Автор: qaztimes

Президент мән берген келесі басымдық — цифрлық трансформация. Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы үш жылда Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке және цифрлық трансформация мен жасанды интеллект саласында Еуразияда көш бастайтын ІТ-хабқа айналдыру жоспарымен бөлісті. NVIDIA, Amazon, Starlink және Microsoft сияқты жаһандық технологиялық алпауыттар цифрлық экожүйемізді қалыптастыруға белсенді атсалысып жатыр. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл еліміздің ІТ саласындағы әлеуеті орасан зор екенін көрсетеді. Бұл ретте цифрлық активтер, Индустрия 4.0, жасанды интеллект және «ақылды қала» шешімдері өзара ықпалдастықтың перспективті бағыттары саналады. Қаржы секторы туралы сөз қозғай отырып, Мемлекет басшысы дөңгелек үстел қатысушыларына «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін таныстырды. Қазіргі уақытта онда 80-нен аса елден 4200-ден астам…

Read More

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президент мәдениетке бизнес тарапынан қолдау көрсету мәселесін де қозғады. Фото: Ақорда — Қазақстанның мәдени мұра қорын құру туралы Смитсон институтының шешімін ерекше ықыласпен қабыл алдым. Аталған қор халқымыздың бай мұрасын сақтау, зерттеу және әлемде насихаттаумен айналысады. Осы маңызды бастаманы белсенді түрде қолдағаны үшін Chevron компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уирт мырзаға ришалығымды білдіремін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту еліміздің сыртқы саясатындағы ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі екенін айтты. — Қазақстан географиялық тұрғыдан сезімтал аймақта орналасқан. Біз өзіміздің стратегиялық мақсатымыздан, соның ішінде АҚШ-пен тығыз ынтымақтастық жасау…

Read More

Салтанатты іс-шара барысында Алматы облысының мобилизациялық дайындық, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Асқар Тойчубеков төтенше жағдайда ерлік пен жанқиярлық танытқан қызметкерлер мен еріктілерге алғыс білдірді. — Бұл марапат — сіздердің кәсібиліктеріңіздің, жанқиярлықтарыңыздың және отансүйгіштіктеріңіздің айқын дәлелі. Қиын сәтте күш біріктіріп, апаттың салдарын дер кезінде тоқтата білдіңіздер, — деді ол. Арнайы тізім бойынша үздік қызметкерлерге марапаттар табысталды. Еске салайық, бұған дейін Алатау қаласының қоқыс полигонындағы ірі өртке байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді. Сенбі күні полигонындағы өрт оқшауланған болатын. Бүгін Алатау қоқыс полигонындағы өрт толықтай сөндірілді.

Read More

Pfizer дүйсенбі күні салмақты азайтуға арналған дәрілерді әзірлеуші Metsera компаниясын сатып алу туралы, құны 7,3 млрд долларға дейін жететін келісім жасағанын мәлімдеді. Бұл қадам компанияға семіздікті емдеудің табысты нарығында өз орнын нығайтуға мүмкіндік бермек. Әлемдік семіздікке қарсы дәрілер нарығы соңғы жылдары қарқынды өсіп келеді. Сарапшылардың болжамынша, 2030 жылдардың басына қарай оның көлемі 150 млрд долларға жетуі мүмкін. Бұған Novo Nordisk және Eli Lilly сияқты компаниялардың жоғары тиімді GLP-1 препараттарының жетістігі ықпал етті. Фармацевтикалық компаниялар сондай-ақ семіздікті емдеудің жаңа буын тәсілдерін әзірлеуге тырысып жатыр. Олардың қатарында басқа гормондарға әсер ететін және майды кетіру барысында бұлшық етті сақтауға көмектесетін дәрілер бар, деп…

Read More

Жаңа маусымда қазақстандық команда сәтті бастаған еді. Елордада өткен төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды. Бір ойында бүгінгі қарсыласы — «Динамоға» 1:3 есебімен есе жіберген еді. Қазақстандық команда сол кеткен есені қайтаруға тырысты. Қарсыластар алғашқы минуттан шабуылға көбірек көңіл бөлді. Соған қарамастан бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмай жатты.  Негізгі кезең 0:0 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда «Динамо» жеңіс голын соқты. Енді елордалық клуб алдағы төрт ойынын Астанада өткізеді. Алдымен 25 қазанда Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасын қабылдаса, одан кейін 27 қыркүйекте «Сибирь» (Новосібір), 29 қыркүйекте «Адмирал» (Владивосток), 1 қазанда «Локомотив» (Ярославль) командаларымен кездеседі. Екі…

