Жаңалықтар

Ақтаулық дәрігерлер жаңа туған сәбиден 18 сантиметр ісік алды

Бұл жергілікті дәрігерлердің тәжірибесінде бұрын-соңды болмаған оқиға болды. Дегенмен, мамандар жаңа туған шақалаққа ота жасап, ісікті алып тастады. 

— Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Өміріне қауіп жоқ. Анасы екеуі үйіне шығарылды. Бұл жас босанған ананың бесінші жүктілігі. Оған жүктіліктің 20-аптасында нәрестенің құйымшағында ісік бары айтылған. Бастапқыда ота арқылы босандыруды жоспарлаған. Бірақ, әйел жүктіліктің 38 аптасында толғатып, табиғи жолмен босанды, — дейді балалар хирургі Айбек Ғұбайдуллаев. 

Мамандардың айтуынша, «тератома» ұрықтың даму кезінде пайда болатын, өте сирек кездесетін ісік. 

Бұған дейін, Алматылық дәрігерлер жаңа туған сәбиден салмағы 1 кг болатын ісікті алып тастаған болатын.

Добавить комментарий