Автор: qaztimes

Ұшу Атбасар ауданында болған жол-көлік оқиғасынан кейін жүзеге асырылды. — Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында науқастар межелі жерге жедел әрі қауіпсіз жеткізілді, — деп жазды ведомстводан. Дерекке қарағанда, ТЖМ тікұшақтары қашықтағы елді мекендер жағдайында да шұғыл медициналық көмек көрсетуге әрдайым дайын. Айта кетейік, бұған дейін күйік шалған бала тікұшақпен Көкшетауға жеткізілді.

Read More

Заңнамаға сәйкес, Жогорку Кенешті өзін-өзі тарату туралы бастама көтеру үшін депутаттардың жалпы санының үштен бірі, яғни 30 парламентарий қол қоюы керек. Ал шешім қабылдануы үшін дауыстардың үштен екісі, яғни кемінде 60 халық қалаулысы қолдауы қажет. Парламент бұл шешімді жақын арада қабылдаған жағдайда — мерзімінен бұрын сайлау 2025 жылдың қараша айының соңына белгіленуі мүмкін. Қырғызстандағы парламентаризм эволюциясы Қырғыз парламентаризмінің тарихы 1990 жылы сәуірде он екінші шақырылымдағы Қырғыз КСР Жоғарғы Кеңесінен бастау алады. Тарихқа «аңыз парламент» деген атпен енген бұл құрам саяси пікірталастар мен реформалар алаңына айналды, осы парламент кезінде елдің тәуелсіздігі жарияланды. Алайда, 1994 жылы парламент саяси келіспеушіліктер мен кворумның болмауына…

Read More

Оның айтуынша, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. — Қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, қазіргі уақытта дәлелдемелік база жинақталып жатыр. Қалғанының бәрі процессте жария етіледі, — деді ол. Қайрат Қожамжаровтың нақты қайда екендігі туралы сұраққа спикер тергеу мүдделерін алға тартып, пікір білдіруден бас тартты. Сонымен бірге, бас прокурор орынбасарының хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Татубаев пен Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің экс-бастығы Олеся Кексельге қатысты жеке қылмыстық істер қозғалған. — Бұл әртүрлі істер, бірақ азаптау фактілері бойынша ұқсас. Татубаев қамауға алынды.…

Read More

Мониторингті қалалық психикалық денсаулық орталығы медициналық ұйымдармен бірлесе жүзеге асырып отыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. Талдау көрсеткендей, мұндай жағдайлар көбінесе отбасындағы немесе достар арасындағы жанжалдарға байланысты болады. Қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Елена Полиенконың айтуынша, мұндай әрекеттер ата-ананың не мұғалімдердің назарын аудартуға немесе қарсылық білдіруге тырысудан туындайды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова Астанада мұндай оқиғалардың алдын алу шаралары күшейтіліп, профилактикаға қатысты тәсілдердің түзетілгенін атап өтті. Жастардың 10-нан 29 жасқа дейінгі психикалық саулығын қорғау үшін елордада 11 жастар орталығы жұмыс істейді. Олар емханалар базасында («№2 қалалық емхана», «№3…

Read More

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов бастаған делегация жұмыс сапарымен Қытайға барды. Сапар бағдарламасында АЗОСАИ өңірлік ұйымының желісі бойынша іс-шараларға қатысу және ҚР мен ҚХР жоғары аудит органдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту көзделген. Сапар аясындағы басты шара — Нанкин аудит университетінде АЗОСАИ-дың жастарды жетілдіру бағдарламасын іске қосу. Бұған Қытайдың Ұлттық аудит кеңсесі бастамашы болды. Фото: Жоғары аудиторлық палата Бағдарламаның мақсаты — Азияның түрлі елдерінің жас аудиторларына тәжірибе алмасуға, білім алуға және кәсіби сын-қатерлерге бірлесе жауап іздеуге мүмкіндік беру. Қазақстанның аудит саласындағы жас мамандары да ұйымның басқа елдерінен келген әріптестерімен бірге осы бағдарламаға қатысуда.Салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Әлихан Смайылов Бағдарламаны іске…

