Автор: qaztimes

Алматы әкімдігінің мәліметінше, биыл марафонға 60-тан астам елден келген 16 мың адам қатыспақ. Сол себепті 28 қыркүйек күні сағат 06:00-ден 12:30-ға дейін марафон қашықтықтары өтетін жолдарда көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Спортшылардың жүгіріп өтуіне қарай жолдар кезең-кезеңімен ашылып отырады. Марафонның сөре және мәре сызығы Республика алаңында орналасады. 27 қыркүйек күні сағат 06:00-ден бастап 28 қыркүйек сағат 22:00-ге дейін Сәтбаев көшесінің Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігінде екі бағыттағы көлік қозғалысы тоқтатылады. Ал Назарбаев даңғылында Сәтбаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы сағат 06:25-тен 09:35-ке дейін толықтай тоқтатылады. Іс-шара өтетін күні Әл-Фараби даңғылында Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейінгі аралықта сағат 06:30-дан…

Read More

Қайғылы жағдай 23 қыркүйек күні күндіз Таразда болған. Анасы біраз уақытқа үйден шығып кеткенде, қызы қорада асулы күйде табылған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның көз жұмғанын растады. №26 орта мектептің 9-сынып оқушысы неге мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр, полиция тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге жеткізу») бойынша іс қозғалды. Қаза болған қыз соңғы екі айда өңірде өмірімен қош айтысқан жетінші бала. – Бұл жағдайға байланысты облыстық психологиялық қолдау орталығының жұмыс тобы құрылып, отбасыға қажетті психологиялық көмек көрсетілді. Айта кету керек, марқұм ешқандай есепте тұрмаған, үлгерімі жақсы болған,…

Read More

Қазақстан миноритарлық акционерлер қауымдастығының (QAMS) телеграм-арнасы ҚТЖ мен Wabtec компаниясының арасындағы соңғы келісімнің Қазақстан үшін тым қымбатқа түсетінін, әр локомотивтің құны нарықтағы бағадан 2 есе қымбат екені туралы сараптама жариялаған. — Айта кету керек, әлеуметтік желілерде 4 млрд АҚШ долларына 300 бірлік жаңа локомотив сатып алынатыны туралы ақпарат берілген. 4 млрд АҚШ доллары 300 бірлік локомотив сатып алуды ғана емес, сонымен қатар қолданыстағы сервистік шартты 2058 жылға дейінгі 15 жыл мерзімге 405 бірлік локомотивке ұзартуды, сондай-ақ сатып алынатын 300 бірлік локомотивке 2054 жылға дейінгі 18 жыл мерзімге толық сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды қамтиды, — деп жазылған ресми жауапта. Аталған келісім аясында…

Read More

Финалда ол 13 дүркін әлем чемпионы, словакиялық Лусия Дебрановамен кездесіп, тәжірибелі қарсыласына еш мүмкіндік бермей сенімді жеңіске қол жеткізді. Осылайша қазақтың қаршадай қызы алғаш рет әлем чемпионы атанып, ел абыройын асқақтатты. — Қол күреспен бес жылдан бері айналысып келемін. Бұл жеңіс — мен үшін үлкен қуаныш. Көп жылғы еңбегімнің, ата-анам мен бапкерлерімнің сенімін ақтағаныма мақтанамын. Әр жарысқа үлкен жауапкершілікпен дайындаламын. Бұл жолы да жақсы дайындықпен жарысқа шықтым, — деді жас чемпион. Ұлболсын өз жетістігін туған жеріндегі «Шардара Армспорт» клубының еңбегімен байланыстырады. — Біздің клубтың негізін қалаушы Арман Қарсыбаев әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Сондай-ақ аға жаттықтырушыларымыз Нұржан Тұрақұлов, Ғани Малбасов, Сейфулла Нұрхаликов, Асан Байғозиев, Дархан Асылбековке…

Read More

— Парк ескіріп бара жатқанын және жүк паркін жаңарту қажеттілігі бар екенін, сондай-ақ транзиттік трафиктің ұлғаюын ескере отырып, өткен ғасырдың 70-80 жылдарында шығарылған локомотив паркінің ескі серияларын жою жоспары бар, — деп жазылған жауапта. Бұл жерде әңгіме америкалық Wabtec компаниясымен арадағы жалпы сомасы 4,2 миллиард доллар болатын келісім туралы болып отыр.  Осы келісім аясында Wabtec компаниясы 2036 жылға дейін ҚТЖ балансына жыл сайын 30 локомотив беріп отыруға міндеттелген. — Локомотивтерді жеткізу жөніндегі 2026 жылға дейінгі қолданыстағы шартқа байланысты 300 бірлік көлемінде локомотивтерді жеткізудің жаңа шарты 2027 жылдан 2036 жылға дейінгі кезеңде жылына орта есеппен 30 бірлікке жоспарланған. Оларға «Астана Дизель…

