Автор: qaztimes

 Осылайша, нашақорлықтың таралуына қарсы күрес жұмысы жандана түсті.Кешенді жоспарды жүзеге асыру кезеңінде нақты нәтижеге қол жеткізілді:• 50,4 тонна есірткі және 105,2 тонна прекурсор тәркіленді;• 25 ұйымдасқан қылмыстық топ, оның ішінде 4 трансұлттық топ жойылды;• 71 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды;• есірткі саудасымен айналысатын 6 мың сайт бұғатталды;• есірткі таратушылардың 2,5 млрд теңгеден астам сомасы бар 44 мыңнан аса банк картасы бұғатталды. — Қазір 2026–2028 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері аталған жобаны талқылады, — деп жазды ол.  • Құжат жобасы қолданыстағы 2023–2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарды іске асыру тәжірибесі негізінде әзірленіп жатыр; • Жаңа жоспар әлдеқайда…

Read More

Турнирге еліміздің медиа агенттіктерінің шығармашылық қызметкерлері қатысады. Жарыс Қазмедиа орталығында ұйымдастырылады. «Көш» — журналист, сценарист әрі ұлттық үстел ойындарының авторы Ертас Жақыпбайдың туындысы. Қазақ халқының көшпелі өмір салтынан шабыт алған бұл ойын ата-бабамыздың тарихын, көшпелі мәдениеттің рухын және дала заңдылықтарын заманауи үстел ойыны арқылы жеткізуді көздейді. Қатысушылар тақтайшаға бейнеленген бір жылқы мен үш қойды қыстаудан жайлауға көшіру барысында түрлі сынақтардан өтіп, ақыл-ой мен зеректікке, ұжымдық бірлікке және табиғатпен үндестікке негізделген интеллектуалды тартысқа түседі. Осы ретте, агенттік тілшісі ойын авторы Ертас Жақыпбаймен аз-кем тілдесіп, бірнеше сауал қойған еді. Бүгінде Қазақ радиосында қызмет ететін журналист, жоғарыда айтқанымыздай, қазақтың тұрмыс-салтын, көшпенді мәдениетін жаңа заманға…

Read More

Жобаның инвестиция көлемі 320 млн АҚШ доллар. Капсула салу рәсіміне Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, іскер топ өкілдері, сарапшылар қауымдастығы және жұртшылықтың қатысуымен өтті. Фото: АШМ Министр жобаның ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі мен аграрлық сектордың экспорттық әлеуетін нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті: – Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеудің маңыздылығына, оған отандық әрі шетелдік инвесторларды тарту қажеттігіне ерекше назар аударған болатын. Бүгін біз осы саладағы ең ірі жобалардың бірін іске қосып отырмыз. Бұл жоба жыл сайын 250 мың тонна астық пен 80 мың тонна бұршақ дақылдарын қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде қосымша экспорттық…

Read More

Көмір, мұнай және газдың электростанциялар мен өнеркәсіптік объектілерде жаққан отын нәтижесінде пайда болатын PM₂.₅ ұсақ бөлшектерінен туындаған ауа ластануы қоршаған ортаға сіңіп, тыныс алу жүйесі, жүрек-қан тамырлары жүйесі және басқа созылмалы аурулар үшін үлкен қауіп тудырады. «Супер-эмиттерлер» (әсіресе жоғары деңгейде шығарындылар жасайтын ірі нысандар) аймағында шамамен 900 миллион адам тұрады. Зерттеушілер әзірлеген құрал ластанудың ағымдарын визуализациялап, қай аумақтардың қауіптілікке көбірек ұшырайтынын анықтауға мүмкіндік береді. Жоба авторлары бұл деңгейдегі мәліметтер «климаттық дағдарыс пен ауа ластануы арасындағы тікелей байланысты көрсетіп, бұл қоғамдық денсаулыққа үлкен қауіп төндіретінін» атап өтеді. Сарапшылар сонымен қатар, көмірқышқыл газының өзі уытты емес екенін еске салады, бірақ ол ғаламдық…

Read More

Жалпы салмағы 272 тонна 728 килограммды құрайтын 26 вагон гуманитарлық көмек теміржол арқылы Кабул қаласына жеткізілді. Оның ішінде шатырлар, қант, көрпелер, ет консервілері және ұн бар. Айта кетейік, биыл сәуір айында да Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберген болатын. Ол кезде дәрі-дәрмектер, медициналық бұйымдар және жеке қорғаныс құралдары әуе арқылы жеткізіліп, жалпы салмағы 3 тонна 396 килограммды құраған еді. — Қазақстан тату көршілік қатынастарды нығайту бағытын ұстанып, өңірдегі гуманитарлық тұрақтылықты қамтамасыз етуге әрі қарай да атсалысуға дайын екендігін мәлімдеді, — делінген ақпаратта.

