Жарысқа Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарынан және Астанадан мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысты. Қатысушылар паралимпиадалық ат спортынан өнер көрсетті: «Ат спортының бастауы», «Жеке жүлде» және «Кюр» (фристайл-тест). Фото: Астана әкімдігі Чемпионат қорытындысы бойынша елордалық параспортшылар 5 медаль иеленді. Атап айтқанда, Ахмад Билял мен Әділ Елубай 1-орын, Әнуар Әбжанов пен Арнұр Дауылбаев 2-орын және Томирис Ералы 3-орын алды. Еске сала кетейік, бұған дейін Астана әкімдігі бір ат спорты кешенін 200 мың теңгеге сатып, жаңасын 7 млрд теңгеге сатып алғанын жазған едік.
Автор: qaztimes
Заң жобасы бойынша негізгі баяндама жасаған Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, аталған келісімге Мемлекет басшылары 2023 жылдың қазан айында қол қойған. — Орталықты құруға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелерінің басшылары бастамашылық жасады. Келісім тәуекелдерді бағалайтын халықаралық орталық құруды көздейді. Ресей тарабы оның операторы және үйлестірушісі болады. Орталық қорғалған ақпараттық жүйе ретінде жұмыс істеп, ТМД елдерінің қаржылық барлау органдары арасында тиімді өзара іс-қимылды, ортақ ақпараттық ресурс құруды және тәуекелдерді ұлттықтан жоғары деңгейде бағалауды қамтамасыз етеді. Орталықтың маңызды міндеттерінің бірі ақшаның транзиттік қозғалысын, активтердің орналасуын, сондай-ақ алаяқтық, бюджет қаражатын жымқыру, салық қылмыстары мен сыбайлас жемқорлық бойынша мәлімет алмасуды…
Жәрмеңкеде ет, балық, сүт өнімдері, бакалея, көкөніс пен жеміс-жидектің алуан түрі ұсынылады. Барлық тауар делдалсыз, тікелей фермерлерден жеткізіледі. Бұл азық-түліктің қолжетімділігін арттыруға әрі отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған. Астанаға шамамен 350 тонна өнім жеткізіледі. Оның ішінде 110 тонна көкөніс, 50 тонна жеміс, 35 тонна ет және ет өнімдері, 20 мың дана жұмыртқа, 14 тонна балық, 10 тонна сүт өнімдері, 6 тонна қант, 6 тонна күріш, 5 тонна бал және 100 тоннадан астам басқа да азық-түлік бар. Жәрмеңке қонақтары аймақтардан келген өнерпаздардың концерттік бағдарламасын да тамашалай алады. Сауда таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жалғасады. Айта кетейік, биылғы жәрмеңке дәстүр бойынша «Қазанат» атшабарының…
— Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісім тараптардың аумақтарында қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе сот үкімін орындау үшін белгіленген адамдарды экстрадициялау мәселелері бойынша екі елдің құзыретті органдары арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған. Аталған келісім 2024 жылғы 12 желтоқсанда Рабат қаласында жасалды. Бұл келісімге сәйкес, тараптар өздерінің аумақтарында қылмыс жасағаны үшін анықталған адамдарды одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе сот үкімін орындау үшін бір-біріне ұстап беруге міндеттенеді, — деді Жарқынбек Амантайұлы. Оның айтуынша, келісімде адамдарды ұстап беру және одан бас тарту үшін нақты негіздер көзделеді. Ұстап беру үшін кемінде 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе тараптардың…
Тиісті жобаны Оңтүстік Америка футбол конфедерациясының президенті Алехандро Домингес ұсынды. Бұл жобаны ФИФА қолдауының ықтималдығы жоғары бағаланып отыр. Егер жоба қолдау тапса, құрама саны 2030 жылғы әлем чемпионатында-ақ артады. Бұл жағдайда командалар әрқайсысы 4 құрамадан тұратын 16 топқа бөлінеді. Әр топтан екі үздік команда плей-офф кезеңіне шығып, кейін медальдар үшін күресті олимпиадалық жүйе бойынша жалғастырады. Айта кетелік Қазақстан футбол федерациясынан жымқырылған 2 млрд теңге қайтарылды.