Read More

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде: — доллар: сатып алу — 544,33 теңге, сату — 546,33 теңге;- еуро: сатып алу — 639,44 теңге, сату — 643,93 теңге;- рубль 6,42 — 6,55 теңге аралығында саудаланады.- юань 75,97-78,69 теңге аралығында саудаланып жатыр. Елорданың ақша айырбастау пунктерінде: — доллар 542,38 теңгеден сатып алынады, 547,37 теңгеден сатылады;- еуро: сатып алу — 638,19 теңге, сату — 646,12 теңге;- рубль: сатып алу — 6,45 теңге, сату — 6,60 теңге.- юань 77,20 теңгеден сатып алынады, 81,35 теңгеден сатылады; Еске салайық, 23 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,08 теңгеге қымбаттап, 545,01 теңге болды.

Read More

Алғашқы жеңістер мен жаңа есімдер Қызылорда облысында маусымның ашылуы өтті. Жарысқа 1200-ден аса бала қатысып, 236 медаль сарапқа салынды. Жаңақорған және Қазалы аудандары көш бастап, ұлттық финалға лайық деңгей көрсетті. — Мен Қамшыбек Қоңқабаев сияқты болғым келеді. Мен үшін AUYL SPORT — үлкен спортқа алғашқы қадам, — дейді жас спортшылардың бірі.  Серіктестік пен қолдау Тимур Құлыбаевтың «Halyk» қайырымдылық қоры бастамасымен жүзеге асқан жобаға Қазақстан бокс федерациясы мен Туризм және спорт министрлігі қолдау көрсетіп жатыр. — AUYL SPORT — бір реттік турнир емес, шынайы платформа. Біз бапкерлер дайындап, спорт залдарын жаңартып, балаларға бұрын болмаған мүмкіндікті ұсынамыз, яғни ауыл мектептерінде үлкен спортпен…

Read More

Таудағы жағдайды тікелей эфирде көрсететін камералар курорттың 3200 метр шыңында жүрген тауешкіні түсіріп алды. Жарнамалық тақтаның жанында тұрған қос мүйізді жануар жан-жағына қарап, біраз тұрып, әрі қарай кетіп қалады. Еске салайық, кеше Алматы тауларында қар жауғанын жазғанбыз. «Шымбұлақ» тау курортының Богданович мұздығы, Бүгел және ортаңғы станциясында орнатылған камераларынан бұл құбылысты тамашалау мүмкін болды. Бұған дейін Алтынемелде сілеусін күшіктерімен бірге камераға түсіп қалғанын жазған едік. Бейнежазба енесінің артынан шамамен бір жастағы 3 сілеусін күшігінің еріп жүргені көруге болады.

Read More

Команда мәліметінше, Кайсаринова Астана мен Павлодарды жалғайтын тас жолда болған жол-көлік оқиғасының салдарынан көз жұмған. Белгілі болғандай, футболшы отырған көлік жүргізушісі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, қашықтықты сақтамағандықтан, көлік жүк көлігімен соқтығысқан. Команда Виктория Кайсаринованың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның жарқын ойыншы әрі нағыз дос болғанын атап өтті. — «Жеңіс» футбол клубы Виктория Кайсаринованың отбасы мен жақындарына осы қайғылы жағдайға байланысты терең қайғырып, көңіл айтады.Бүгін Павлодар-Астана тас жолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан біздің команданың футболшысы Виктория Кайсаринова көз жұмды. Жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамаған. Салдарынан жүк көлігімен соқтығысқан.Бұл жағдайға әлі де сену қиын. Бұл біздің бүкіл клуб үшін ауыр және…

Read More

Жоғарғы соттың мәліметінше, уәкілетті орган өтемақы өтініш берген күннен бастап төленетінін алға тартып, 2024 жылдың соңғы төрт айы үшін төлеуден бас тартып, 2025 жылдың бес айы үшін ғана оқу ақысын өтеуді тағайындаған. Қала әкімі де көмек көрсетуден бас тартқан. Талап қоюшы мүмкіндігі шектеулі баланың оқуы үшін мемлекеттен өтемақы алу құқығын білмегенін түсіндірген. Бұл мүмкіндікті білген бойда ол дереу уәкілетті органға хабарласқан. Алайда уәкілетті органның өзі оған 2025 жылға дейін бұл қолдау шарасының бар екендігі туралы хабарламаған. Сот баланың 2024-2025 оқу жылы бойына үйде оқытылғанын анықтады. Талап қоюшының шеккен шығындарын өтеу құқығын ескеріп, әділдік пен парасаттылық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сот…

Read More