Павлодар қаласы әкімінің қаулысы негізінде 22 қыркүйектен бастап облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерді орталық жылу жүйесіне кезең-кезеңімен қосу басталды. — Ең алдымен, жылу бекітілген кестеге сәйкес жылуды қабылдауға толық дайын үйлерге беріледі. Бұл үдеріс бүкіл қала бойынша жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін біртіндеп жүргізіледі, — деп хабарлады «Павлодарэнерго» компаниясынан. Бұған дейін Павлодар қаласында әлеуметтік мекемелер 10 қыркүйектен бастап орталық жылу көзіне қосыла бастағанын хабарлағанбыз. Шаһарда 300-ге жуық әлеуметтік мекеме орналасқан. Екібастұз қаласындағы жер үйлерге де жылу сол уақыттан беріле бастаған.
Автор: qaztimes
Брюссель тұрғындары мен қонақтарына қала ішінде көлікпен жүруге тыйым салынды. Көптеген велосипедшілер мен жаяу жүргіншілер осы жексенбіні жылдың ең жақсы күні деп санады, өйткені Бельгия астанасы Еуропадағы ең үлкен көліксіз аймақтардың біріне айналды. Қалаға таңғы 9:30-дан кешкі 19:00-ге дейін көліктердің кіруіне тыйым салынды. Полиция тек қоғамдық көліктерге, таксилерге және төтенше жағдайлар қызметіне рұқсат берді. — Бүкіл аумақ бойынша жылдамдық шегі бүкіл 30 км/сағ құрайды, — деп мәлімдеді «Brussels Mobility» компаниясы. Бұл күні SNCB ұлттық теміржол компаниясы акция ұйымдастырып, Бельгия бойынша бір билетті 8 еуроға (шамамен 5 мың теңге) сатты. STIB/MIVB қоғамдық көлік операторы күні бойы тегін жүруді ұсынды және әдеттегі…
Әлем чемпионының жеңісі туралы Айдос Сұлтанғалидің ата-анасы Сұлтанғали Кеулімжаев пен Апиза Самилова ішкі толқынысымен бөлісті. — Қазір қандай сезімде екенімізді сөзбен айтып жеткізу қиын. Қалың елім — қазағым қалай уайымдаса, біз де солай тақымымызды қысып отырдық. Алладан дұға жасап, күні-түні тіледік. Сол тілектерді Алла қабыл етіп, баламыз жеңіске жетті, — дейді әкесі Сұлтанғали Кеулімжаев Jibek Joly арнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасында берген онлайн сұхбатында. Әкенің айтуынша, Айдос бұл жеңіске оңай жеткен жоқ. Бұған дейін халықаралық додалардан қола жүлделер алып жүрген. — Мен ұлымның жеңіске жететініне сендім. Қазір барынша шынығып, тәжірибе жинаған кезеңі ғой. Десе де, барған балуандардың бәрі — «сен тұр, мен атайындар». Жүректің түкпірінде…
Облыста кене шаққан науқастарға салатын иммуноглобулин жоқ. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, бұл мәселе жаз ортасынан бері өзекті. — Наурыз айында өңірге 23 850 мл кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин жеткізілген. Алайда күннің ерте жылып кетуі мен кенеден зардап шеккендердің көбеюіне байланысты бұл көлем жеткіліксіз болып қалды. Осындай тапшылық тек бізде ғана емес, бүкіл ел бойынша байқалып отыр, — дейді басқарма басшысының орынбасары Мадина Мырзабекова. Денсаулық сақтау басқармасы препарат жеткізушіге ресми хат жолдаған. — Ол жақтан қазір келісімшарт жасалып, қосымша екпелер сатып алынып жатыр деген жауап келді. Сондай-ақ бізде уақытша көрші өңірлерден қажетті мөлшерде препарат алу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.…
Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің ақпаратына сай, қаңтар-тамыз аралығында елдің сыртқы сауда айналымы 51,4 млрд долларға жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 19,8%-ға өсті. Бүгінгі таңда көршілес мемлекет әлемнің 200 елімен сауда-саттық жасайды. Өзбекстанның негізгі сауда серіктестері көшін Қытай бастап тұр. Екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 9,7 млрд доллардан (жалпы көлемнің 18,9%) асты. Ал сауда-саттықтың 16,1% Ресейдің үлесіне тиесілі. Бұл елмен арадағы экспорт-импорт көлемі 8,3 млрд доллардан асады. Сондай-ақ, көшбасшылардың үштігін Қазақстан түйіндейді. Ресми Астана мен Ташкент арасындағы тауар айналымы 3 млрд доллардан (5,9%) артық. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 605,1 млн долларға көп. Қамтылып отырған кезеңде Өзбекстан Қазақстанға 910,8 млн доллардың…
