ҚР ҚОК мәліметінше, отандастарымыз екі мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Айбар Қайым қылыш қаруымен айқасудан бірінші орын иеленді. Сондай-ақ Полина Лесовская да алтын медаль жеңіп алды. Ол қылышпен айқасудан турнирдің үздік спортшысы атанды. Айта кетейік, 16 жастағы қазақ қызы қол күрестен 13 дүркін әлем чемпионын жеңді. Қазақстандық әскери қызметшілер әлем чемпионатында алтын мен күміс олжалады. «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарында БҚО құрамасы алғаш рет үздік үштікке ілікті.
Автор: qaztimes
Бұл – шұғыл жағдайда науқасқа көмектесудің жаңа тәсілі. Науқастың өміріне қауіп төнген кезде диспетчер қоңырауды үзбей, оны ұстап тұру режиміне ауысады, яғни тұтқаны қоймайды. Осылайша, жедел медициналық көмек бригадасы келгенге дейін диспетчер шақырушыға қолдау көрсетіп, кеңес береді. — Жаңа жүйенің жұмыс істеу тәртібі қарапайым, науқастың жағдайы ауыр деп бағаланса, диспетчер телефон тұтқасын қоймай, шақырушыға алғашқы көмек көрсету жөнінде кеңес береді, мысалы, дем алдыру, қан тоқтату, жүрекке жанама массаж жасау тәсілдері және т.б. жасауға септеседі. Бұл кеңестер жедел жәрдем жеткенге дейінгі алтын уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бүгінге дейін бұл режим бірнеше рет қолданылды. Нәтижесінде, бригада келгенге дейін науқасқа дұрыс көмек…
Алматы қалалық Медициналық сақтандыру қоры филиалының мәліметінше, 2025 жылы ЭКО бағдарламасына 2,2 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат процедураны МӘМС жүйесі арқылы тегін өтуге мүмкіндік береді. — ЭКО — бедеулікпен күрестің мүмкіндігі Экстракорпоралдық ұрықтандыру — бедеулікке қарсы ең тиімді әдістердің бірі. Қазіргі заманғы репродуктивті технологиялар табиғи жолмен бала сүю мүмкін болмайтын жағдайларда да ата-ана болуға көмектеседі, — деп түсіндірді МӘМС мамандары. ЭКО-ға МӘМС арқылы қалай түсуге болады 1. Тіркелген емханаға жүгіну. 2. Тексерістен өтіп, «бедеулік» диагнозын растау. 3. Диагноз қойылғаннан кейін 12 ай ішінде дәрігер құжаттарды жоғары технологиялық медициналық қызметтер (ЖТМҚ) жөніндегі комиссияға жолдайды. 4. Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда пациент ЭКО-ға жолдама алып, процедураны жүргізетін…
Павлодар облысында өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайту мен экологиялық ластанудың салдарын жою — ұзақ жылдан бері күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе. Мысал үшін Екібастұздағы қос ГРЭС-те әлі күнге күлді тұтып қалатын сүзгілерді заманға сай жаңартуға мән берілмей отыр. Мәжілістегі Экология және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршинның айтуынша, Павлодар аймағындағы өндірістік шығарындылардың жартысына көбі энергетика саласына тиесілі. Алайда облыстағы алып энергетикалық нысандар экологиялық шараларға немқұрайлы қарайтыны байқалады. — Бұған дейін еліміз бойынша ТОП-50 кәсіпорынға автоматты мониторинг жүйелері орнатылғаны мәлім. Мониторинг нәтижелері онлайн түрде жергілікті экология департаменті мен жауапты министрлікте көрсетіліп тұрады. Өкінішке қарай, осындай бақылау еліміз бойынша энергетика саласында ақсап тұр.…
«Dragon City» тұрғын үй кешенінің тұрғындары Алматы әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесу кезінде өз шағымдарын білдірді. Олардың айтуынша, бастапқы жоба бойынша пәтерлер паркингпен бірге сатылған. Алайда кейінірек шарттар өзгеріп, көлік орындарының құны 3-тен 10 млн теңгеге дейін өскен. Одан кейін бұл аумақ толығымен коммерцияға берілген. Тұрғындар пікірінше, бұл әу бастан жоспарланған алаяқтық әдіс. Фото: Алматы әкімдігі Алматы әкімі жауапты органдарға осындай шешімдердің қалай қабылданғанын, кім рұқсат беріп, құжаттарға кім қол қойғанын анықтауды тапсырды. Фото: Алматы әкімдігі — Іс-қимыл алгоритмі Экономикалық тергеу департаментімен, прокуратура, ТЖ және басқа да қызметтермен бірлесіп әзірленетін болады. Қажет болса, трансформаторлық қосалқы станцияны ауыстырамыз. Ең бастысы — кешеннің 2 жарым мыңға жуық…
— Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ауыл шаруашылығын цифрландыру үлкен артықшылықтар береді. АҚШ-та автономды және роботты егін жинау жүйелері қолданылады. Автономды тракторлар үзіліссіз және тәулік бойы жұмыс істей алады. Канадада геоаналитика және GPS навигациялық жүйелері қолданылады. Бұл маршруттарды автоматтандыру және оңтайландыру арқылы еңбек шығындарын 20-40 пайыз төмендетеді. IoT сенсорлары аяз, құрғақшылық сияқты қауіптер туралы алдын ала хабарлауға мүмкіндік береді, — деді ол. Оның атап өтуінше, Blockchain технологиясын пайдалану фермерлердің қаржыландыруға кететін уақыты мен шығындарын азайтады. Сонымен қатар алаяқтықтың төмендеуіне әсер етеді. Осыған байланысты елімізде агроөнеркәсіптік секторда блокчейн технологияларын пайдалану жұмыстары жүргізіліп жатыр. — Нақты тауарларды цифрлық токендарға айналдыру жоспарланып отыр, яғни –…
Әлеуметтік желіде асхананың қазіргі жағдайы көрсетілген бейнежазда жарияланды. Ролик авторының айтуынша, тамақ таратуға арналған лифт нағыз қоқыс жинайтын орынға айналған. Оның астында қоқыс пен көгерген ыдыстар жатыр. Наразылық білдірген ата-аналар Бостандық ауданының прокуратурасына және санитариялық қызметке осы мектепті тамақпен қамтамасыз ететін жеке кәсіпкердің жұмысын тексеруді сұрады Алматы қаласы Білім басқармасы бұл жағдай бойынша жауап берді. Онда №65 мектеп-гимназиясының директорына мектепішілік бақылаудың болмағаны үшін ҚР Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жаза қолданылғаны хабарланды. — Бұл дерек аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің назарына алынды, ыстық тамақпен қамтамасыз ететін кәсіпкерге қатысты тиісті шаралар қабылданады, — деп мәлімдеді басқармадан. Еске салайық, бұған дейін Алматыда 127 мың оқушы…
— Агроөнеркәсіптік кешендегі басым процестерді автоматтандыру үшін жасанды интеллект агенттерін енгізуді қарастырудамыз. Бұл агент мемлекеттік қолдау шаралары, субсидиялар, өтінім беру мерзімдері және қажетті құжаттар туралы өзекті ақпаратты беретін болады. Чатбот Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми деректеріне негізделеді және фермерлерге қажетті жауаптарды тез алуға көмектеседі, — деді Қаныш Төлеушин. Оның атап өтуінше, ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту үшін автономды тракторлар мен комбайндарды, IoT, жасанды интеллект және Big Data-ны кеңінен қолдану, сондай-ақ мемлекет, бизнес және ғылым арасындағы ынтымақтастықты кеңейту қажет. — Жалпы, ауыл шаруашылығын кешенді цифрландыру және заманауи технологияларды қолдану жерді тиімдірек пайдалануға және фермерлердің жұмысын жеңілдетуге көмектеседі, — деді бірінші вице-министр. Айта…
Оның дерегінше, 2020 жылы ішкі нарықтың жергілікті құс етімен қамтамасыз етілуі 58 пайыз болса, бүгінде бұл көрсеткіш 82 пайызға жетіп отыр. — Импортқа тәуелділікті айтарлықтай төмендете алдық. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді. 2027 жылы Қазақстан халықты 100 пайыз құс етімен қамтамасыз етеді, — деді Айдарбек Сапаров. Оның айтуынша, мал шаруашылығы өнімдерінің жеткілікті көлемі өндіріліп жатыр. — Сонымен, ет өнімдері – сиыр, қой, жылқы еттері және жұмыртқа ішкі сұранысты толығымен жабады. Құс еті бойынша оң динамика байқалып отыр. Егер өткен жылы қамту деңгейі 79 пайыз болса, биыл 82 пайызға жетті. Сүт өнімдері бойынша да қамтамасыз етілу 100 пайызға жеткізілді, — деді…
— Келесі жылдан бастап қолданысқа енетін Салық кодексі бойынша, салық берешегін сараланған тәсілмен қайтару тәртібі енгізіледі. Салық берешегі 20 айлық есептік көрсеткіштен (86 500 теңгеден) төмен азаматтарға өсімпұл есептеліп, ескертпе жіберіледі. Ал 20 АЕК-тен 45 АЕК-ке (194 625 теңгеге) дейінгі аралықтағы берешегі барларға өсімпұлмен бірге хабарлама жіберіледі. 20 АЕК-ке дейінгілерге ескертпе барса, бұларға хабарлама жолданады. Хабарлама барғаннан кейін берешекті қайтаруға 10 күн беріледі. Осы 10 күннің ішінде берешек төленбесе, есепшоты мен кассалық шығыс операциялар тоқтатылып, инкассалық үкім қойылады, — деді ол. Ал салық берешегі 45 АЕК-тен асса, жоғарыда аталған шаралардан бөлек мүлкін тәркілеу, оны сату, дебиторлармен жұмыс істеу, ең аяғында…