Биыл бұл алаңға еліміздің барлық өңірінің және Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан мен Өзбекстан мемлекетінің жастары жиналды. Екі күндік форумның жабылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысып, жастардың талпынысына жоғары баға беріп, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі. Сондай-ақ ол форумның сәтті өтуіне кәсіби тұрғыда үлес қосқан спикерлерге аймақ басшысының Алғыс хатын табыстады. Фото: Kazinform Форум бағдарламасында панельдік пікірталастар, секциялық кездесулер мен шеберлік сабақтары қамтылып, жастар әртүрлі бағыт бойынша кәсіби спикерлерден дәріс алды. Атап айтсақ, жасанды интеллект, маркетинг, музыка, кинемотография және театр мен хореография бағыттары қамтылып, жастарға жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, өз қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік берілді. Фото: “Жастар таңдауы — Атырау” қоғамдық бірлестігі…
Автор: qaztimes
22 қыркүйекте Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата бюросының отырысында депутаттар бүгінгі отырысының күн тәртібін белгілеген еді. Соған сәйкес сенаторлар «2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды. Айта кетерлігі, бұл заңды Мәжіліс осы жылдың маусым айында қабылдаған болатын. Сол кезде құжат бойынша негізгі баяндама жасаған Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2023 жылғы 25 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мемлекеттердің басшылары сыртқы электрондық сауданы реттеу бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойғанын атап өтті.…
ЕСІМДЕР 65 жыл бұрын (1960) Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі (меццо-сопрано), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, М.Глинка атындағы халықаралық әншілер байқауының лауреаты Сара ИЩАНОВА дүниеге келді. Фото: facebook.com/ABAY.Kaz.NTOB Алматы қаласында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры жанындағы опера студиясын, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы музыкалық училищесін, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1990 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры құрамының соло-әншісі. Осы театрдағы алғашқы партиясы — Любаша (Н.Римский-Корсаков «Патша қалыңдығы»). Бұдан кейін Граф әйелі, Ольга (П.Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі», «Евгений Онегин»), Амнерис («Аида» Дж.Верди), Флора («Травиата» Дж.Верди),…
Оқиға орнына ТЖМ алғашқы бөлімшелері жеткен кезде, бір қабатты дүнгіршектің жануы және жалынның көрші ғимараттарға таралу қаупі туындағаны анықталды. ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында, өрт 50 ш.м. алаңда жедел түрде сөндірілді. Өртті сөндіру барысында өрттен 2 газ баллоны шығылды. Зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, Алматыда хостелдегі өрт бойынша сотталғандар апелляциялық шағым түсірді. Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысы арасындағы шекарасында құрғақ шөп жанып, оны сөндіруге 18 техника жұмылдырылды.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша «Қазсушар» РМК Оңтүстік Кореяның K-Water корпорациясымен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Құжатқа «Қазсушар» РМК бас директоры Ануар Өскенбаев және K-Water вице-президенті Сонг Ен Хан қол қойды. Меморандум бірнеше бағыттағы ынтымақтастықты қамтиды. Ол су шаруашылығы нысандарын тиімді басқару мен мониторинг жүргізуді көздейді. Жасанды интеллект арқылы су тасқыны мен қуаңшылық тәуекелдерін болжау және басқару, су ресурстарын есепке алу мен мониторингті цифрландыру жоспарланған. Сондай-ақ гидротехникалық құрылысжайлар мен суару каналдарын басқаруда геоақпараттық жүйелер мен картографиялық шешімдер қолдану көзделіп отыр. Сонымен қатар бірлескен ғылыми және технологиялық зерттеулер жүргізіп, білікті мамандар даярлау қарастырылған. Кездесуде K-Water…
