Автор: qaztimes

Тәртіп сақшылары «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы және Жол активтері сапасының ұлттық орталығы өкілдерімен бірлесіп, өңірдегі жол жағдайын тексеріп жатыр. Соның барысында жол белгілері мен таңбалардың жарық қайтарғыш қасиеті, қоршаулардағы жарық шағылыстырғыш катафоттардың жарамдылығы, жол қозғалысын реттеу техникалық құралдарының дұрыс орнатылуы тексеріліп келеді. — Осы күнге дейін жол белгілерінің көрінуіне және жол жамылғысының сапасына әсер ететін 120-дан астам ақау анықталды. Сонымен қатар жол иелеріне 80-ге жуық нұсқама беріліп, жол ұйымдарының 8 басшысы жауапқа тартылды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Сондай-ақ полицейлер 40-тан астам апаттық-қауіпті учаскені ретке келтіру бойынша ұсыныстар дайындады. Еске салсақ, осыған дейін Батыс Қазақстанда жол апаттары салдарынан…

Read More

2025 жылғы 25 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Алматы, түнде Астана қалаларында күтіледі.  Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.  

Read More

Батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте солтүстік циклонның және онымен байланысты фронталды бөліктердің әсерінен найзағаймен жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, республиканың оңтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Павлодар облысының шығысында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысында өрт қаупі жоғары болады деп күтілуде. Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды және Қостанай облыстарының және Ұлытау облысының оңтүстігінде…

Read More

Түрлі мәдениеттің ерекшелігін паш ететін ауқымды фестиваль осы күндері Чхонанды әлемдік би астанасына айналдырды. Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Аталған іс-шараға «Астана Балет» театрының әртістері қатысып, «Ұлы Дала мұрасы» дивертисментінің үзінділерін ұсынады. Бұл — Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де көрермен көңілінен шығып үлгерген бағдарлама. Эстетика, көз жауын алар көркем образдар, әсем костюмдер мен қазақ хореографиясының мағыналық тереңдігі көпшілікті тәнті етіп келеді. Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлы Дала мұрасы» — қазақ мәдениетінің әсемдігі мен сан қырлы болмысы жайлы мың бұралған бишілердің әңгімесі іспетті. Бағдарлама аясында лирика мен ой-толғамға толы композициялар, жігерлі әрі экспрессиялы миниатюралар, сондай-ақ философиялық тұрпаттағы қойылымдар жинақталған. Кең…

Read More

Әуе компаниясы жолаушыларды басқа ұшаққа ауыстырды. — Алдын ала мәлімет бойынша FV6097 Мәскеуден Санкт-Петербургке рейсін орындауға дайындалып жатқанда, басқа әуе компания ұшағының қанаты рульге тиіп, зақымданған, — делінген хабарламада. Әуе компанияның мәліметінше, қазіргі уақытта техникалық қызмет мамандары ұшақты тексеріп жатыр. Жолаушылар Мәскеу уақыты бойынша 23:08–де резервтік ұшақпен Санкт-Петербург рейсіне отырғызылды. Шереметьево әуежайының онлайн ұшу ақпарат тақтасының мәліметінше, FV6097 рейсі Мәскеу уақытымен 20:30–да ұшып шығуы тиіс болған, бірақ рейс 23:39–да орындалды. Айта кетейік, 13 жасар бала Кабулдан Делиге дейін ұшақтың шасси қуысына тығылып ұшқан.

Read More

Жаңа нысан – оқу орнының білім беру инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ауқымды бағдарламасының бір бөлігі. 339 орынға арналған жатақхана студенттік тұрғын үйдің халықаралық стандарттарына сай жабдықталған, заманауи коворкинг-аймақтарды қамтиды және кампустың бірыңғай басқару жүйесіне интеграцияланған. Бұл жүйеге қол жеткізуді бақылау мен басқару, сондай-ақ қауіпсіздік бойынша ситуациялық орталық кіреді. Ресми ашылудан кейін ХБК Бақылау кеңесінің төрағасы Айғазы Құсайынов корпорацияның қызметі жөнінде толығырақ тоқталып, негізгі жобалар мен ғылыми әзірлемелер көрсетілген зертханалық базаға экскурсия өткізді. Жаңа Студенттер үйінің ашылуы – Алматы қаласының Бас жоспарында бекітілген Academic City жобасын іске асырудағы кезекті маңызды қадам. Алдағы екі жыл ішінде кампус аумағында Қазақстандағы ең ірі білім беру…

