— Мен Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында туып-өстім. № 21 орыс мектебін бітірдім. 11 жыл бойы қалада, орысша білім алдым. Шынымды айтсам, ауылда тұрамын деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмейтін. Бірақ жолдасыммен мектеп бітіргеннен кейін-ақ бас қостық, сөйтіп 18 жасымда ауылға келін болып түстім, — дейді Эльмира. Алғашқы жылдары жас келінге оңай болмаған. — Қалада адамдардың арасында жүрген соң, айдалада көршісіз, жалғыз үй болып тұру маған қатты қиын тиді. «Қайдан ғана тұрмысқа шықтым екен, оқуымды жалғастырып жүре тұрмадым ба?» деп жылаған кездерім де болды. Бірақ уақыт бәріне үйретеді ғой. Қазір 17 жыл өтті. Қаланың ыстығын аса сағынбаймын, керісінше ауылдың тыныштығына, еркіндігіне бауыр…
Автор: qaztimes
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. Министрдің сөзінше, «Болашақ» бағдарламасының аясында енді атақты Смитсон институты негізінде антропология, тарих сынды салаларда тағылымдамалар өткізіледі. — Бүгін Президентіміздің ресми сапарының аясында АҚШ-тың екі үлкен институтымен кездесу өткізілді. Біріншісі атақты — Смитсон институты болды. «Болашақ» бағдарламасының аясында енді атақты Смитсон институты негізінде антропология, тарих, мәдениеттану, дінтану және тағы басқа да салаларда тағылымдамалар ұйымдастырылады. Келесі жылдан бастап арнайы тағылымдама бағдарламасы ашылады. Ол ғылыми қызметкерлерімізге, мәдениеттанушыларымызға, антрополог-тарихшыларымызға ең терең тарихи зерттеулерді осы институттың негізінде өткізуге мүмкіндік береді, — деді Саясат Нұрбек. Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысы Educational Testing Service (ETS) компаниясының көмегімен Ұлттық Бірыңғай…
Жүздеген дрон әуеге көтеріліп, жарықпен түрлі бейнелер жасап, түнгі аспанды сиқырлы көрініске бөледі. Фото: Видеодан скрин Фото: Видеодан скрин Бұл шоу кештің нағыз сәніне айналып, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады. Фото: Видеодан скрин Фото: Видеодан скрин Айта кетейік, бұдан бұрын Kazinform тілшісі Backstreet Boys тобының Астанадағы концерті қалай өткенін хабарлаған еді. ▶» allow=»accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture» allowfullscreen=»allowfullscreen»> Кейіннен Тазабек бастаған топ Backstreet Boys концертінен кейін стадионды тазартқаны анықталды. Әкімдіктің мәліметінше, Backstreet Boys концертіне 45 елден 12 мың турист келді. Олардың қатарында Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа елдердің азаматтары бар.
Іс-шараның барынша қолжетімді әрі жайлы өтуі үшін аренада арнайы жағдай жасалды: ыңғайлы кіреберістер қарастырылып, қозғалысы шектеулі жандарға арналған бөлек орындар жабдықталды, сондай-ақ еріктілердің көмегі ұйымдастырылды. Фото: Астана әкімдігі Көрермендердің айтуынша, мұндай шаралар концерттің толыққанды қатысушысы ретінде сезінуге және өзгелермен бірдей әсер алуға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұқаралық іс-шараларда кедергісіз орта қалыптастыру — елордадағы инклюзивті мәдениетті дамытудың маңызды қадамы. Бұдан бұрын Backstreet Boys тобы экологиялық акция аясында Астана саябағында ағаш отырғызып, домбыра шертіп көргенін жазғанбыз.
Былтыр қыркүйектен биыл тамызға дейін Қазақстан Өзбекстанға астық экспортын 34,4 пайызға арттырды. Яғни, қамтылып отырған аралықта ресми Астана Ташкентке 3,7 млн тонна өнім жеткізілді. Фото: Әлихан Асқар/Kazinform — Әр өзбек отбасының дастарханындағы нан Қазақстанның сапалы бидайынан жасалған. Себебі көрші елдің астығы брендке айналды. Ірі нан өндірушілерден бастап үй шаруасындағы әйелдерге дейін сапалы өнімді тұтынады. Биыл конференцияға Қазақстаннан 150-ге жуық ірі өндіруші келді. Біз олармен келісімдер жасап, алдағы жұмыс барысын талқылап жатырмыз. Қазіргі уақытта Өзбекстанда қазақстандық бидай мен май өнімдеріне деген сұраныс артып келеді, — деді конференцияны ұйымдастырушы, өзбекстандық астық тасымалдау компаниясының басшысы Алишер Махмудов. Фото: Әлихан Асқар/Kazinform Іс-шараға қатысқан кәсіпкерлер…
Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы ETS компаниясының білімді тестілеу мен бағалау саласында көш бастап келе жатқанына ерекше назар аударды. Президенттің айтуынша, Қазақстан білім беру жүйесінде компанияның тәжірибесін зерделеу мен пайдалануға қызығушылық танытады. Фото: Ақорда Амит Севак Мемлекет басшысына компанияның халықаралық жұмыс жоспары туралы мәлімет берді. Ұйым жылына әлемнің 180 еліне 50 миллионнан аса тест әзірлейді әрі әкімшілендіреді, сондай-ақ ұлттық білім беру жүйесіне арналған бейіндік шешімдерді ұсынады. ▶» allow=»accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture» allowfullscreen=»allowfullscreen»> Осыған дейін Мемлекет басшысы Goldman Sachs Global Institute компаниясының жаһандық мәселелер бойынша президенті Джаред Коэнмен кездесу өткізгенін жазған едік.