Анықталғандай, 7 тамыз күні Денов ауданында тұратын 1958 жылы туған әйел кәмелеттік жасқа толмаған немересі А.Р.-ны (2009 ж.т. қыз бала) сол ауданда тұратын М.Р.(1997 ж.т.) есімді азаматқа күйеуге берген. А.Р. кәмелеттік жасқа толмағандығына байланысты М.Р.-мен заңда белгіленген тәртіппен есепке алынбаған, азамат И.М (1950 жылы туған ер адам) материалдық пайда алу мақсатында оларға діни неке қию рәсімін жасаған. Осы оқиға бойынша И.М.-ға қатысты ӨР ҚК-нің 125-1-бабымен, азамат М.Р-ға қатысты ӨР ҚК-нің 128-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді Денов аудандық ішкі істер бөліміне қарасты тергеу бөлімі жүргізіп жатыр. Еске сала кетейік, Өзбекстанда мас күйінде 23 баланы…
ТР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында ТМД басқармасының басшысы Шараф Рахими Тәжікстан Республикасының 2025 жылы ТМД-ға төрағалығының негізгі қорытындылары, сондай-ақ Достастық саммитіне дайындық барысы туралы ақпаратты ұсынды. Баяндамашы күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің қатарында саяси өзара іс-қимылды нығайту және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелері бар екенін атап өтті. — Алдағы саммит аясында бірқатар маңызды шешімдер мен мәлімдемелер қабылдау жоспарланған, соның ішінде БҰҰ құрылуының 80 жылдығы, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 40 жылдығы, ұлттық қылмыс, лаңкестік және экстремизмге қарсы күрес мәселелері бар. Сондай-ақ ТМД аумағында көші-қон және еңбек қызметі құжаттары соңғы сатыда тұр, — деді…
Кей ықшамаудандарда су бір тәуліктен астам уақыт бойы берілмей тұр. – Гете көшесіндегі үйлерде су краннан әрең ағады. Су тоқтатылардың алдында-ақ қысым азая бастаған еді. Қайта қосылғаннан кейін мүлде нашарлап кетті, – дейді қала тұрғындары. Тұрғындардың айтуларынша, 35 шағынауданда су мүлде жоқ. Бұған қатысты коммуналдық кәсіпорыннан түсініктеме берді. – Құбырлар мен ауызсу жүйелері жылына екі рет жуылып, дезинфекцияланады. Соның барысында құбырлардың ішіндегі тот, май қалдықтары тазаланып, жылыту маусымына дайындық жасалады. Дезинфекциялау үшін құрамында хлоры бар ерітінді пайдаланылады. Ол құбырларда 24 сағат бойы сақталады, – деп хабарлады «Семей Водоканал» КМК-дан. Кәсіпорын мәліметінше, қазір оң жағалаудағы барлық үйге су берілген. Алайда жекелеген…
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде: — доллар: сатып алу — 541,88 теңге, сату — 543,88 теңге;— еуро: сатып алу — 636,82 теңге, сату — 641,29 теңге;— рубль 6,39 — 6,52 теңге аралығында саудаланады.— юань 75,95-78,63 теңге аралығында саудаланып жатыр. Елорданың ақша айырбастау пунктерінде: — доллар 539,56 теңгеден сатып алынады, 544,57 теңгеден сатылады;— еуро: сатып алу — 635,49 теңге, сату — 643,51 теңге;— рубль: сатып алу — 6,37 теңге, сату — 6,52 теңге.— юань 76,89 теңгеден сатып алынады, 80,96 теңгеден сатылады; Еске салайық, 24 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,11 теңгеге арзандап, 542,80 теңге болды.
Жаңа әдістің сынақтарын ұйымдастырған uniQure компаниясы АҚШ пен Еуропада 2022 жылы ота жасалып, кейін үш жыл бойы бақылауда болған ерікті пациенттерде Хантингтон сырқатының даму қарқыны 75%-ке баяулағанын мәлімдеді. Хантингтон ауруының алғашқы белгілері әдетте 30 жастан кейін пайда болады. Науқас бұл сырқатпен 20 жылдан артық өмір сүрмейді. — Әлсіреудің бір кезеңі, әдетте бір жылға созылады. Емделгеннен кейін 4 жыл қажет. Бұл пациенттерге ондаған жыл өмір сыйлайды. Біз ешқашан клиникалық прогрессті 75% бәсеңдетуді армандамаған едік, — деді экспериментке қатысушы, клиникалық неврология профессоры және Лондон университеттік колледжінің Хантингтон ауруы орталығының директоры Сара Табризи. Айта кетейік, Қарағандылық ғалымдар ерекше биоимпланттар әзірлеп жатыр.