Автор: qaztimes

Екі мемлекет қағидасын іске асыруға арналған конференцияда сөйлеген сөзінде Антониу Гутерриш палестина-израиль қақтығысының ондаған жылдар бойы жалғасып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, диалог қайта-қайта үзіліп, БҰҰ қарарлары орындалмай, халықаралық құқық бұзылып, дипломатиялық күш-жігер нәтижесіз қалған. — Қақтығыс жалғасып келеді, шешімдер ұсынылғанымен, халықаралық құқық бұзылды, ондаған жыл бойы жасалған дипломатия нәтиже бермеді, — деп атап өтті Бас хатшы. Гутерриш екі мемлекет формуласы — бейбітшілікке қол жеткізудің жалғыз өміршең жолы екенін тағы да растады. Ол оккупацияланған Батыс жағалаудағы жағдай мен қоныстар салудың жалғасуын ешнәрсе ақтай алмайтынын ерекше атап өтті. — Жағдай төзгісіз, әрі сағат сайын нашарлап барады, — деп атап өткен…

Read More

Dpa агенттігінің хабарлауынша, Италияда ондаған мың адам Палестинаны қолдау үшін көшеге шықты. Милан қаласында митинг кезінде полициямен қақтығыстар болып, кемінде 60 полиция қызметкері жараланды, олардың 23-і ауруханаға жеткізілген. Акцияға қатысушылар арасындағы зардап шеккендер туралы мәлімет әзірге жоқ. Жаппай тәртіпсіздіктер Газа секторындағы халықпен ынтымақтастық ретінде ұйымдастырылған ұлттық ереуіл аясында өткен митингтен кейін басталған. Куәгерлердің айтуынша, наразы топ Миланның басты теміржол вокзалына күштеп кіруге тырысқан. Сондай-ақ, dpa агенттігі митингіге қатысқандар арасында тас лақтырғандар болғанын хабарлайды. Полиция оларға қарсы көз жасаурататын газ қолданған. Италия премьер-министрі Джорджа Мелони тәртіпсіздікке қатысқандарды сынға алды. — Зорлық пен қиратулар — бұл шынайы ынтымақтастыққа еш қатысы жоқ әрекеттер.…

Read More

Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл құнды мұралар «Архив — 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы Мәскеудегі Мемлекеттік фоноқұжаттар архивінен табылды. — Кей деректерге сүйенсек, сирек жазбалар 1930–1940 жылдары Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде таспаға түсірілген. Бұл тарихи жазбалар қазақ халқының бай музыкалық мұрасын сақтап қана қоймай, сол кезеңде ұлттық өнердің бүкіл Одақ көлемінде жоғары бағаланғанын айғақтайды, — деп атап өтті ведомство. Сол жылдары «Известия» газетінде жарияланған Н. Изгоевтің мақаласында:  — Казахи привезли такое искусство, которое близко и понятно не только казахскому народу — оно понятно всем… В протяжных казахских песнях мы слышали голос ковыльных степей, — деп жазылған. Тарихи жазбалар 2024 жылы ресми түрде ҚР…

Read More

Тараптар өнеркәсіп, энергетика, сауда, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және екі ел үшін басқа да басым бағыттар бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. Роман Скляр қазіргі таңда Қазақстан мен Германия арасында «шикізат, өнеркәсіп және технологиялар» формуласы бойынша тиімді кооперация жүргізуге мүмкіндік беретін негіздемелік шарттар мен институционалдық тетіктердің кешенді архитектурасы қалыптасқанын атап өтті. Бұл екі тарап үшін де «win-win» нәтижелеріне қол жеткізуге жол ашады. Фото: Primeminister.kz Өз кезегінде Катерина Райхе Қазақстанмен энергетика және ресурстар саласындағы ынтымақтастық Германия экономикасы үшін ең қажет бағыттардың бірі екенін жеткізді. Кездесу соңында тараптар екіжақты экономикалық байланыстардың барлық спектрі бойынша кооперацияны нығайтуға дайын екендіктерін білдірді. Сонымен қатар тараптар 24…

Read More

Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп жүргізген операция нәтижесінде 12 адам құрықталды. Тергеу барысында мәлім болғандай, қылмыстық топ мүшелері әлеуметтік желі арқылы бүйрек және бауыр дертіне шалдыққандарды іздестірумен айналысқан. Сондай-ақ, олар өз ағзасын сатуға ниетті тұрғындарды тауып, донарларға аса ірі көлемде ақша ұсынған. Фото: Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Кейін топ мүшелері шет елдердегі таныстарын тарта отырып, жалған жеке куәліктер жасатқан. Яғни, ол құжаттарда ағза трансплантациясына мұқтаж азамат донардың туысы ретінде көрсетілген. Фото: Өзбекстанда адам ағзасын сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды Ресми мәліметке сәйкес, оталар көрші мемлекет аумағында орналасқан жеке клиникалардың бірінде жасалған. Тергеу анықтағандай, 2023 жылдан…

