БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Зұлқашевтің мәлім еткеніндей, әр гектарға 12,8 центнерден келіп, 365 мың тонна астық жиналды. Рүстем Мүлкәйұлының сөзіне қарағанда, биыл 137 мың гектарға майлы дақылдар егілсе, соның орылған 85 мың гектары немесе 63 пайызынан 68,3 мың тонна өнім түсті. Әр гектарға 8,1 центнерден айналып отыр. — Сонымен қатар 14,8 мың тонна картоп, 19 мың тонна көкөніс, 21 мың тонна бақша өнімдері алынды. Қазіргі таңда егін ору жұмыстары жалғасып жатыр, — деді Р.Зұлқашев. Оның айтуынша, егіс құрылымын әртараптандыру аясында бидай алқабы 187 мың гектар болса, майлы дақылдар 35 мыңға көбейтіліп, 137 мың гектарға жетті. Сол секілді…
Автор: qaztimes
2008 жылы құрылған «Каспий» баскетбол клубы бүгінде өңірдегі жетекші спорт ұжымдарының біріне айналды. Клубтың ерлер және әйелдер командалары Ұлттық лигада табысты өнер көрсетіп, Қазақстан кубогінде облыс намысын абыроймен қорғап жүр. Биыл ерлер командасы Қазақстан кубогінде жеңімпаз атанып, өңір тарихындағы алғашқы ірі жетістікке қол жеткізді. Қазіргі таңда клубтың 10-нан астам ойыншысы ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді. Кәсіби командалармен қатар клуб спорттық резервті де белсенді түрде дамытып келеді. Мәселен, команданың U14 және U21 жас ерекшеліктеріндегі құрамалары ел чемпионаттарына қатысады. Сондай-ақ 100-ден астам бала әуесқой баскетболмен тұрақты түрде айналысады. Жыл сайын өңірде 800-ден астам жас спортшы қатысатын Жастар баскетбол лигасы және Әуесқойлар лигасы секілді ірі…
25 қыркүйек. Жылнама 07:00, 25 Қыркүйек 2025
Ұлттық қылмыс агенттігі 40 жастағы ер адамның Батыс Сассексте ұсталғанын айтты. Collins Aerospace әзірлеген және бірнеше әуе компаниялары пайдаланатын багажды өңдеу және тіркеу жүйесіндегі ақауға байланысты жүздеген рейстер кейінге қалдырылды. Кей жағдайларда жолаушылар қағаз бен қалам қолданып қолмен тіркелді. — Бұл қамауға алу оң қадам болғанымен, тергеу әлі алғашқы кезеңде, яғни аяқталмаған», — деді ҰҚА-ның киберқылмыспен күрес жөніндегі ұлттық бөлімінің басшысы Пол Фостер. Айта кетейік, бұл кибершабуыл Еуропаның ірі әуежайларының жұмысын бұзған болатын.
«Рагас» тайфуны Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясына келіп жетті. Сұрапыл дауыл секундына 40 метр болатын жылдамдықпен провинцияның Янцзян қаласындағы Хайлин аралына соқты. Фото: Синьхуа Бүгінде провинция бойынша 1,89 миллионнан астам тұрғын қауіпсіз жерлерге көшірілді. Синоптиктердің болжауынша, Рагас батысқа қарай шамамен 20 км/сағ жылдамдықпен жылжып, біртіндеп әлсірейді. «Рагас» тайфуны Филиппин мен Тайваньда 10-нан астам адамның өмірін қиды.
Шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырыстарында елдің болашағы үшін кітап оқу мен баспа ісінің маңыздылығына ерекше тоқталып, кітап оқитын елдің ғана өркениетті, зиялы ұлтқа айналатынын атап өткен болатын. Осы үндеуді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бұл шара жастардың рухани және интеллектуалдық дамуын қолдауға, сондай-ақ ұлттық мәдени құндылықтарды дәріптеуге арналды. Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Фестивальге ғылым мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері, шетел елшіліктерінің өкілдері, баспагерлер, суретшілер, қолөнер шеберлері, иллюстраторлар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кітапханашылар мен оқырмандар, сондай-ақ Астана қаласының тұрғындары қатысты. Фестиваль аясында еліміздегі және шетелдік баспалар мен кітап дүкендерінің қатысуымен ауқымды…
Израиль әскері палестиналықтардан Хан Юнустың әл-Маваси аймағы мен миллионға жуық адам тұратын Рафахтың солтүстік бөлігін тастап кетуді талап етіп отыр. ГАЗА Газа үкіметі Израильдің бомбалауы мен палестиналықтарды көшіру әрекетіне қарамастан, 900 мыңнан астам адамның Газа қаласы мен солтүстік аудандарынан қашып шықпағанын хабарлады. — Израильдің халықаралық құқық пен халықаралық шарттарды бұза отырып, күштеп шығару қылмысының бір бөлігі болып табылатын аяусыз бомбалау мен геноцидке қарамастан, 900 мыңнан астам палестиналық Газа қаласы мен солтүстігіндегі өз орындарында қалып, оңтүстікке көшуден бас тартты, — делінген хабарламада. Соңғы күндері үкіметтік топтар Израильдің шабуылымен бірге Газадан аймақтың оңтүстігіне күштеп қоныс аударудың артқанын байқаған. Израильдің қысымымен шамамен 335 000 палестиналық…
Отырыста басты назар азаматтық қорғау саласындағы үшжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне аударылды. Шыңғыс Әрінов көлік пен су объектілеріндегі қауіпсіздік мәселелеріне, сондай-ақ төтенше жағдайларға ден қою бойынша бірыңғай тәсілдерді әзірлеу қажеттілігіне ерекше көңіл бөлді. Отырыс қорытындысы бойынша келесі жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға халықаралық оқу-жаттығулар, практикалық семинарлар және құтқарушылар арасындағы жарыстар енгізілді, бұл кәсіби байланыстарды нығайтып, төтенше жағдайларға ден қою дайындығы деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Алқаның келесі отырысы 2026 жылы Беларусьте өтеді, онда тараптар азаматтық қорғау саласындағы бірлескен жобаларды талқылауды жалғастырады. — Иркутск облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан делегациясы Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болғандарды еске алу мақсатында «Мәңгілік алау» мемориалына гүл…
Табиғи апат туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы жариялаған. Жер сілкінісінің ошағы 244 мың адам тұратын Валера қаласынан солтүстік-батысқа қарай 68 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулері 8 шақырым тереңдікте болған. Әзірге табиғи апаттан зардап шеккендер және қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ. Еске салайық, Камчаткада бір тәулікте 130-дан астам жер сілкінісі тіркелген. Сондай-ақ Тынық мұхитында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды.
Онлайн режимде ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қатысушыларға арнап сөз сөйледі. Форумның басты тақырыбы — Customer-Centric Kazakhstan: клиентке бағдарланған жаңа индустрияландыру тұжырымдамасы болды. Серік Жұманғарин биыл ел экономикасы үшін бетбұрыс жыл болғанын атап өтті. ЖІӨ-дегі мұнай секторының үлесі тұрақты түрде төмендеп, ал өңдеу өнеркәсібінің экономикаға қосқан үлесі артып келеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай саласының үлесі ЖІӨ-нің 8,1%-ын құрады. Ал өңдеу өнеркәсібінің үлесі 12,4%-ға жетті. Вице-премьер 2025 жыл экономикалық өсу көздерін қайта қарастыру тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. Үкіметтің бақылауында мұнай-химия, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және машина жасауды қосқанда, жалпы құны шамамен $27 млрд доллар 17 ірі жоба бар. Олардың…