Автор: qaztimes

Ішкі нарықты толықтыру үшін 15 мамырдан бастап тірі малды әкетуге тыйым салынды, ет әкетуді ветеринарлық бақылауды күшейту және сиыр етін экспорттау квотасын тек ет өңдеуші кәсіпорындарға белгілеу ұсыныстары қолдау тапты. – Сиыр еті бойынша фермерлерден сауда желілеріне ет жеткізуді қамтамасыз ету үшін сауда желілерімен келісім жасалды. Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін қажетті көлемді Ауыл шаруашылығы министрлігі қамтамасыз етеді, – деді Сауда министрі А. Шаққалиев Үкіметтің бүгінгі отырысында. Бұдан бөлек, еліміздің барлық өңірінде шаруаларға тегін сауда орындарын беру арқылы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп жатыр. – Биыл жыл басынан бері елде 3 700 жәрмеңке ұйымдастырылды. Тек өткен демалыс күндері ел бойынша 57…

Read More

— Қолданыстағы парк астық жүктерін тасымалдау үшін жеткілікті. Мысалы, астық таситын вагондар 16 мың 300-ге және ұн тасуға арналған жабық вагондар саны 16 мың 500-ге жетті. Ұлттық операторда 1 мың 700 локомотив бар, — деді министр. Сонымен қатар ол мемлекетаралық пункттер астықты жоғары деңгейде тасымалдауға дайын екенін айтты. — Ол үшін осы пункттерде пойыздарды өткізу мүмкіндігі жеткілікті. Мәселен, Өзбекстан және Орталық Азия бағытында өткізу қабілеті тәулігіне 42 пойызға, ал Қытай бағытына 43 пойызға жетті. Ресей бойынша 85 пойызға дейін мүмкіндік бар. Осылайша, экспорттау үшін резервтер қарастырылған. Мемлекетаралық пункттерінің мүмкіндіктері астықтың жаңа өнімін тасымалдауға жетеді. Көлік саласы егіннің жаңа астығын толық…

Read More

Көбінесе пациенттер емдеуге қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша хабарласқан. Оның ішінде: қант диабеті, эпилепсия, артериялық гипертензия, ревматоидты артрит, онкологиялық аурулар, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, аритмия және склерозға қатысты өтініштер жиі түседі. Байланыс орталығының бастығы Баян Рүстембекованың айтуынша, барлық өтініштер CRM жүйесінде тіркеледі, сөйлесу жазбалары сақталады. Бұл мониторингтің ашықтығын қамтамасыз етіп, жұмыс тиімділігін арттырады. – Байланыс орталығының операторларының медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар. Бұл мемлекеттік және орыс тілдерінде білікті кеңес беруге мүмкіндік береді. Қоңыраулар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, сенбі күні 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылданады. Жексенбі – демалыс күні, – деді ол. 1439 байланыс орталығы тегін медициналық көмектің кепілдік…

Read More

— Агроөнеркәсіп кешенінің басты мақсаты – өнімді уақытылы сатып, қоймаларды жаңа астыққа босату. 2024-2025 маркетинг жылында 13 миллион 300 мың тонна астық тасымалданып, 45 пайызға өсті. Оның ішінде 10 миллион 300 мың тонна экспортқа және 3 миллион тонна республика бойынша жеткізілді. Негізгі бағыттарда оң динамика байқалады. Бөлек айтқанда, Қытай бағытында астықтың көлемі төмендегенмен азықтық ұн 2 миллион тоннаға жетіп, 4,6 есеге өсті. Бұл, өңдеушілердің қосылған құны жоғары өнімді шығарудың арқасында мүмкін болды, — деді Нұрлан Сауранбаев. Биыл болжам бойынша 24 млн тонна астық бастырылады. Осы ретте Премьер-министр астықты егіс алқабынан тиісті жеріне дейін жеткізуді жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.

Read More

— Қолданыстағы заңнама бойынша заңды тұлғалар бір-біріне 45 айлық есептік көрсеткіштен (194 625 теңгеден) жоғары мөлшерде қарыз болған жағдайда жеке кәсіпкерлер мен компанияның бірінші басшыларына Қазақстаннан шығуға шектеу қойылады. Осы нормаға да жаңа Салық кодексінде өзгеріс енгізіп отырмыз. Депутаттардан да сондай ұсыныстар түсті. Соның бәрін қарастыра келіп, қарыз сомасын 27 АЕК-ке дейін көтердік. 106 млн теңгеден жоғары қарызы бар жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың бірінші тұлғалары ғана Қазақстаннан шығуға тыйым салынады, — деді ол онлайн баспасөз мәслихатында. Айтуынша, бұл шектеудің өзі соттың санкциясы арқылы іске асады. — Бұл шектеуді уақытша тоқтата тұру мүмкіндіктері де қарастырылған. Қарызы бар тұлға шетелде шұғыл…

