Автор: qaztimes

— Осы тарихи сәттің маған бұйырғанына қатты қуаныштымын. Бұл жеңіс біздің күрес түрінің алға қарай дамуына жаңа серпін беруге үлкен мүмкіндік болады деп ойлаймын. Осы мүмкіндікті жіберіп алуға болмайтынын сездім, сол үшін барымды салдым. Тек алға жүріп, халқымды қуантқым келді. Құлақ сынды, қабақ жарылды. Бірақ, мақсатым алтын медаль жеңіп алу болды, — деді ол. Сонымен қатар, Айдос жеңісті не үшін салқын қандылықпен қабылдағанын түсіндірді. — Менің ойымша, боз кілемде секіріп қуанышты тойлау ер адамға лайықты емес деген ұстаным болды. Сол себепті, барынша лайықты эмоция көрсеттім, — дейді спортшы. Даңықты спортшы сөз соңында команда мүшелеріне және бапкерлер құрамына өз алғысын айтты. Осыған дейін хабарлағанымыздай, Айдос…

Read More

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды ілгерілетуге бағытталған саяси диалогтың қарқынды дамып келе жатқаны айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Кездесуде өзара тиімді өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды жалғастыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Бүгін Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді. Сонымен қатар Украина Президентімен кездесіп, екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Read More

Бұл туралы Корольдік премьер-министрі Барт Де Вевер БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясы аясында мәлімдеді.  — Бельгия әрқашан екі мемлекеттің шешімін қорғап келді және бүгін Нью-Йорк декларациясына қол қойған елдердің қатарына қосылды. Тек осындай шешім Израиль мен Палестина халқына бейбітшілік пен қауіпсіздікте қатар өмір сүруге мүмкіндік береді, — деді премьер-министр. Барт Де Вевер Израиль саясаткерлерінің, соның ішінде премьер-министрдің «Палестина мемлекеті болмайды» деген мәлімдемелері палестиналықтарды қолдаудың қосымша себебі болып табылатынын айтты. — Сондықтан Бельгия бүгінде БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Палестина мемлекетін мойындағанын жариялаған елдер тобына қосылу арқылы әлемге мықты саяси сигнал беріп отыр, — деді Де Вевер. Франция президенті Эмманюэль Макрон БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында сөйлеп, өз елінің Палестина мемлекетін…

Read More

Мемлекет басшысы балалар футболын дамыту мен заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған FIFA Arena бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны үшін Федерацияға ризашылық білдірді. Президент Қазақстанның FIFA-мен ынтымақтаса отырып, аймақта футболды қарқынды дамытқан елге айналатынына сенім білдірді. Джанни Инфантино Қасым-Жомарт Тоқаевқа футболға көңіл бөлгені үшін алғыс айтып, Федерацияның ұлттық футбол деңгейін көтеруге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады. Бұған дейін Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентімен келіссөз жүргізді.

Read More

— 2025 жылғы 23 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Атырау, Ақтөбе, Ақтау, түнде Қарағанды, Теміртау қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.  Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Read More

Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсқа ілтипат білдіріп, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы негізгі серіктестерінің біріне айналған коммерциялық ұйыммен ынтымақтастыққа жоғары баға берді. Фото: Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Даррен Вудс компанияның Теңіз және Қашаған кен орындарындағы перспективасы жөнінде пікір алмасты. Осыдан бұрын Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының президенті және бас атқарушы директоры Сюзанн Кларкты қабылдағанын жазған едік.

Read More

Бразилиялық Embraer авиа құрылыс компаниясы жетекшісімен кездесуде жүк тасымалдау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Президент еліміздің Еуразия кеңістігіндегі негізгі көлік-логистикалық хабқа айналуға ұмтылатынын жеткізді. Фото: Ақорда Әңгімелесу барысында Қазақстанда «Embraer» ұшақтарына техникалық қызмет көрсететін өңірлік сервистік орталық ашу перспективасы қарастырылды. Франсиско Гомес Нето Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетіне жоғары баға беріп, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады. Бұдан бұрын Президент ExxonMobil корпорациясының басшыларын қабылдады. Мемлекет басшысы Даррен Вудспен Теңіз бен Қашағанның болашағын талқылады.

Read More

Дүйсенбі күні Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Франция мен Сауд Арабиясының ұйымдастыруымен саммит басталды. Кездесудің мақсаты — екі мемлекет қағидасына халықаралық қолдауды нығайту және Палестина мемлекетін ресми түрде мойындату. Әлемдік көшбасшылар алдында алғашқылардың бірі болып Франция президенті Эмманюэль Макрон сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Францияның Палестина мемлекетін ресми түрде мойындағанын мәлімдеді. Одан кейін Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Фейсал бин Фархан әл-Сауд сөз алып, тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның атынан БҰҰ-ға үндеу жасады. Ол Макронға Палестина мемлекетін мойындағаны үшін алғыс білдіріп, екі мемлекет туралы шешім – аймақта әділ әрі тұрақты бейбітшілікке қол жеткізудің жалғыз жолы екенін тағы да атап өтті. Сөз сөйлегендердің…

Read More

— Джейн Фрейзер Қазақстанмен арадағы серіктестікті банктер тобы қызметіндегі ең маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастыратынын жеткізді, — делінген хабарламада. Фото: Ақорда Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Embraer компаниясының президенті Франсиско Гомес Нетомен кездесті. Франсиско Гомес Нето Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетіне жоғары баға беріп, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады. Сонымен қатар Президент ExxonMobil корпорациясының басшыларын қабылдады. Мемлекет басшысы Даррен Вудспен Теңіз бен Қашағанның болашағын талқылады.

Read More

Бұл марапат төртінші мәрте жыл қорытындысына емес, футбол маусымының нәтижесі бойынша өтті. Онда 2014 жылдың 1 тамызы мен 2025 жылдың 25 шілдесі аралығындағы футболшылардың көрсеткіші есепке алынды. Оған спорт журналистері дауыс берді. Олар 10 спортшыны таңдады. Ең көп ұпай жинаған ойыншы «Алтын допқа» қол жеткізеді. Оған басты үміткерлер қатарында алғашқы бестікте Джуд Беллингем, Вирджил ван Дейк, Винисиус Жуниор, Флориан Вирц, Витинья енгізілді. Биыл 68-ші мәрте өткізілген дәстүрлі іс-шара әлемдегі үздік футболшыларды анықтау мақсатында қолға алынған. 1956 жылдан бері «France Football» журналының қолдауымен тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Ереже ойынша ерлер мен әйелдер арасында «Алтын доп» иегері анықталып, 21 жасқа дейінгі футболшылар…

Read More