Бірнеше батыс елдері – Франция, Ұлыбритания, Португалия, Канада, Аустралия, Бельгия – дүйсенбіде ашылатын БҰҰ Бас Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясында Палестина мемлекетін мойындайтындарын жазда жариялады. АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі бұл қадамға қарсы, Израиль де оны сынады. – Бүгін палестиналықтар мен израильдіктер үшін бейбітшілік пен екі мемлекетті шешімге деген үмітті қалпына келтіру үшін Біріккен Корольдік Палестина мемлекетін ресми түрде мойындады, — деді Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер. Премьер-министр Марк Карни бүгіннен бастап «Канада Палестина мемлекетін мойындайды» деп мәлімдеді. – Канада Палестина мемлекетін мойындайды және Палестина мемлекеті мен Израиль мемлекеті үшін бейбіт болашақты құрудағы серіктестігін ұсынады, — деп жазды X желісіндегі парақшасында. Еске…
Депутат Е. Смышляеваның айтуынша, реттеушілер арасындағы пікірталастарға қарамастан әзірге ешбір мемлекет адамның шығармашылық өнім жасаудағы үлесін нақты айқындайтын табысты тәжірибе қалыптастырған жоқ. — Қазір түрлі пікірталас жүріп жатыр, егер жүйе өздігінен түпнұсқа дүние жасаса, неге ол адамның қатысуынсыз да қорғалмайды? Мұндай жағдайда авторлық құқықта жаңа нормаларды ойлап тауып, бөлек санат енгізуге тура келуі мүмкін. Шартты түрде айтқанда, осындай өнімдерге арналған «электрондық» немесе «цифрлық» құқық болады. Сол кезде жүйелердің иелері мұндай құқыққа талап қойып, оны қорғау үшін күресе алады. Сондықтан да бұл тақырып өте даулы болып тұр, — деді ол. Депутаттың айтуынша, жасанды интеллект модельдерін оқыту кезінде әрбір автордан келісім алу…
Концертке Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония, Чехия, Сербия, Грекия, Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа елдерді қоса алғанда, 45 мемлекеттен 12 мыңнан астам турист арнайы келді. Фото: Астана әкімдігі Кештің ұйымдастырушысы — «Астана Концерт» компаниясы Total White дресс-кодын жариялап, іс-шараға ерекше бірлік пен стиль берді. Әлеуметтік желілерде #GetReadyWithMe тренді кең таралып, жанкүйерлер балалық шақтағы кумирлерін қарсы алуға қалай дайындалғанын көрсетті. Фото: Астана әкімдігі Backstreet Boys концерті Астанадағы әлемдік жұлдыздардың кезекті қойылымы ғана емес, елорда тарихына енген ауқымды мәдени оқиғаға айналды. Әлемдік музыкалық тарихтағы ең табысты поп-топтардың бірі саналатын Backstreet Boys 130 миллионнан астам альбом сатты. Фото: Астана әкімдігі Астанадағы…
Ведомство мәліметінше, өз мәлімдемесінде мемлекет басшылары бүкіл әлемдегі қақтығыстарда халықаралық гуманитарлық құқықтың (ХГҚ) кең ауқымда бұзылуына және оның салдарынан болып жатқан адамзаттық қасіретке алаңдаушылық білдірді. — Олар барлық мемлекеттер мен қарулы қақтығыстардың тараптарын ХГҚ-ны, атап айтқанда, бейбіт тұрғындарды, азаматтық нысандарды, сондай-ақ медицина және гуманитарлық сала қызметкерлерін қорғауға қатысты нормаларды сақтауға шақырды. Сондай-ақ мемлекет басшылары 2026 жылы соғыс кезінде ізгілікті сақтауға арналған жоғары деңгейдегі жаһандық кездесу ұйымдастырылатынын жариялады, — делінген министрлік хабарламасында. Сыртқы істер министрлігі атап өткендей, бұл мәлімдеме халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті күшейту жөніндегі Жаһандық бастаманы ілгерілету аясында жасалды. — Бастама ХГҚ-ның неғұрлым қатаң сақталуын қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеуге бағытталған…