Read More

ЕСІМДЕР 64 жыл бұрын (1961) профессор, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, хирург Нұрлан Мұхтарұлы АРЫН дүниеге келді. Фото: docclawhub.com Алматы қаласының тумасы. 1984 жылы С.Д.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін бітірген, педиатр. Еңбек жолы: балалар хирургиясы бойынша интернатура, Алматы облысы Кеген орталық аудандық ауруханасында хирург дәрігер (1984-1985); Алматы мемлекеттік медицина институтында балалар хирургиясы бойынша клиникалық ординатура (1985-1987); Алматы қаласындағы №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасының жедел хирургия бөлімшесінің хирург дәрігері (1987 жылдан); С.Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының Орталық ғылыми-зерттеу зертханасының балалар жүйке жарақаттары зертханасының кіші ғылыми қызметкері (1989-1990); С.Д.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина…

Read More

Сарайшық ауданының Р.Қошқарбаев – Тəуелсіздік даңғылдары мен А. Байтұрсынов көшесі аралығындағы аумақта астаналықтар енді жаңартылған жолмен серуендеп, жаңадан пайда болған велосипед жолымен қатынай алады. Жалпы биыл Астанада абаттандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Оның ішінде, Сарайшық ауданында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар аула мен қоғамдық кеңістік жаңартылды. «Ауданымызда биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 15 ауланы абаттандырумен қатар, жаңадан 3 кеңістік пайдалануға беріліп жатыр. Оның бірі кеше ғана Жүргенов көшесінің бойындағы «Жұмысшы мамандықтар жылына» арналған аллея болса, бүгін де міне, Р.Қошқарбаев – Тəуелсіздік даңғылдары мен А. Байтұрсынов көшесі үшбұрышындағы кеңістікті жаңартылған кейіпке енді. Тағы екеуінде жұмыс жүріп жатыр. Бір жағынан,…

Read More

Дания астанасындағы Скандинавияның ең ірі әуежайы «Каструпта» дүйсенбі күні кешке аэродром маңында белгісіз дрондар байқалғаннан кейін әуе кеңістігі жабылды. Копенгаген полициясының дерегінше, онда екі-үш ірі дронның ұшуы тіркелген. – Ешбір әуе кемесі ұшып кете де, қона да алмайды, – деді әуежайдың баспасөз хатшысы Лиз Агерли Курштейн. Оның айтуынша, шамамен 15 рейс өзге әуежайларға бағытталды. Қала полициясының кезекші офицері Аннетте Остенфельдт оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Оның сөзінше, дрондар жеке тұлғаларға қолжетімді әдеттегі үлгілерден әлдеқайда ірі болған. Түнгі сағат 00:30 кезінде, шамамен төрт сағаттан кейін, рейстер қайта жалғасты. Flightradar24 деректеріне сәйкес, әуе кеңістігі жабық болған кезеңде барлығы 50…

Read More

Заңның басты мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балалар сапалы білім алу үшін медициналық, білім беру және әлеуметтік қызметтерге тең әрі үздіксіз қолжетімділікті қамтамасыз ету. – Заңның қабылдануы кешенді көмекке мұқтаж балалар үшін келісілген, атаулы және тұрақты қолдау жүйесін құруға мүмкіндік береді. Құжат Қазақстанға 2024 жылы БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитеті берген ұсынымдарын іске асыру мақсатында әзірленді, – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім департаментінің директоры Бұлбұл Елеусінова. Қазіргі таңда Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 235 мың бала бар. Бұл бағытта 508 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде:– 110 ПМПК,– 230 КППК,– 99 арнайы мектеп,– 45…

Read More

Атап айтқанда, қала тұрғындарын жиі мазалайтын мәселе – электр жарығының жиі өшірілуі. Ақмола облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Бақытбек Жапаевтың айтуынша, «Лесная поляна» шағын ауданында көпқабатты үйлерді тұрақты электрмен қамту үшін 666 млн теңге бөлінген. Бұған дейін бұл үйлер уақытша электр қуатымен қамтамасыз етіліп келген. – Қосшыда шынымен жарық өшіріледі, мұндай мәселе бар. Бірінші, екінші, үшінші кезектегі электр желілері пайдалануға берілгенде оларды мемлекеттік меншікке де, АРЭК-ке де өткізбеген. Сондықтан желілер ТКШ балансында қалып қойды. Қазір АРЭК шарт мынадай қойып отыр: желілерді қалпына келтіріп, талаптарға сай етіп, содан кейін өздеріне өтеусіз сенімгерлік басқаруға алу. Қазір Қосшы қаласының әкімдігі осы жұмыстарды жүргізуде,…

Read More