63 келі салмақта өнер көрсеткен Қалмаханов шешуші кездесуде оңтүстіккореялық Чунг Хан-Джаені жеңді. Бұл өзбекстандық спортшының 24 жылдық үзілістен соң грек-рим күресінен әлем чемпионатында алған алғашқы алтын медалі болды болды. Осылайша, Өзбекстан құрамасы бұл жарыста 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медальді еншіледі. Еске сала кетейік, қазақстандық Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен 26 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын алды.
Автор: qaztimes
— Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда киноиндустрияны экономиканың жеке секторы ретінде қарастыру туралы тапсырмасына орай, соңғы 2 жылда еліміздегі кинематография саласының жеке индустрия ретінде қалыптасып келе жатқандығын атап өткіміз келеді. Атап айтсақ, 2024 жылы отандық фильмдердің жалпы кинопрокаттағы үлесі 21 пайызға (94 фильм) жетті. 2025 жылы аталған көрсеткіш 25 пайызды құрауы қажет, — делінген Мәдениет комитетінің Kazinform агенттігіне берген жауабында. 2024 жылы жеке қаржыға түсірілген «Дәстүр», «Приговор», «Научи меня жить», «Любовь со второго взгляда», «Рэкетир 3» отандық фильмдері, сондай-ақ 2025 жылы «Патруль», «Азартник», «Малай» фильмдері шет мемлекеттерде кинопрокатқа шықты. Мұнымен қоса, мемлекеттік қолдаумен Кино орталығы арқылы түсірілген бірқатар…
Мереке күні мегаполис перзентханаларында 69 сәби дүниеге есігін ашты. Оның ішінде: 32 ұл және 37 қыз. Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы нәрестелер мен олардың аналары қазір өздерін жақсы сезініп отырғанын хабарлады. Сондай-ақ ведомство мәліметінше, Қалалық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Салмағы 1968 грамм және бойы 42 см ұл, салмағы 1648 грамм және бойы 40 см қыз, салмағы 1699 грамм және бойы 41 см болатын тағы бір қыз өмірге келді. Отбасы «Аңсаған сәби» ЭКҰ мемлекеттік қолдау бағдарламасына жүгінген. Сәбилердің анасы 30 жаста. — Отаға сағат таңғы төрт болғанына қарамастан, перинаталдық орталықтың білікті мамандар тобы жедел жұмылдырылды. Дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында кесір…
Нысанның ерекшелігі – оның сәулеттік шешімі мен мағынасының тереңдігі. Монументтің іргетасы осыдан үш жыл бұрын қаланып, дін көшбасшылары жиналған кезде ортасына емен ағашы отырғызылған. Жобаның авторларының бірі, мүсінші Темірлан Тлес Kazinform тілшісіне берген сұхбатында бұл идея қалай туғанын айтып берді. Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform – Бұл жоба үш жыл бұрын басталған. Папа Римскийдің қатысуымен болған іс-шарада, яғни дін көшбасшыларының жиынында, осы идея негізі қаланды. Сол кезде ортасына емен ағаш егілген. Кейін сыртқы келбеті – төрт бағытты бейнелейтін киіз үй формасы ретінде бекітілді. Бірақ ішкі бөлігі әлі нақтыланбаған еді. Сол кезде бізге – маған және серіктесім Юнус Сапардиарға – ішкі кеңістікті көркемдеу…
Архив ұсынған суреттерде сол кездегі еліміздің Сыртқы істер министрлі Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеленген. Фото: Президент архиві БҰҰ Бас ассамблеясының 52-сессиясы, Нью-Йорк, 1997 жылдың 30 қыркүйегі БҰҰ Бас ассамблеясының 54-сессиясы, Нью-Йорк, 1999 жылдың 24 қыркүйегі Фото: Президент архиві Кейінірек, 2011 жылдың наурызында Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық миссиясын халықаралық деңгейде жалғастырып, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды әрі ұйымның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры болды. Естеріңізге сала кетсек, 9 қыркүйекте БҰҰ бас ассамблеясының мерейтойлық 80-сессиясы жұмысын бастады. Халықаралық ұйым 80 жылдың ішінде соғыстан кейінгі бітімгершіліктен жаһандық гуманитарлық миссияға дейінгі жолдан өтті. Айта кетейік, 21 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды. Сапар аясында…
ТЖМ бөлімшелерінің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында өрт оқшауланып, толық сөндірілді. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар бес газ баллонды қауіпсіз жерге шығарды. Бұл — ықтимал жарылыстың алдын алды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Айта кетейік, Шымкент қаласында төтенше жағдайлар қызметкерлері сауда ойын-сауық орталығында болған өртті сөндірді.