Жыл сайын Шығыстың қаһарлы қысында жолда қалатын көліктер аз емес. Тіпті 12 сағаттап қар құрсауында қалуға мәжбүр болып жатады. Енді 1 қарашадан бастап өңірде жолдардағы жағдай, пайдаланылып жатқан техника және төтенше оқиғаларға жедел ден қою бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады. Бұл туралы облыстық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан мәлім етті. Күн сайын таңертең жолдардың жай-күйіне қатысты жинақталған ақпарат төтенше жағдайлар қызметіне, полицияға және облыс әкімінің орынбасарына жеткізіліп отырылмақ. — Жол ұйымдарының, полиция бөлімшелерінің, төтенше жағдайлар қызметінің, қала және аудан әкімдіктерінің іс-қимыл жоспары жасалды. Сондай-ақ барлық жол қызметтерімен, трассалық медициналық-құтқару пункттерімен және ауылдық округ әкімдіктерімен байланыс орнатылған. Өткен қыста үйлесімді…
Бұл шара отбасыларға көрсетілетін көмектің ауқымын кеңейтуге, қолжетімділікті арттыруға және сүйемелдеудің сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін штат саны 1383 қызметкерге дейін ұлғайтылады. 2024 жылғы желтоқсанда қабылданған «Мемлекеттік наградалар, білім беру және бала құқықтарын қорғау туралы» Заңға сәйкес, алғаш рет нақты норма бекітілді, енді әрбір 5 мың балаға бір маманнан бөлінеді. Сонымен қатар өңірлерде қорғаншылық органдарының жұмысын үйлестіретін жаңа құрылымдар құрылып жатыр. Ақтөбе облысында Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы ашылды. Жақын уақытта мұндай бөлімшелер Астана қаласында және Қостанай облысында іске қосылады. – Жаңа штаттық норма Қазақстан үшін алғаш рет енгізіліп отыр және халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді. Бұл жергілікті деңгейде…
Байсат көтерме-бөлшек сауда базарының аумағында «Apple» тауар белгісімен ірі контрафактілік өнім партиясын сату дерегі анықталды. Жеке кәсіпкер өңірлерге ұялы телефондардың (қуаттағыш құрылғылар, кабельдер, құлаққаптар, адаптерлер және т.б.) контрафактілік аксессуарларын көтерме бағамен сатқаны анықталды. Фото: Әділет министрлігі Осы факті бойынша «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстінің» 158-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Шамамен 2 млн теңге сомасына 1,5 мың дана өнім тәркіленді. Фото: Әділет министрлігі Осыған ұқсас факт Байсат көтерме-бөлшек сауда базарының жанында орналасқан қойма үй-жайында анықталды. Онда WD-40 (әмбебап мақсаттағы техникалық аэрозоль) тауар белгісімен контрафактілік шығу белгілері бар өнімдері бар көтерме қойма табылды. Фото: Әділет министрлігі Жеке кәсіпкерге қатысты ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша…
Бұл көрсеткіш еліміздегі табиғи және экотуризмге деген қызығушылықтың артып келе жатқанын аңғартады. Келушілер саны бойынша көшбасшы – «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Ақмола облысындағы қарағайлы ормандарымен, әсем жартастары мен көлдерімен ерекшеленетін бұл аймаққа 600 мыңнан астам турист келген. «Қазақстандық Швейцария» атанған Бурабай – отбасылық демалыс пен белсенді туризмде сұранысқа ие бағыт. Фото: «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы Екінші орында – Іле-Алатау ұлттық паркі. Алматыға жақын орналасқан бұл аумақты 507 541 турист аралаған. Таулы ландшафттарымен, бай флорасы мен фаунасымен танымал парк экологиялық туризм бойынша ең сұранысқа ие орындардың бірі саналады. Фото: «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы Үздік үштікті «Көлсай көлдері» ұлттық паркі түйіндейді. Алматы облысындағы…
Павлодарда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл қызметкерлері әскери қызметшіден ақша бопсалады деген күдікпен облыс орталығының екі тұрғынын ұстады. – Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер бірнеше ай бойы әскери қызметшіге моральдық-психологиялық қысым көрсетіп, оның ақшалай қаражатын иемденген. Белгілі болғандай, ұсталғандар бұрын «қылмыстық ықпал ету ұйымында» болып, бірқатар қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамдардың ортасында жүрген. Қазіргі уақытта екі күдікті сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, сондай-ақ олардың өзге қылмыстық эпизодтарға қатыстылығы тексеріліп жатыр, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов. Еске сала кетейік, Жетісу облысында ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.