Read More

Бұл бағыттағы күш-жігерге С5+ және B5+ форматындағы тұрақты ынтымақтастық тың серпін бере алады. Президент дөңгелек үстел қатысушыларына елімізде жүзеге асырылып жатқан экономикалық және саяси реформалар туралы мәлімет берді. — Қазақстан білім мен инновацияға арқа сүйеген экономика құруды мақсат етеді. Бұл ретте цифрлық трансформацияға баса мән беріледі. Еліміздің экономикасы өңірдің өркендеуінде негізгі рөл атқарады. Қазақстанның мұндай биікті бағындыруына Америка бизнесі айтарлықтай үлес қосты. Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша еліміздің экономикалық өсімі 6,5 пайызды құрады. Біз дамудың жоғары қарқынын сақтай отырып, ауқымды саяси-экономикалық реформалар жүргізуге ниеттіміз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда Мемлекет басшысы жүзеге асырылып жатқан жұмыстың барлығы Қазақстанның тікелей шетел инвестициясына тартымдылығын…

Read More

Сонымен қатар Президент геологиялық барлау әрі іске асырылып жатқан жобалардың аясын кеңейту, әсіресе, уран өндіру және оны өңдеу саласында жаңа мүмкіндіктерді зерделеу қажет екенін атап өтті. Қазақстан әлемдік уран нарығындағы сұраныстың шамамен 40 пайызын өтейді. Ал АҚШ осы материалдың орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды. — АҚШ-тың энергетика саласындағы басымдықтарына сәйкес, біз көмірге негізделген таза, тиімді және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз энергетикалық шешімдерді ұсынамыз. Қазақстанда қуаттың 70 пайыздан астамы көмірден алынады. Әлемдегі көмір қоры мол елдердің бірі ретінде біз де АҚШ сияқты мұны энергияның сенімді әрі қауіпсіз көзі ретінде қарастырамыз, тым болмағанда таяу келешекте одан бас тартпаймыз. Еліміздің энергетикалық стратегиясы төрт компонентке:…

Read More

Оның сөзінше, компания Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын енгізуді жоспарлап отыр. ChatGPT студенттер мен оқытушылар үшін жеке тәлімгер әрі оқыту көмекшісі ретінде қызмет атқарады. Миллс Қазақстан Президентінің төрағалығымен өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты. Бұл жиынға америкалық ірі компаниялардың басшылары — яғни «өнеркәсіп алыптары» жиналды. Іс-шара барысында Миллс ChatGPT жүйесін елдегі жоғары оқу орындарына енгізу идеясын ұсынды. Президент бұл бастаманы оң қабылдап, OpenAI компаниясы Қазақстан билігімен диалогты жалғастыруға ниетті екенін білдірді. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Meta компаниясының вице-президенті, жасанды интеллектіні зерттеу бөлімінің (FAIR) бас ғылыми жетекшісі Янн Лекун инновациялық технологияларды дамыту және қолдану жөнінде пікір алмасты.

Read More

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. Мемлекет басшысының сөзінше, Wabtec компаниясымен жасалған жаңа келісім еліміздің АҚШ-пен көлік саласындағы ынтымақтастығын айтарлықтай нығайтады. — Біз Wabtec компаниясының еліміздегі машина жасау және теміржол көлігі салаларын ілгерілетудегі негізгі рөлін жоғары бағалаймыз. Қазақстан аталған компаниямен серіктесе отырып, физикалық желілерді ғана емес, үлкен дерекқорға негізделген интеллектуалды, интеграцияланған көлік дәліздерін де құрып жатыр. Бүгін Wabtec компаниясымен 4 миллиард долларға жуық қаржының жаңа келісіміне қол қойылды. Бұл еліміздің АҚШ-пен көлік саласындағы ынтымақтастығын айтарлықтай нығайтады. Air Astana және SCAT сияқты алдыңғы қатарлы әуе компаниялары Boeing ұшақтарын пайдаланады. Азаматтық авиация паркіміздің негізі осы ұшақтардан құралған. Біз Boeing компаниясымен ынтымақтастықты кеңейтуге және…

Read More

Президенттің пікірінше, өзара тиімді ынтымақтастықтың тағы бір перспективті бағыты — агроөнеркәсіп кешені. Егістік жерлерінің көлемі жағынан әлемде алтыншы орын алатын және ең ірі астық экспорттаушылардың ондығына кіретін Қазақстанның аталған саладағы мүмкіндіктері америкалық әріптестерді қызықтыруға тиіс. — Америкалық компанияларды Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша пайдалануға шақырамыз. Біз PepsiCo және Mars компанияларының заманауи, экспортқа бағдарланған зауыт салу жоспарын құптаймыз. Аталған бастамалар Қазақстанның экспорттық қуатын арттырып қана қоймай, өнімдеріміздің жаңа өңірлік нарықтарға шығуына мүмкіндік береді. Ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту үшін орнықты ауыл шаруашылығын дамытуды, су ресурстарын үнемдеп пайдалануды және аталған саланы цифрландыруды көздейтін ортақ Агроинновациялық бағдарлама жасауды ұсынамыз, — деді Мемлекет басшысы. Фото: Ақорда Осыдан бұрын…

Read More