Read More

Бүгінде бірқатар әлеуметтік нысан — балабақшалар, мектептер, медициналық мекемелер жылуға қосылды. Бұл туралы «Петропавл жылу желілері» ЖШС хабарлады. Мамандардың айтуынша, үшінші күннен бастап көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріледі. Қаланың күрделі жылу жүйесі барлығын бірден қосуға мүмкіндік бермейді, сол себепті толық қосылу процесі уақыт алмақ. Осыған дейін жылу нысандарға тек жеке өтініштер бойынша қосылған. Тұрғын үйлердің жылуға қосылуы кәсіпорынға ғана емес, сонымен қатар МИБ және ПИК жұмысына да байланысты болмақ. Кесте бойынша ертең, 26 қыркүйекте 19 және 20 шағынаудандарға, «Борки» ауылы мен «Жеңіс» шағынауданына жылу беріледі. Кейін кезекпен «Береке» шағынауданы, теміржол вокзалы маңы, «Рабочий» кентіне және қалған аудандарға беріле бастайды. Соңғы оныншы күні…

Read More

Global Sumud Flotilla флотилиясы, онда әртүрлі елдерден келген ондаған кеме бар, сәрсенбі күні түнде Грецияның оңтүстігінде «белгісіз дрондар» шабуылдап, байланыс бұғатталғанын мәлімдеді. Белсенділердің айтуынша, кемелерде 13 жарылыс болған, ал 10 кемеге белгісіз заттар тасталған. Нәтижесінде бірнеше кеме бүлінген, бірақ жапа шеккендер жоқ. — Біз бірнеше жарылыс пен айлақта болған оқиғаларды тіркедік, — деп жазылған ұйымдастырушылардың мәлімдемесінде. Әлеуметтік желіде жарияланған қысқа видеода кемелердің бірінің қасында жарылысты аңғартатын жарқыл байқалған. Грецияның жағалау күзеті төтенше сигналдардың алынбағанын айтты. Израиль армиясы журналистердің сұрақтарына жауап бермеді. Ал бейсенбіде Израильдің Сыртқы істер министрлігі акция ұйымдастырушыларын ХАМАС-пен байланысы бар деп айыптап, гуманитарлық жүк Израильдің Ашкелон қаласының портында…

Read More

Бұл жергілікті дәрігерлердің тәжірибесінде бұрын-соңды болмаған оқиға болды. Дегенмен, мамандар жаңа туған шақалаққа ота жасап, ісікті алып тастады.  — Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Өміріне қауіп жоқ. Анасы екеуі үйіне шығарылды. Бұл жас босанған ананың бесінші жүктілігі. Оған жүктіліктің 20-аптасында нәрестенің құйымшағында ісік бары айтылған. Бастапқыда ота арқылы босандыруды жоспарлаған. Бірақ, әйел жүктіліктің 38 аптасында толғатып, табиғи жолмен босанды, — дейді балалар хирургі Айбек Ғұбайдуллаев.  Мамандардың айтуынша, «тератома» ұрықтың даму кезінде пайда болатын, өте сирек кездесетін ісік.  Бұған дейін, Алматылық дәрігерлер жаңа туған сәбиден салмағы 1 кг болатын ісікті алып тастаған болатын.

Read More

Филиал директоры Рафис Зинетовтің Kazinform тілшісіне мәлім еткеніндей, мамандар биылғы тоғыз айда 418 рет жолға шықты. Рафис Радикұлының сөзіне қарағанда, жол-құрылыс материалдарынан 1 352 сынама алынып, соның 404-і нормативтік құжат талаптарына сәйкес келмеді.  — Оған қоса 252 ақаулық анықталып, ескерту жасалды. Қазіргі кезде соның 228-і жойылған жоқ, жұмыс үстінде. Жалпы, облыс жолдарында 80 жоба жүзеге асырылуда. Солардың бәрінде мамандар болып, тексерулер жүргізді. Ақаулықтар бойынша қатынас хатты тапсырыс берушілерге жібереміз. Олар тиісті шара қолданады, – деді Р.Зинетов. Оның айтуынша, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК биыл сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының Ақжайық, Бәйтерек, Тасқала, Шыңғырлау және Бөкей ордасы аудандарында 1 400-ден астам…

Read More