– Егер бастапқы сараптама қорытындысы күмән тудырса, бұл жағдайда сіз құқық қорғау органына немесе сараптаманы тағайындаған органға дәлелді негіздемемен жүгініп, қосымша немесе қайталама сараптама тағайындауды сұрай аласыз. Сот сараптамасын жүргізу мерзімі заң бойынша 30 күнтізбелік күн, – деді спикер журналист сауалына жауап бере отырып. Сондай-ақ журналистер сот сараптамасының нәтижесі дәлел ретінде танылмауы мүмкін бе деген қосымша сұрақ қойды. – Сарапшының қорытындысы дәлелдемелердің бірі ғана. Оған баға беретін сот немесе сараптаманы тағайындаушы орган, ол өзінің ішкі сеніміне сүйеніп шешім қабылдайды. Егер сараптама нәтижесі мойындалмаса, сот шешім қабылдайды, ал кейбір жағдайларда сарапшыға қатысты жеке ұйғарым шығаруы мүмкін, – деп нақтылады Бақытжан Байтілесов.…
Бұл жөнінде ол Қазақстан футбол федерациясына берген мәліметінде айтты. — Бұл мен үшін соңғы іріктеу кезеңі болды. Ұлттық құрамада 20 жасымнан бері 16 жыл ойнап келемін. Қиын, әрине. Өзім эмоцияға ерік беретін адам емеспін, бірақ жігіттерге бірге ойнағаныма бақытты екенімді айттым. Бұл спорт, бұл өмір. Көп жарақат алдым, қайта оралдым, алаңға шықтым, әрдайым өзімді дәлелдеуге тырыстым. Жаңа буын өсіп келеді, енді оларға жанкүйер боламын. Әрине, мұндай жеңілістен кейін қоштасқым келмеген. Бірақ спорт деген осы тоқтап қалмай, ары қарай жүру керек, — деді ол. Шыңғыс Есенаманов 1989 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2008-2015 жылдары қарағандылық «Тұлпар», 2015-2023 жылдары алматылық «Қайрат» сапында…
Бағдарламаның негізгі мақсаты — қатысушылардың білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдаланудың қағидаттары туралы түсінігін қалыптастыру. Оқыту барысында этика мен қауіпсіздік мәселелеріне ерекше мән беріледі: баланың игілігіне басымдық беру, академиялық адалдықты сақтау және дереккөздерді белгілеу, қолданудың заңдылығы мен дербес деректерді қорғау, жас ерекшелігін ескеру мен педагогикалық бақылауды қамтамасыз ету. Сондай-ақ жасанды интеллектінің шектеулері мен алгоритмдік бейтарап еместігінің ықтималдығын да түсіну қажет. Қатысушыларға негізгі ЖИ-құзыреттер ұсынылады. Педагог үшін — сабақ мақсатына сәйкес құралдарды негізді таңдау, алынған жауаптарды сыни тұрғыдан бағалау, этикалық және қауіпсіздік нормаларын сақтау, әдістемелерді үнемі жетілдіріп отыру. Оқушы үшін — жасанды интеллектінің табиғаты мен шектеулерін түсіну, ұсынылған жауапты қабылдау,…
Сот мәліметінше, М. диабет асқынуларын емдеу үшін медициналық орталыққа жүгінген және қызметтерге 420 мың теңге ақы төлеген. Алайда көрсетілген медициналық көмек жағдайын жақсартпаған. Керісінше ауру асқынып, М. басқа медициналық орталыққа жүгінуге мәжбүр болған. – Онда дәрігерлер алдыңғы сапасыз емдеудің салдарын жою кезінде оң аяғының саусағын ампутациялауға мәжбүр болған. Бұл оған физикалық азап пен елеулі моральдық зиян келтірді. Осыдан кейін М. төленген қаражаттың бір бөлігін қайтару және моральдық зиянды өтеу талабымен сотқа жүгінді, — деп хабарлады соттан. Сот анықталған мән-жайларды ескере отырып, М.-нің талап арызын қанағаттандырып, медициналық орталықтан 120 000 теңге материалдық және 500 000 теңге моральдық зиянды өндіріп алу туралы…
Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының директоры Байтілесов Бақытжан Төленұлы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында журналистің сұрағына жауап беру кезінде мәлімдеді. Брифинг барысында журналистер Сот сараптамалары орталығының өңірлік филиалдары ақылы негізде маман қорытындысын ұсынып отырғанын атап өтіп, бұл қызмет түрінің жекеменшік сарапшылар жұмыс істеп тұрған бәсекелестік ортада қаншалықты заңды екені жөнінде сұрақ қойды. — — Иә, бұл заңды. Біріншіден, сот-сараптамалық қызмет кәсіпкерлік қызмет емес. Оның басты мақсаты — пайда табу емес, сараптама тағайындайтын органдарды объективті нәтижемен қамтамасыз ету. Сонымен қатар заңнамада орталықтың ақылы негізде зерттеу жүргізуіне тыйым салынбаған. Біздің жарғымызда зерттеулерді шарттық негізде жүргізу құқығымыз көрсетілген,…