Автор: qaztimes

Қасым-Жомарт Тоқаев Cameco «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрыннан келе жатқан сенімді серіктесі екенін атап өтті. Елімізде қызмет ете бастағаннан бері аталған компания 500 миллион доллардан астам инвестиция құйған әрі технологиялар трансфертіне ықпал еткен. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан энергетиканы дамытудың жаңа кезеңіне өтіп, алдағы уақытта үш атом электр стансасын салуды көздеп отыр. Еліміз атом саласында қолданылатын инновациялық тәсілдерге қызығушылық танытады. Фото: Ақорда Тим Гитцель Президентке «Инкай» бірлескен кәсіпорнының қазіргі қызметі мен жоспарлары жөнінде ақпарат берді. Бұл компания Түркістан облысында орналасқан кен орнын ширек ғасырдан бері игеріп келеді.  Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталғанын жазған едік. 

Read More

Абдул-Фаттах Рамазанов татардың белгілі саудагерлер әулетінен шыққан. Олар Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібір аумағында сауда-саттықпен айналысқан.  XIX ғасырдың соңында көпес Павлодарға келіп, кейін осы жерде қоныстанып қалады. Дәл осы қалада ол өз ғұмырындағы тарихи із қалдырған игі істермен айналысады.  Фаттах Рамазановтың бастамасымен Павлодарда салынған алғашқы маңызды ғимараттардың бірі – қазіргі Бұқар жырау атындағы мұражай. Бұл үй келушілерді өзінің ерекше ою-өрнектерімен таңғалдырады.  Фото: Артем Викторов / Kazinform Павлодарлық журналист Салауат Темірболатұлы біраз жылдан бері саудагердің өмірін зерттеп келеді. Оның айтуынша, Рамазанов жайлы сан түрлі аңыз бар, бірақ бүгінде оның кейбірі шындыққа айналып келе жатқандай.  – Естеліктерден біз Рамазановтың осы қалада 7…

Read More

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда ATP рейтингісінде 99-орында тұрған чехиялық Далибор Сврчинаға тап келді. Бублик қарсыласын бет қаратпай ұтты — 6:1, 6:1. Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Бублик 6 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланып үлгерді. Александр Бублик финалға шығу үшін рейтингіде 196-сатыдағы қытайлық У Ибинмен таласады. Ол ширек финалда әлемнің 18-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевті ұтып кетті – 5:7, 7:6 (7:5), 6:4. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Шевченконың Қытайдағы турнирдің ширек финалына жолдама алғанын жазған едік.  Сондай-ақ Александр Бублик Қытайдағы жарыста қарсыласын камбэкпен тізе бүктірді.

Read More

– Үйдің өз уақытында тапсырылмауы – мыңдаған үлескерге таныс жағдай. Дегенмен, 2025 жылдың жазында Қазақстанда үлестік құрылысқа қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Олар сатып алушылардың құқығын күшейтіп, құрылысшыларға бақылауды қатайтты, — деп хабарлады ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы. Заң әрбір қадамды қадағалайды Заңға сәйкес, құрылысшы үлескерлердің ақшасын тек үш тәсілмен тарта алады: • Бірыңғай оператордың кепілдігі арқылы, • Екінші деңгейлі банктің қолдауымен, • Үй қаңқасы тұрғызылғаннан кейін. Осы шарттар болмаса, құрылысшы ережені бұзған болып саналады.  2025 жылғы 30 тамызда басты жаңалық енгізілді: енді кез келген тұрғын үйді сатып алу тек Бірыңғай жүйеде тіркелген үлестік қатысу туралы келісімшарт (ҮҚК) арқылы ғана…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық Goldman Sachs жетекші инвестициялық банкінің Қазақстан Ұлттық банкімен ұзақ мерзімді серіктестік орнатқанын атап өтіп, ықпалдастық деңгейіне жоғары баға берді. Мемлекет басшысының айтуынша, толық цифрлық мемлекетке айналуды көздейтін Қазақстан жасанды интеллект, қаржы экожүйесін цифрландыру салаларындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытады. Фото: Ақорда Ал Джаред Коэн Goldman Sachs Digital Asset Platform цифрлық қаржы тұғырнамасының тәжірибесіне тоқталды. Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Cameco корпорациясының президенті Тим Гитцельді қабылдағанын жазған едік.  Мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталғанын хабарладық. 