Read More

Алайда, Бас Ассамблея төрайымы Анналена Бербок өз сөзінде бұл күннің «мереке күні емес», «тарих сабақтарын еске алып, үміт жолын қайта таңдауға батылдық табатын сәт» екенін атап өтті.Дұрыс жолды таңдау Бербок БҰҰ құрылған кездегі ауыр жағдайларды еске салды: — Елдер күйреп жатыр. 70 миллионнан астам адам қаза тапты. Бір дәуірде екі дүниежүзілік соғыс өтті. Холокосттың сұмдығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. 72 аумақ әлі де отарлық езгіде отыр. 80 жыл бұрын біздің әлем осындай еді, — деді ол. Оның айтуынша, 1945 жылдың 26 маусымында БҰҰ Жарғысының қабылдануы тек формалды қадам емес, адамзаттың өз тарихының ең қараңғы беттерінен сабақ алғанының дәлелі болды. — Бұл әрекет бізді…

Read More

Ахметов көшесі мен Закарпатская көшесін қайта жаңартуға және Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарту және көлік жолайырығын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірленіп жатыр. Тиісті хабарландыру Мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланып, тендер өткілізіп қойған. Тапсырыс беруші — Қалалық мобильділік басқармасы, ал жеңімпаз болып «Казахский Промтранспроект» ЖШС анықталды. Шарттың жалпы сомасы 354,6 млн теңге. Оның ішінде 62,5 млн теңгесі бірінші жылы, ал қалған 292,1 млн теңге екінші жылы игерілмек. Еске салайық, бұған дейін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін Абай даңғылын жеткізу жобасы қандай сатыда екенін жазғанбыз.

Read More

Құжатта Қазақстанға техникалық тұрғыдан жетілдірілген 300 локомотив жеткізу және оған сервистік қызмет көрсету қарастырылған. Көлік технологиясы бойынша әлемдегі көшбасшы компания еліміздің теміржол саласын жаңғырту ісінде негізгі серіктестеріміздің бірі саналады. 2009 жылдан бері Астанада Wabtec Kazakhstan локомотив құрастыру зауыты табысты жұмыс істеп келеді. Осы аралықта компания өндіріске 230 миллион доллардан астам инвестиция құйды. Кәсіпорын бүгінге дейін «Қазақстан темір жолына» және экспортқа арналған 600-ден астам локомотив құрастырды. Өндірістің локализация деңгейі 45 пайызға жетті. Былтыр шілде айында Wabtec компаниясы елімізде инновацияларды енгізіп, кадр даярлауға үлес қосатын технологиялық және инженерлік орталығын ашты.  Айта кетелік Нью-Йорк қаласына сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлескен еді. 

Read More

Жарысқа Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Жетісу, Алматы облысы мен Астана, Алматы қ.алаларынан 200-ге жуық спортшы жиналды. Жасөспірім қыздар арасында Шығыс Қазақстан, Астана, Маңғыстау облысы үздік үштіктен көрінді. Ал жастар арасында: ұлдарда Қостанай, Жетісу облысы мен Алматы қалалары жүлделі орындарды өзара бөліссе, қыздарда Қостанай, Жетісу, Маңғыстау облыстары жүлдеге қол жеткізді. Қазақстан чемпионаты 30-шы қыркүйекте аяқталады. Еске салсақ, бұдан бұрын 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына керлингтен жолдама алған алғашқы құрамалар белгілі болды.

Read More

МКК деректеріне сәйкес, криптовалюта нарығына қатысушылардан түскен салықтық түсімдер көлемі: 2023 жылы — 7,4 млрд теңге; 2024 жылы — 9,8 млрд теңге; 2025 жылдың басынан 22 қыркүйекке дейін — 13,1 млрд теңге болды. Бұған дейін МКК-ның Цифрлық активтерді әкімшілендіру басқармасының басшысы Талғат Әділов баспасөз мәслихатында елімізде криптовалютаға салық бар екенін және ол бірнеше жылдан бері әкімшіленіп келе жатқанын айтқан болатын. — Бұл — цифрлық актив. Біз оны есептеп отырмыз. 2022 жылдан бастап ол нақты заңнамамен реттеліп келеді. Бұған дейін, егер салық төлеуші криптовалюта операцияларынан табыс алса, бұл табыс салық кодексінде «басқа табыс» ретінде есептелетін, және оны салық төлеуші өзі декларациялауы тиіс болатын. Бұрын бұл — 240-нысан бойынша есеп берілетін, — деп түсіндірді…

Read More