Өңірде жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі дайындық деңгейі туралы ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан мәлім етті. — Жылу көздері мен негізгі нысандардың дайындығы 90%-дан асты. Ең жоғары көрсеткіш Согра жылу электр орталығында — 97,2% және Риддер ЖЭО-да — 93%. Өскеменде дайындық деңгейі — 86,2%. Жалпы өңірдегі ЖЭО-лардың әзірлігі 89,8%-ды құрайды. Сонымен қатар 537 шақырым электр желісі, 39 қосалқы станса және 55 трансформаторлық пунктке күрделі жөндеу жүргізілді, — делінген ақпаратта. Орталықтандырылған қазандықтардың 94%-ы әзір. Ұлан, Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандарында бұл жұмыстардың қарқыны баяулау. — Бюджеттік мекемелердің қыс кезіне дайындығы 98,7%-ды құрайды. Мектептер мен колледждерде дайындық толық аяқталған. Денсаулық сақтау нысандарында бұл…
Автор: qaztimes
Бұл кездесуде «Қайрат» (Алматы) пен «Жеңіс» (Астана) шеберлік байқасты. Кездесу барысында алматылық клуб алғашқы минутта жылдам гол соғуға тырысты. Нәтижесінде Дастан Сәтпаев 12, 37-минутта мергендік танытты. Осылайша ол биылғы біріншілікте 11 гол соғып үлгерді. Оған 52-минутта елордалық клубтан Исламбек Қуат бір голмен жауап қайырса, 80-минутта «Қайрат» сапынан Рикардиньо басымдықты арттырды. Осылайша алматылық клуб қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 52 ұпаймен жеке-дара көш бастады. Аталған турдағы өзге ойындар 10 және 11 мамыр күндері өткізілді. 10 мамырда Петропавлдың «Қызылжары» Жезқазғанның «Ұлытауын» 2:1, түркістандық «Тұран» «Атырауды» 1:0 есебімен тізще бүктірсе, «Астана» қостанайлық «Тобылға» 1:3 есебімен жеңілді. Ал 11 мамырда Шымкенттің «Ордабасы» клубы Қызылорданың…
— Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Америка Құрама Штаттарымен ықпалдастықты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті. АҚШ еліміздің негізгі инвестициялық серіктестерінің бірі саналады. Президент Қазақстанда шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын айтты. Мемлекет басшысы елімізде америкалық бизнес үшін энергетика, көлік-логистика, цифрландыру, ауыл шаруашылығы салаларында үлкен мүмкіндік бар екенін жеткізді, — делінген хабарламада. Говард Латник Құрама Штаттардың Қазақстанмен сауда-экономикалық, индустриалдық, көлік-логистикалық және инвестициялық салаларда бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға қызығушылық танытатынына тоқталды. АҚШ Сауда министрі Говард Латник біздің Президентпен жүздескеніне өте қуанышты екенін, бірлесіп, көп жұмыс атқаруға ниетті екенін жеткізді. Айта кетейік, бұған дейін америкалық Wabtec компаниясымен бірқатар келісімге қол қойылды.
Өткен жылы Вьетнам Америкаға тауар экспортынан әлемде алтыншы орынға шығып, 136,5 млрд доллардың өнімін жеткізген. Бұл тауарлардың басым бөлігі америкалық және шетелдік трансұлттық компаниялардың немесе олардың жеткізушілерінің зауыттарында өндіріледі. — Ең нашар жағдайда, егер АҚШ-тағы инфляция жоғары тарифтерге байланысты тым қатты өссе, вьетнамдық тауарларға салынған 20 пайыздық баж салығы уақыт өте келе экспорттың 25 миллиард доллардан астам төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл жылдық көлемнің шамамен бестен бір бөлігіне тең, — деді Reuters агенттігіне БҰҰДБ-ның Азия-Тынық мұхиты өңірі бойынша бас экономисі Филип Шеллекенс. 7 тамызда баж салығы күшіне енгеннен кейін жарияланған алғашқы мәліметтерге сәйкес, Вьетнам экспортының негізгі бағыты болып табылатын АҚШ нарығына жеткізу тамыз айында…
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жексенбі күні үкімет отырысында Сириямен қауіпсіздік келіссөздерінде ілгерілеушілікке қол жеткізілгенін, бірақ түпкілікті реттеу әлі алыс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды The Times of Israel. — Біз сириялықтармен бірге алға қадам жасап жатырмыз, біршама ілгерілеушілік бар, бірақ бұл әлі болашаққа деген көзқарас қана, — деді ол. Израиль премьер-министрінің айтуынша, Дамаск пен Бейрутпен диалог жүргізу мүмкіндігі Израиль армиясының Ливандағы Хезболлаға қарсы «шешуші жеңістері» арқылы ашылды. 2024 жылы Израильдің солтүстік шекарасындағы қақтығыстар екі айға созылған соғыс пен Ливанның оңтүстігінде ЦАХАЛ-дың құрлық операциясымен аяқталды, содан кейін қарашада атысты тоқтатуға қол жеткізілді. Сирия президенті Ахмад аш-Шараа сәрсенбі күні Израильмен келіссөздер «қажет» екенін, кез келген болашақ…
Отандасымыз финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған испаниялық Виолета Диас Аррибаспке 0:2 есебімен жол берді. Осылайша Нодира Ахмедова турнирдің күміс жүлдегері атанды. Қазақстандық спортшы аталған турнирде ширек финалда италиялық Вирджиния Маестроны, жартылай финалда болгариялық Александра Георгиеваны жеңді.Айта кетсек, бұдан бұрын Нодира таэквондодан Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өткен Гран-при кезеңінде қола жүлде алды. Қола жүлде үшін кездесуде отандасымыз вьетнамдық Чыонг Тхи Ким Туді 2:0 есебімен жеңген еді. Еске салсақ, таэквондодан Гран-придің финалдық кезеңі 2026 жылы Алматы қаласында өтеді.