Read More

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта Павлодар облысында жылыту маусымы басталған. Алдағы күндері Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарында жылыту маусымының басталуы күтіліп отыр. Қалған өңірлерде жылыту жұмыстары белгіленген мерзімге сәйкес жүргізіледі. — 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде жүйелік оператор бекіткен кестеге сәйкес, 10 энергоблокты, 63 қазандықты және 39 турбинаны жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда 6 энергоблок, 29 қазандық және 16 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал 4 энергоблокта, 31 қазандық және 20 турбинада жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, — деді Ертаев. Сонымен қатар спикер өз сөзінде электр желілері бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жыл соңына дейін 17 мың…

Read More

— Балам әскерде, Аллаға шүкір, бір айдан кейін келеді. Күтіп отырмыз. Әрине, әскерде болып жатқан жағдай бәрімізді алаңдатады. Баласын әскерге жіберу кез келген ата-ананың міндеті деп ойлаймын. Бір жыл бұрын осы мақсатпен баламызды әскерге жібердік. Меніңше, Қорғаныс министрлігі міндетті түрде әскерде болып жатқан жайттарға мұқият қарап, қорытынды шығару тиіс. Яғни, әскерге реформа қажет болып отыр, — деді депутат Мәжілістің жалпы отырысы алдында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Оның атап өтуінше, соңғы бірнеше жылдың ішінде әскери бөлімдерде реформа жасалып, жүздеген камералармен, басқа да құрылғылармен жабдықталды. — Бірақ, бұл әлі де жеткіліксіз. Ең алдымен әскер әкімшілігі міндетін адал әрі дұрыс атқаруы тиіс. Мұнан…

Read More

Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина доданы екінші айналымнан бастайды. Бүгін отандасымыздың қарсыласы анықталды. WTA рейтингінде 90-орында тұрған америкалық Кэти Макнелли алғашқы айналымда әлемнің 53-ракеткасы, 37 жастағы германиялық Лаура Зигемундты қапы қалдырды – 6:4, 6:2. Осылайша, Макнелли екінші кездесуін Е.Рыбакинамен өткізеді. Тағы бір қазақстандық, әлемнің 63-ракеткасы Юлия Путинцева бірінші айналымда турнирге арнайы шақырту алған қытайлық, рейтингіде 110-орындағы Юань Юэмен ойнайды. Оны жеңген жағдайда әлемнің екінші, осы жарыстың 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекке тап келеді.  Өткен жылы Бейжіңде америкалық Кори Гауфф чемпион болған еді. Алайда ол турнирге Рыбакина қатысқан жоқ. Ал Путинцева екінші айналымнан ары аса алмаған болатын.  Биыл Е.Рыбакина сәтті өнер…

Read More

Тау-тау болып үйіліп жатқан полиэтилен қапшықтардың іші медициналық шприцтер мен системаларға, құралдарға толы. Оларды қаңғыбас иттер ары-бері сүйреп, ауру таратып жатқандай әсер қалдырады. Желіде тараған бейнежазбадан көпшілік осындай жағымсыз көрініске куә болды. Мәселеге Павлодар облысының экология департаменті бірден көңіл аударған. Мекеме мамандары полицейлермен бірге «KSP Steel» ЖШС-ның солтүстігінде орналасқан аумаққа барып, алдын ала қарау жүргізген. — Аталған жер телімін қарау барысында қолданылған құралдардан, қанмен былғанған түрлі заттар мен шүберектерден, шприцтер мен системалар және тағы да басқа заттардан тұратын медициналық қалдықтарға кезіктік. Учаскелік полицейдің айтуынша, аталған жер телімі медициналық қалдықтарды қабылдап, жою қызметімен шұғылданатын «BB-Group KZ» ЖШС-на тиесілі. Компанияда қалдықтарды жоятын…

Read More

Қорытынды іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, қаржы министрі Мәди Такиев, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Өз сөзінде Серік Жұманғарин бизнес үшін маңызды мәселелердің бірі — арнайы салық режимдерін қолдану туралы егжей-тегжейлі тоқталды. «Мұндағы басты қағида: бұған дейін кім оңайлатылған салық режимінде жұмыс істеп келген болса, сол режимде қалады», — деді вице-премьер. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі үшін ерекше ережелер енгізілуде. Вице-премьер түпкі тұтынушымен тікелей жұмыс істейтін кәсіпорындарға оңайлатылған салық режимін қолдануға рұқсат етілетінін айтты. «Өңдеу өнеркәсібінің бір бөлігіне рұқсат береміз. Ең алдымен, ол кәсіпорын офсетте немесе ірі кәсіпорындар үшін жеткізуші болып саналмайтын B2C…

Read More