Мақсат және стратегиялық міндеттер «Қазақмыс» геологиялық барлау департаменті жоғары технологиялық әрі орнықты құрылымға айналуды алдына мақсат етіп қойды. Ол жобаларды тиімді басқаруға, инновацияларды енгізуге, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын сақтауға бағытталған. Дамудың басты бағыттары: минералдық-шикізат базасын кеңейту, процестерді цифрландыру және технологиялық жаңғырту, адами капиталды дамыту, геологиялық барлау жұмыстарына экологиялық қолдау көрсету. Осы мақсатта кешенді шешімдер енгізілуде: бұрғылау, геофизикалық және геохимиялық зерттеулер, дрондар арқылы қашықтықтан зондтау. Басым бағыттардың бірі – кен орындарын модельдеуге және деректерді жинақтауға арналған цифрлық платформа құру. Жаңа инфрақұрылым және заманауи жарақтандыру Геологиялық және маркшейдерлік бөлімшелер үшін Жезқазғандағы геологиялық кластер аумағында жаңа жұмыс кеңістіктері ашылады. Инфрақұрылым тек жайлы…
Автор: qaztimes
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінще, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 503 мың адам. Республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 894 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 326 теңге, базалық зейнетақы – 47 568 теңге. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% — ға оза отырып ұлғайтылды. Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең…
Бұл – Қазақстанда алғаш рет электропойыз ішінде ұйымдастырылып отырған театрландырылған бағдарлама. Балалар мен ата-аналар сүйікті кейіпкерлерімен бірге сиқырға толы саяхатқа аттанып, интерактивті ойындарға қатыса алады. Фото: ҚТЖ — Сапар барысында жолаушыларды Гарри Поттер әлеміндегі кейіпкерлердің бейнесіндегі әртістердің қойылымы күтеді. Бағдарлама интерактивті элементтерге толы болып, балалар мен ересектерді ертегідей атмосфераға жетелейді. Әрбір жас жолаушыға естелік ретінде арнайы сыйлық – сиқырлы таяқша табысталады, — делінген ақпаратта. Шоу жаңа 4 вагоннан тұратын электропойызда өтеді. Фото: ҚТЖ Пойыз «Астана-1 – Тастақ – Астана-1» бағыты бойынша (Астанадан 60 км) қатынайды. Бағдарламаның ұзақтығы – 2 сағат. Айта кетейік, 100-ден астам қазақстандық «Jibek Joly» туристік пойызымен жолға…
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде: — доллар: сатып алу — 542,56 теңге, сату — 544,43 теңге;- еуро: сатып алу — 637,17 теңге, сату — 641,30 теңге;- рубль 6,39 — 6,51 теңге аралығында саудаланады.- юань 76,03-78,74 теңге аралығында саудаланып жатыр. Елорданың ақша айырбастау пунктерінде: — доллар 541,39 теңгеден сатып алынады, 546,41 теңгеден сатылады;- еуро: сатып алу — 635,41 теңге, сату — 643,34 теңге;- рубль: сатып алу — 6,37 теңге, сату — 6,57 теңге.- юань 77,24 теңгеден сатып алынады, 81,43 теңгеден сатылады; Еске салайық, 22 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,33 теңгеге қымбаттап, 542,67 теңге болды.