Read More

Ұсынылған заң жобалары пакеті 2025 жылғы бюджет туралы заңға түзетулерді, 2026 жылға және 2027-2028 жылдарға арналған федералдық бюджет жөніндегі заң жобасын, сондай-ақ Бюджет және Салық кодекстеріне жекелеген өзгерістер енгізу туралы заң жобаларын қамтиды. Хабарламада ҚҚС өсімінен түсетін қаражат ең алдымен қорғаныс пен қауіпсіздікті қаржыландыруға бағытталатыны айтылған. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар барлық тауарлар үшін (азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдер, балаларға арналған тауарлар және басқалары) ҚҚС-тың жеңілдетілген 10% мөлшерлемесі сақталатыны көрсетілген. Заң жобасы қабылданған жағдайда, Салық кодексіне енгізілетін түзетулер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қаржы сарапшыларының бағалауынша, ҚҚС мөлшерлемесін көтеру бастамасы Ресей бюджетіне жыл сайын қосымша 1 трлн рубль…

Read More

Барлық тарап пен сот процесіне қатысушылар отырысқа онлайн-режимде қатысты. — Сот алқасы апелляциялық шағымдардың дәл-елдерін, процеске қатысушылардың ұстанымын, прокурордың қорытындысын тыңдап, қылмыстық істің материалдарын зерделеп, Қылмыстық-процестік кодекстің 431-бабының 1-тармағының 1-бөлігін, 443-444-баптарын басшылыққа ала отырып, 2025 жылғы 25 шілдедегі Қайрат Перизат пен Алашбаева Ғайниге қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы қаулы шығарды. Сотталғандардың адвокатының апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын, — делінген сот шешімінде. Есік салсақ, шілде айында Елорда соты «Biz birgemiz» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға үкім шығарған еді. Сот үкімінде Перизат Қайратты 10 жылға, анасын 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.  Ал тамыз айында…

Read More

— Қазір 37 блогерге қатысты материалдарды өкілетті органдарға жібердік. Олар әкімшілік жауапқа тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Яғни бірінші рет заң бұзса — 300 АЕК (1 107 600 теңге), екінші рет қайталаса — 750 АЕК (2 млн 769 мың теңге). Е. Жанабыловтар бойынша сот шешімін күтіп отырмыз, онда қылмыстық жауапкершілік болады, — деді Ж. Елемесов Мәжілісте өткен брифингіде.  Бұған дейін агенттік өкілі Е. Жанабыловқа қатысты сот шешімі 15 қыркүйекте шығарылғанын, шешім берілген күннен бастап 10 тәулік ішінде заңды күшіне енетінін айтқан еді. — Қазіргі уақытта біздің ведомствоға материалдар түскен жоқ. Алайда олар түскеннен кейін олармен танысып шығу қажет. Егер онда қылмыстық жауапкершілікке жататын іс-әрекет белгілері болса, тиісті…

Read More

Кеңесте Камчыбек Ташиев биылғы 20 қаңтардан бастап күшіне енген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға қарамастан, бірқатар мемлекеттік органдарда қызметкерлердің функционалдық міндеттерін орындауына бақылаудың әлсіздігі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған түсіндіру-профилактикалық және талдамалық жұмыстың жеткіліксіздігі, сондай-ақ «осал» учаскелерге кадр іріктеу сапасының төмендігі байқалатынын атап өтті. Төрағаның мәліметінше, бүгінгі кеңестің негізгі тақырыбы «Чалдовар–Автожол» бақылау-өткізу пунктіндегі (БӨП) жағдай болды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған БӨП аймағында бақылаушы органдардың лауазымды тұлғаларының алдын ала сөз байласуы арқылы ұйымдастырылған жаңа, тұрақты жемқорлық схемасы әшкереленді. Фото: Қырғыз Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Жемқорлық тізбегіне Мемлекеттік салық қызметі мамандары, Шекара қызметінің әскери қызметшілері, Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік…

Read More

Комитеттің дерегінше, 22 қыркүйекте бірқатар ресейлік БАҚ-та ресейлік кеден органдарының Қазақстан Республикасынан әкелу кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) ұстағаны туралы ақпарат жарияланған.  Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, бұл дерек шындыққа жанаспайды және оқиғаның нақты мән-жайы көрсетілмеген. Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті Іс жүзінде аталған ұшқышсыз ұшу аппараты биылғы жылдың 13 маусымында «Жайсан» автомобиль өткізу пунктінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері тарапынан Ресей Федерациясынан қажетті құжаттарсыз әкелуге әрекет жасау кезінде ұсталған.  — Белгіленген тәртіпке сәйкес жүк экспорттық бақылау шараларын қолдану үшін Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне берілді. Уәкілетті органға жолданған сұрау салу нәтижелері бойынша ҰҰА әкелудің рұқсат беру тәртібіне жататын арнайы тауарларға жататыны расталды, — делінген хабарламада.…

Read More