Read More

Қазақстандық теннисші ширек финалда ATP рейтингісінде 168-орында тұрған жапониялық Таро Дэниелмен шеберлік байқасты. Бірінші партияда қазақстандық теннисші тай-брейкте табандылық танытты — 7:6 (7:2). Екіншісінде Дэниел есе қайырды — 6:3. Үшінші, шешуші сетте Шевченко жеңісті жұлып алды — 6:2. Екі сағат 5 минутқа созылған тартысты бәсекеде А.Шевченко 7 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Жапониялық спортшы 9 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті. Александр Шевченко финалға шығу үшін әлемнің 9-ыншы, осы жарыстың 1-ракеткасы, италиялық Лоренцо Музеттимен шеберлік таластырады. Ол ширек финалда рейтингіде 114-сатыдағы грузиялық Николоз Басилашвилиді қапы қалдырды – 6:3, 6:3.  Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Шевченконың Қытайдағы турнирдің…

Read More

Қадырды Ақжайық жұртшылығы айрықша қадір тұтады. Орал қаласы мен Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында ақынның еңселі ескерткіші орнатылса, Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Фото: Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығынан Мерейтой аясында ақын ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, «Атамекен» өнер орталығында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония артистері дәуір дарабозына арналған концерт қойды.  Кеш барысында сөз алған Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қадыр Мырза Әлінің өлеңімен де, азаматтық болмысымен де Тәуелсіздігіміздің іргетасын қаласып, ұлтымыздың рухын көтерген қайраткер екенін атап өтті.  Фото: Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығынан Бүгінде…

Read More

Алматы қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Дамир Ермағамбетов жер сілкінісі туралы хабарландырудан кейін қала тұрғындарына үндеу жасады. – Құрметті алматылықтар мен қала қонақтары! Бүгін, 21 қыркүйек күні, шамамен сағат 16:25-те Астана уақыты бойынша Алматыдан 9 шақырым жерде сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеді. Алайда тұрғындарға сезілген жоқ. Дүрбелең мен алаңдаушылыққа негіз жоқ. Жағдайды төтенше жағдайлар департаменті толық бақылауда ұстап отыр. Сейсмология институтының деректері бойынша қайталама афтершоктар күтілмейді, — деді ол бейнеүндеуінде. Бұған дейін Алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабарлама келді. Кейін Алматы қаласынан 9 шақырым жерде жер сілкінгені хабарланды.

Read More

Жәрмеңкеде Абай және Атырау облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ет, балық, сүт өнімдері, бакалея, көкөніс пен жеміс-жидектер сынды әртүрлі өнімдерді тікелей фермерлерден ұсынады. Бұл өз кезегінде азық-түліктің қолжетімділігін арттырып, отандық өндірушілерді қолдауға септігін тигізеді.  Атап айтқанда, өңірлік тауар өндірушілер шамамен 400 тонна өнім әкелген. Оның ішінде 140 тонна ет және ет өнімдері, 80 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 70 тонна бал, 50 тонна бақша өнімдері, 25 тонна балық, 15 тонна сүт өнімдері және шамамен 20 тонна өзге де азық-түлік өнімдері бар. Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қонақтары өнімдерді фермерлерден тікелей сатып алып қана қоймай, өңірлік шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаны…

Read More

ТЖМ мәліметінше, 28 сейсмостанциядан құрылған автоматтандырылған ерте ескерту жүйесі (АСРО) Алматыда 2023 жылдан бастап іске қосылған.  – Алғаш болып оқиғаны тіркеген станция — Ақжардағы станция болды. Алынған деректер негізінде жүйе MasAlert-ке сигнал жіберіп, содан кейін ресми хабарлама таратылды, — делінген ведомство жауабында. Министрлік АСРО мен MasAlert жүйесінің интеграциясы бойынша жұмыстар жалғасатынын хабарлады. – Мамандар ақпарат беру және аналитикалық алгоритмдерді жетілдіру жұмыстарын жүргізуде, бұл қауіпті сейсмикалық оқиғалар кезінде халықты дер кезінде хабардар етуге, сондай ақ нақтылығын арттыруға мүмкіндік береді, — деп хабарлады ТЖМ. Еске салайық, Алматы маңында жер дүмпуі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде Қазақстан…

Read More