Марафонға қазақстандық командалардан бөлек, Қырғызстан мен Қабарды-Балқар республикасынан қатысушылар келген. Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform Жарыс басталғанда ең алдымен Маңғыстау облысының командасы сөреден шықты. Ұйымдастырушылар бұған дейін топ жарып, жеңімпаз атанғандарға сондай мүмкіндік берген. Биылғы сайыс Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналып отыр. Торғай елді мекенінде этноауыл тігіліп, үлкен мереке ұйымдастырған. Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов Торғай мен Арқалықтың арасы тауы жоқ, шөбі шүйгін болғандықтан жарыс үшін арнайы таңдалғанын айтты. Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform — Облыс әкімдігі жарысты жыл сайын өткізуге дайын. Егер федерация ұсынысымызға қолдау білдірсе, неге өткізбеске? Өзіміз екі команда шығардық.…
Еліміздің намысын Аңсар Усенхан (46 келі), Қорғанбек Балтин (48 келі), Аслан Жеңіспаев (50 келі), Едіге Нұрқожа (52 келі), Жалғас Апбаз (54 келі), Ұлас Әлімжан (57 келі), Ислам Сулейменоглы (60 келі), Алдияр Баяндинов (63 келі), Амир Рамазан (66 келі), Дарын Төлеген (70 келі), Төреғали Сейдуллаев (75 келі), Бауыржан Алиакбар (80 келі) мен Еркетаң Жарқынбек (80 келіден жоғары) қорғайды. Жасөпірімдер құрамасының аға жаттықтырушы қызметін Бағдат Оңғарбеков атқарады. Айта кетсек, биыл бокстан ересектер арасындағы ел чемпионаты Семей қаласында өтеді. Қазақстандық былғары қолғап шеберлері 12-19 қазан аралығында әр салмақта өзара мықтыны анықтайды. Оған еліміздің барлық өңірінен тәжірибелі боксшылар келеді деп жоспарланған.
Қыркүйек айының басында Google Chrome браузеріне жаңа батырма енгізді. Ол білім беру сайттарында автоматты түрде шығып тұрады. Бұл функция Google Lens технологиясын пайдаланып, экрандағы тест мазмұнын сканерлейді және жасанды интеллект арқылы жауаптар ұсынады — тіпті емтихан кезінде де.Алайда бұл жаңалық бірден университеттер тарапынан теріс реакция тудырды. Мысалы, Эмори университеті, Алабама университеті, Калифорния университеті (Лос-Анджелес және Беркли кампустары) секілді жоғары оқу орындарының профессорлары бұл функция студенттердің емтихандарда оңай көшіріп алуына мүмкіндік береді деп алаңдаушылық білдірді. — Google академиялық адалдықты бұзып жатыр. Жасанды интеллектіні студенттерге емтихан кезінде еркін қолдануға итермелеуде. Осы арқылы Google оқытушыларды AI қолдануды бақылаудан бас тартуға мәжбүр етпек. Chrome…
ҚТЖ дерегіне сенсек, 2025 жылдың 8 айында 44 адамды пойыз басып кеткен. Ауыр жарақат салдарынан 27 адам көз жұмған. Құқық бұзушылардың 39%-і мас күйінде, 36%-і белгіленбеген жерден өткен немесе құлаққапта болған, 14%-і вагон астымен жолдан өтсе, 11%-і — суицидтік жағдайлар. Фото: ҚТЖ — Зардап шеккендер арасында ересектердің қарауынсыз жолда қалған 1,5 жас пен 4 жас аралығындағы төрт бала бар. Серік Айқынбеков ата-аналарды балаларға темір жолдағы тәртіп ережелерін түсіндіруге және оларды жалғыз қалдырмауға шақырды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда пойыздың астына түсіп қалу жағдайы 29%-ке төмендеген, — делінген хабапрламада. Спикер жолдарды қоршау қауіпсіздіктің толық кепілдігін қамтамасыз етпейтінін атап өтті, өйткені тұрғындар қоршауды қасақана бүлдіріп,…