Жаңалықтар

Жол апатынан зардап шеккен екі бала Атбасардан Көкшетауға тікұшақпен жеткізілді

Ұшу Атбасар ауданында болған жол-көлік оқиғасынан кейін жүзеге асырылды.

— Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында науқастар межелі жерге жедел әрі қауіпсіз жеткізілді, — деп жазды ведомстводан.

Дерекке қарағанда, ТЖМ тікұшақтары қашықтағы елді мекендер жағдайында да шұғыл медициналық көмек көрсетуге әрдайым дайын.

Айта кетейік, бұған дейін күйік шалған бала тікұшақпен Көкшетауға жеткізілді.

Добавить комментарий