Автор: qaztimes

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль 19 қыркүйекте билікті асыра пайдалану және мемлекеттік органдарға кедергі жасау істерін қарайтын Сеул орталық аудандық сотына шағым түсірген. Оңтүстіккореялық БАҚ-тың хабарлауынша, қаңтар айында Юн Сок Юл президенттің қауіпсіздік қызметіне өзін тұтқындауға жол бермеуді тапсырған көрінеді. — Кепіл туралы өтініш бойынша тыңдау күні әлі белгіленген жоқ. Юн Сок Ёль 2024 жылдың 3 желтоқсанындағы әскери жағдайға байланысты бүлік ұйымдастырды деген айыппен 10 шілдеден бері қамауда отыр. Сәуірде Конституциялық сот оны биліктен шеттеткен», — делінген хабарламада. Юн Сок Ёль президент кезінде алғаш рет қаңтар айында бүлік шығаруға қатысты қылмыстық тергеу аясында тергеу изоляторына қамауға алынған. Сот прокурорлар ресми айыптауды бірнеше сағатқа кешіктірді деген…

Read More

— 2025 жылғы 22 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау мен Астанада күтіледі, — делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Read More

Жаһандық жобалармен айналысатын АҚШ-тың жетекші инвестициялық банкі Goldman Sachs-пен маңызды кездесу өтті. Тараптар сандық инфрақұрылымды, оның ішінде AI агенттерін және ірі деректер орталықтарын қаржыландыруды дамытудың бірлескен мүмкіндіктерін талқылады. — Бүгінде Goldman Sachs әртүрлі деректер орталығын қаржыландыру құралдарын белсенді түрде пайдаланып жатыр. Олардың АҚШ-та осы салада көптеген жобалары бар, сондықтан біз оларды өңіріміздегі цифрлық инфрақұрылымға инвестиция тарту үшін қалай пайдалануға болатынын зерттеп жатырмыз, — деді Жаслан Мәдиев. Айта кетейік, Мемлекет басшысы америкалық Goldman Sachs жетекші инвестициялық банкінің Қазақстан Ұлттық банкімен ұзақ мерзімді серіктестік орнатқанын атап өтіп, ықпалдастық деңгейіне жоғары баға берді.

Read More

— Антициклон жотасы Қазақстанның шығысында жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. ҚР қалған аумақтарында оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер найзағай мен жаңбыр әкеледі, солтүстік өнірлерде бұршақ жаууы ықтимал. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте — шаңды дауыл, солтүстікте — дауыл, түнгі және таңертеңгі уақытта — тұман күтіледі, — делінген хабарламада. Түнде Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1 градус үсік күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Сондай-ақ Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында да…

Read More

Ақтау электр желілері басқармасы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2025 жылғы 22 қыркүйекте жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлімдеді. Соған байланысты 26 және 27 шағынаудандарындағы бірқатар тұрғын үйде электр энергиясын беру уақытша шектеледі. 26 шағынауданында: 22 қыркүйек күні сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін №1, 7, 8 тұрғын үйлерге жарық беру тоқтатылады. 27 шағынауданында: 22 қыркүйек күні сағат 13:30-дан 17:30-ға дейін №1, 2, 8, 10, 11, 53, 54, 76б, 87, 92 үйлерге электр энергиясы уақытша берілмейді. Бұған дейін Ақтауда жауын құйып, көшелерді су басқанын жазғанбыз.