Сайысқа еліміздің барлық өңірінен, сондай-ақ Ресей, Беларусь және Әзербайжан мемлекетінен командалар жиналды. Үш күн бойы қатысушылар ересектер мен балалардың жүрек-өкпе реанимациясынан бастап жарақат алған кезде дәрігерге дейінгі көмекке, жаңа туған нәрестелерді қадағалап-қарауға және акушерлік асқынулар кезінде алғашқы көмек көрсетуге дейінгі нақты жағдайларға барынша жақын жағдайларда шұғыл көмек көрсету дағдыларын көрсетті. Фото: Минздрав РК Жарыстың қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: 1 орын — Жамбыл облысы 2 орын — Абай облысы 3 орын — Астана қаласы Фото: Минздрав РК Шетелдік командалардың арасында жеңімпаз атанғандар: 1 орын — Беларусь 2 орын-Ресей 3 орын-Әзірбайжан Арнайы номинациялар алғандар: «Үздік командалық жұмыс» — Павлодар облысы «Жеңіске деген жігері үшін» — Ұлытау облысы…
Жыл сайын 20 млн шаршы метрге жуық баспана салынады Қазақстанда тұрғын үй құрылысы — мемлекеттік саясаттың басымдық берілген бағыттарының бірі. 2023-2024 жылдары 36,9 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді, оның 19,1 млн шаршы метрі былтыр тапсырылды. Ал 2025 жылы елімізде барлық қаражат көздері есебінен 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 176-мыңнан астам пәтер салу жоспарланған. Статистикалық деректерге сәйкес, 7 айдың қорытындысы бойынша 9,4 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 86 мың пәтер пайдалануға берілді. Құрылыс саласындағы жасанды интеллект Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, депутат Мархабат Жайымбетовтің айтуынша, соңғы жылдары еліміздегі заңнамалық жүйе жаңғырып, экономиканың стратегиялық салаларында бірізділік…
ЕСІМДЕР 52 жыл бұрын (1973) Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Зәкірұлы ҚҰСАЙЫНОВ дүниеге келді. Фото: Gov.kz Алматы қаласында туған. Талдықорған заң колледжін, Д.Қонаев атындағы гуманитарлық институтты бітірген. Еңбек жолы: 1995-2019 жылдары Талдықорған облысы ІІД ТЖБ жедел уәкіл; Алматы облысы Ішкі істер басқармасында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2022 жылы Қарағанды облысы Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы, 2023 жылы Жетісу облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы; ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары, 2023-2024 жылдары актерлік Жетісу облыстық полиция басқармасының бастығы болып жұмыс атқарды. 2024 жылдың қаңтар айынан бері қазіргі қызметінде. 50 жыл бұрын (1975)…
Министрлік мәліметінше, осы жол карталарына сәйкес, биыл 120 гидротехникалық нысанды кәсіпорындардың балансына қабылдау жоспарланып отыр. 2026 жылы – 245, ал 2027 жылы – 465 нысанды қабылдау көзделген. Сонымен қатар 1 937-ге жуық гидротехникалық нысанды коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру жоспарда бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінде өңірлерде коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі 16 мамандандырылған ұйым құрылып, жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде 10 ұйым 2024-2025 жылдары құрылған. Қазір бұл ұйымдардың балансына 872 нысан қабылданып, 283 арнайы техника берілді және 1 197 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 310 қызметкер биыл жұмыспен қамтылды. – Жаңа мекемелер Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан,…