Францияның мүддесі үшін де мұндай жобаға ашық та, жанама түрде немқұрайлы қарай алмаймыз, — деп мәлімдеді Макрон. Еске салайық, Израиль Ұлыбритания, Аустралия және Канаданың Палестина мемлекетін мойындағанын айыптады. 

Read More

Шара қаланың мол өнімін және мәдени алуандығын бейнелейтін мереке ретінде Тұңғыш Президент саябағында өтті. Фестивальге Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қатысты. Фото: Алматы қаласының әкімдігі — Әдеттегідей саябақ аумағы ауқымды егін мерекесі мен ұлттық дәстүрлер алаңына айналды. Қонақтар үшін алма жәрмеңкесі, этноаймақ, қолөнер бұйымдарының базары, гастрономиялық алаңдар, спорттық жарыстар және түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 50 фермер шамамен 100 тонна алма әкелді. Күні бойы фестивальді 100 мыңға жуық адам тамашалайды деп жоспарланған, — деп жазды әкімдіктің ресми сайты.  Музыкалық бағдарламаны белгілі диджейлердің сэттері сүйемелдесе, мереке кешкі уақытта үлкен концерттік бағдарламаға ұласады. Сахнаға TURAR, Astra, Дос-Мукасан, Карина Абдуллина и Royals Band сынды…

Read More