«Қайрат» — «Реал Мадрид» матчына билеттер сатылымы 23 қыркүйекте сағат 17:00–де басталады. Әрбір матчқа билеттің бағасы — 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін болады. Сектор бойынша баға келесідей: Батыс трибуна 1-9 сектор (1-2 қатар) — 30 мың; Солтүстік / Оңтүстік трибуналар — 75 мың; Шығыс трибуна — 150 мың; Батыс трибуна — 250 мың; Ережеге сәйкес, бір адамға екі билеттен артық сатып алуға болмайды, билет алған кезде жеке куәлік немесе төлқұжат деректері көрсетілуі қажет. Деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де мұқият тексеріледі. Билеттерді Ticketon платформасында, FCKAIRAT.COM сайтында және Qairat Superapp қосымшасында сатып алуға болады. Еске салайық, Чемпиондар лигасының…
Қазір ERG құрамындағы «ТНК «Қазхром» АҚ – Ақсу ферроқорытпа зауытында жасанды интеллект құралдарын қолданыстағы балқыту пешін басқарудың ақпараттық жүйесіне біріктіру жобасы басталды. Пилоттық режимдегі бастама №64 кен термиялық пештің негізінде іске асырылып жатыр. Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Бүгінде жобаның бірінші кезеңі аяқталды. Соңғы үш айдың өндірістік деректері жиналып, Big Data талдауы жасалды. Сарапшылардың айтуынша, алынған мәліметтер негізінде жасанды интеллекттің ұсыныстық моделін құруға үлкен мүмкіндік бар. Болашақта бұл технологиялық үдерісті тұрақтандыруға, өнімділікті және энергия тиімділігін арттыруға, апаттардың алдын алуға әрі шығындарды азайтуға жол ашады. — Бүгінгі таңда тау-кен металлургия кешенінде жасанды интеллект енгізу – жай ғана тренд емес, бұл…
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Черногорияны Балқан түбегіндегі маңызды серіктесі санайтынын атап өтті. Келесі жылы екі ел арасындағы дипломатиялық ынтымақтастық орнағанына 20 жыл толады. Осы жылдар ішінде мемлекеттер арасында достық пен өзара түсіністікке негізделген сындарлы қарым-қатынас қалыптасты. Яков Милатович екіжақты байланыстарды дамытуға айтарлықтай үлес қосқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Оның айтуынша, Черногория қазақстандық туристер жиі келетін елдердің біріне айналған. Алматы мен Подгорица арасында тікелей әуе рейсінің ашылуы, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына визасыз режим енгізілуі қос халықты жақындата түсті. Бұған дейін Президент БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді.
Бас бапкер әлем чемпионатында алға қойған мақсатын орындағанын айтты. Сондай-ақ, алда Олимпиада ойындары келе жатқанын еске салды. — Олимпиада арманымыз ғой, мақсатыма жеткім келеді. Кәдеттер және жастар арасында әлем чемпионы бар. Әлем чемпионатындағы басты мақсатымыз ересектер арасында алтын медаль жеңіп алу еді. Сол мақсатымызға жеттік. Алда 2028 жылғы Олимпиада ойындары келе жатыр. Арманым — Олимпиада чемпионын баптап шығару, — деді ол. Қонысбек Төкенов финалдық белдесуді еске алып, қарсыласқа тыңғылықты дайындалғанын айтты. — Айдосты арнайы Әсет Иманбаев жеке жаттықтырды. Ал біз сырттай барлық жағдайды істеп жүрдік. Өзбек балуанына арнайы тактика дайындадық, басынан өзінің ерекше әдістерін қолдану туралы тапсырдық. Негізі 6 минут күресуге дайындалған едік.…
Мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді. Қазақстан Президенті осынау аса күрделі ахуалға қатысты пікір білдіріп, қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударды. Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді. Сондай-ақ Черногория Президентімен кездесіп, еліміз Черногорияны Балқан түбегіндегі маңызды серіктесі санайтынын атап өтті.
Шешім Дүниежүзілік сауда ұйымының оң келіссөздер мен консультациялардан кейін қабылданған. Осылайша, «Америкадан шыққан жекелеген тауарларды импорттау кезінде қосымша қаржылық міндеттемелерді қолдану туралы» құжат күшін жойды. Түркияның Сауда министрлігі 2018 жылы АҚШ болат пен алюминий импортына қосымша баж салығын енгізгеннен кейін Анкара Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелеріне сәйкес жауап қайтару шараларын қолданып, бірқатар америкалық тауарларға қосымша қаржылық міндеттемелер жүктегенін еске салды. Бұл шаралар кейіннен тараптардың қадамдарына байланысты түзетіліп, белгілі бір көлемде өз жұмысын жалғастырды. Министрлік бұл процесс жақында ДСҰ-ның түрлі панельдері мен консультацияларында, сондай-ақ екіжақты талқыланғанын атап өтті. ДСҰ дауларды реттеу механизмі аясындағы оң келіссөздер мен консультациялардан кейін қосымша міндеттемелерді алып тастау…