Read More

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, қаражат Йеменді дамыту және қалпына келтіру бағдарламасы аясында бөлінеді және елдің экономикалық дамуын қолдауға бағытталады. Жалпы көмек сомасы 1,38 млрд риялдан (шамамен 368 млн доллар) асады. Мәлімдемеде бұл қаражатты бөлу туралы шешім король Салман ибн Абдулазиздің бұйрығымен және мұрагер ханзада Мұхаммед ибн Салманның ұсынысы бойынша, Йемендегі ауыр экономикалық жағдайды ескере отырып қабылданғаны айтылған. Көмек президент әл-Алимидің өтініші бойынша көрсетіліп, Сауд Арабиясының Йемен үкіметіне көрсететін қолдауының бір бөлігі болады. Қаражат денсаулық сақтау, мемлекеттік бюджет және мұнай саласына бағытталады. 2014 жылдың қыркүйегінен бастап Йеменнің астанасы Сана және бірнеше аймақты Иран қолдайтын хуситтер бақылауда ұстап отыр. 2015…

Read More

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дәмхананың сорғыш жүйесінен түтін шығып, ұшқын атқылағаны байқалған. — Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қауіпсіздік мақсатында подъезден 31 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада. ТЖМ төтенше жағдай туындағанда 112 нөміріне хабарласу керектігін еске салды. Осыдан бұрын Астанада да тұрғын үйдегі кафе өртеніп, 8 пәтер тұрғындары зардап шеккені туралы жазғанбыз.

Read More

Бұл туралы премьер-министр Петр Фиала мәлімдеді. Оның айтуынша, топтың негізгі міндеті — дрон технологияларының даму барысын қадағалау және дрондардан туындайтын ықтимал қауіптерге жауап шараларын әзірлеу болады.  Топ құрамына Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, көлік, әскер және полиция салаларының сарапшылары кіреді. Қорғаныс министрі Яна Чернохова Чехия көп деңгейлі әуе қорғаныс жүйесін құруға ұмтылып отырғанын атап өтті. Ол тек дрондардан ғана емес, басқа да қауіптерден қорғауды қамтиды. Осы стратегия аясында ел әртүрлі типтегі бірнеше жүз дрон сатып алу бойынша тендерді аяқтап жатыр. Бұдан бұрын Чехия 2030 жылға дейін ЖІӨ-нің 3%-ын қорғанысқа бөлуді жоспарлап отырғанын жазғанбыз.

Read More

Көзі қырағы қыран құсты қолына қондырып, аңға салуды жаны сүйетін жандардың басын қосып келе жатқан «Шығыс салбурыны» фестивалі биыл да жалғасын таппақ. Оған әдеттегідей әлемнің әр түкпірінен бүркітшілер келеді деп күтіліп отыр. – «Шығыс салбурыны — 2025» фестивалі 9-11 қазан аралығында Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылының маңындағы «Бүркіт төбе» алаңында ұйымдастырылады. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелден бүркітшілер қатысады. Олар жыртқыш құстардың күшін, шеберлігін және сұлулығын көрсетіп, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүрлерді кеңінен насихаттамақ, — деп хабарлады Ұлан ауданы әкімдігінен. Айта кетейік, былтыр бүркітшілер додасына 90-нан астам құсбегі қатысып, 5000-нан астам адам келген. Еске салсақ, осыған дейін бүркітші қыз Түркістанда мұражай…

Read More

Қытай сирек кездесетін аурулардың тізімін 207-ге дейін кеңейтіп, олардың емделуіне арналған шамамен 100 дәріні медициналық сақтандыруға енгізді. Бұл туралы 2025 жылғы Қытайдағы сирек аурулар конференциясында хабарланды. Сирек кездесетін ауруларға шалдыққан пациенттер саны аз және зерттеу шығындары жоғары болғандықтан, денсаулық сақтау саласында кеңінен назар аударылмайды. Дегенмен, бірнеше мемлекеттік ұйымдардың үйлесімді күш-жігерінің арқасында Қытай мұндай ауруларды алдын алу және емдеу жүйесін жедел дамытып, науқастарға дәрі-дәрмекті физикалық және қаржылай қолжетімді етіп жатыр. 2024 жылы медициналық сақтандыру қорлары сирек ауруларға арналған дәрі-дәрмек төлеміне 8,6 млрд юань (шамамен 1,2 млрд АҚШ доллары) бөлді, бұл дәрі-дәрмектерге арналған жалпы сақтандыру төлемдерінің шамамен 7,7% құрады. Дәрі-дәрмектерді сақтандыру арқылы…

Read More