Берік Серікұлы 1980 жылдың 1 ақпанында Шымкент қаласында туған, қазақ, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік заң академиясын және Шеффилд университетін (Ұлыбритания) бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі — құқықтану, мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат. Еңбек жолын 2001 жылы Прокуратура органдарында бастады. 2010-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Әділет министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды. 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі болды. 2023 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымында еңбек етті.Айта кетейік, бұдан бұрын Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалғанын жазған болатынбыз.
Автор: qaztimes
Әлемге әйгілі бренд Алматы облысында снэктер шығаратын зауыт құрылысына кірісті. Инвестиция көлемі — 368 миллион доллар. — Президент жобаны іске асырудан күтілетін экономикалық пайдаға назар аударды. Компания 900-ге тарта тұрақты жұмыс орнын ашудан бөлек, қытырлаққа арналған картопты жергілікті жерде өсіруге ниетті, — делінген хабарламада. Стивен Кихоның айтуынша, бүгінгі таңда бағдарламаға Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы және Жетісу облыстарынан 15-ке жуық шаруашылық қосылған. Бұдан бөлек, шикізатты сақтау базасын кеңейтіп, картоп өнімділігі мен сапасын арттыру үшін ғылыми тәсілге жүгіну жоспарланып отыр. PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Cтивен Кихоның айтуынша, келесі жылы Қазақстанда снек шығаратын ең үлкен зауыттың бірі ашылады. – Президент мырза, қабылдағаныңыз…
Қазақстан Азия бойынша үшінші орынды иеленіп, бақыт деңгейі жоғары елдер қатарынан берік орын алды. Бұл көрсеткіштер әлеуметтік қолдау, таңдау еркіндігі және сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі сияқты критерийлер бойынша жоғары бағаланды. Бұл Қазақстанда өмір сүру сапасы мен экономикалық даму қатар жүріп жатқанын көрсетеді.2025 жылғы Азиядағы ең бақытты елдер рейтингі 1. Тайвань2. Сингапур3. Қазақстан4. Вьетнам5. Таиланд6. Жапония7. Филиппин8. Оңтүстік Корея9. Малайзия10. ҚытайОңтүстік-Шығыс Азияда бақыт деңгейі артып келеді • Сингапур аздап төмендегенімен (2-орын), жоғары өмір сүру деңгейі мен тиімді мемлекеттік басқаруымен әлі де алдыңғы қатарда. • Вьетнам пен Таиланд – аймақтағы берік мәдени байланыс пен ортақтық сезімі сақталған елдер. • Ханой, Хошимин және…
Ұлттық статистика комитетінің ақпаратына сай, қаңтар-тамыз аралығында Өзбекстан 8,42 млрд доллардың алтынын шет елдердің нарығына шығарды. 2024 жылдың сегіз айымен салыстырғанда бұл 68,9 пайызға көп. Әсіресе, көршілес мемлекет сәуірде алтын экспортын екі еселеді. Яғни, ол айда Өзбекстан қымбат металл саудасынан 1,91 млрд доллар пайда тапты. Қаңтар-тамыз аралығында ресми Ташкенттің жалпы экспорты 22,9 млрд доллар болса, соның 35 пайыздан астамы алтын саудасынан түскен кіріске тиесілі. Айта кетейік, бұл уақытқа дейін ең жоғары көрсеткіш 2023 жылы тіркелді. Ол кезеңде алтын экспорты есебінен ел экономикасы 8,15 млрд долларға толыққан еді. Еске салсақ, биыл маусымда Өзбекстанның халықаралық резервтері мен алтын-валюта қоры 1,1 млрд долларға қысқарды. 1 шілдедегі мәліметке сай, Орталық банктің резервіндегі активтердің…
Олардың заңсыз әрекетінен келген шығын 20 млн теңгеден асады. — Сарқан ауданы Бақалы ауылында арнайы операция барысында 43 бас ірі қара мал, пышақ, арқан тәріздес қылмыс құралдары, сондай-ақ сойылған малдар сияқты заттай айғақтар тәркіленді. Тәркіленген мүлік қылмыстық әрекеттің жүйелі түрде жасалғанын дәлелдейді. Күдіктілердің әрекеті облыс тұрғындарына елеулі зиян келтірген, — делінген хабарламада. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта олардың облыс аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Айта кетелік жыл басынан мал ұрлығы қай өңірлерде көп екені анықталды.
Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес өңірдегі бес жерасты мешітін – Бекет ата, Қараман ата, Шақпақ ата, Шопан ата және Сұлтан үпі мешіттерін халықаралық тізімге енгізу жұмыстары жүргізілуде. Аталған ескерткіштер 2021 жылы ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енген. Осы бағытта Мәдениет және ақпарат министрлігінің жетекшілігімен ғылыми-жобалық құжаттар әзірленіп, Париждегі штаб-пәтерге жолданды. Сондай-ақ қорғау аймақтары белгіленіп, ақпараттық тақтайшалар орнатылды, фото және бейнематериалдар дайындалды. Миссия аясында өңірге халықаралық сарапшылар келді. Олардың қатарында Бурса Улудаг университетінің профессоры, ИКОМОС сарапшысы Kivilcim Corakbas Figen Balikesir, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Дмитрий Воякин, «Қазреставрация» ШЖҚ РМК бас директоры Олжас Шариязданов және аталған мекеменің…
Іс-шараға Орталық Азия елдерінің парламент басшылары қатысады. Форумның мақсаты – тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу, көші-қон процестерін реттеу және цифрлық ортаны дамыту үшін Орталық Азия елдері арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайту. Қатысушылар «Көші-қон және еңбек ағыны: азаматтардың құқықтарын және экономикалық тұрақтылықты заңнамалық қамтамасыз ету», «Орталық Азия елдеріндегі инвестициялық ахуалды жақсарту және экономикалық ашықтықты арттыру бойынша заңнамалық шаралар», «Парламент және цифрлық суверенитет: киберқауіпсіздік, цифрлық ортаны реттеу» сияқты тақырыптарды талқылайды. Еске сала кетсек, Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші Парламентаралық форумы 2023 жылы Қазақстанда өтті. Онда Сенат спикері Орталық Азия елдерінің парламентаралық форумында Арал мәселесін көтерді.
«ЦОН» мобильді қосымшасында «Көлік тарихы» қызметі іске қосылды 14:27, 22 Қыркүйек 2025
Болгарияның Албена қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы қол күресінен әлем чемпионатында шардаралық Ұлболсын Елмұрат қарсыластарын қапы қалдырды. Финалдық кездесуде ол аңызға айналған словакиялық спортшы, 13 дүркін әлем чемпионы Лусия Дебрановамен күш сынасты. Тәжірибелі қарсыласына мүлдем мүмкіндік бермей, сенімді жеңіске жеткен қазақтың қаршадай қызы әлем чемпионы атанды. Айта кетсек, Ұлболсынның жасы небәрі 16-да. Соған қарамастан, ол әлемдік аренаның басты белдесуінде тәжірибелі спортшыларды қапы қалдырып, еліміздің абыройын асқақтатты. Айта кетейік, бұдан бұрын Токио қаласында (Жапония) жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жеткенін жазған болатынбыз.
Сапалы өнім, төмен баға: ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі астаналықтарды несімен таңғалдырды 14:36, 22 Қыркүйек 2025