Автор: qaztimes

Тараптар екіжақты мәдени ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Министрлер Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, мемлекет басшыларының екі елге сапары ынтымақтастықты жандандыруға серпін бергенін ерекше атап көрсетті. Аида Балаева музей ісі, археология және тарихи-мәдени мұраны сақтау сияқты бағыттарда тәжірибе алмасуды дамытудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ ол ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді, қазақстандық мамандарды Францияның жетекші мәдени мекемелерінде тағылымдамадан өткізуді, сонымен қатар бірлесіп киноөндіру, мультипликация және балалар контентін дамытуды ұсынды. Екі ел мәдениет саласының техникалық бағыттарындағы мамандардың біліктілігін арттыру және оқыту бойынша ынтымақтасуға келісті. Әсіресе, дыбыс режиссерлері, жарық суретшілері, технолог-суретшілер, бейнеинженерлер, сахна машинистері, сахналық костюмдер…

Read More

Көптеген азамат үшін медицинаға алғашқы қадам тура дәріханадан басталады. Бұл жерде емделушілер дәрі-дәрмек сатып алып қана қоймай, оларды қолдану бойынша кеңестер, қауіпсіз емделу жөнінде нұсқаулар алады, сондай-ақ жылы ықылас пен қолдау сезінеді. Бүгінде Қазақстанда 10 мыңнан астам фармацевт еңбек етіп жатыр. Олар дәрілік заттарды өндіру, зерттеу және сапасын бақылауға қатысады, емделушілерге кеңес береді, емді таңдауға көмектеседі, препараттардың дұрыс сақталуы мен қауіпсіз пайдаланылуын қадағалайды, антибиотиктердің ұтымды қолданылуына атсалысады, тұрғылықты халықтың медициналық сауаттылығын арттырады және миллиондаған адамдар үшін сенімді байланыс нүктесіне айналады. Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, Қазақстанда 10,5 мыңнан астам дәріхана, дәріханалық бөлімше мен қоймалар жұмыс істейді, ал жыл сайын фармацевтикалық факультеттердің…

Read More

— Қазіргі кезде әуе көлігімен тасымал саласында шешімін таппай келе жатқан мәселе — еліміздегі авиаотынның тапшылығы. Бұл өз кезегінде тасымал құнын арттырып, аймақтың әуе қатынасының бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп отыр. Қымбат авиаотынға байланысты көптеген халықаралық рейс экономикалық тұрғыда тиімсіз болды. Соның салдарынан авиациялық логистиканы қажет деңгейде дамыту мүмкін болмай отыр. Бұл жағдай өңірлік және халықаралық сауданы шектеп, туризм ағымын арттыруға кедергі, — деді Сүйіндік Алдашев Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында. Оның айтуынша, ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда жылына 650-700 мың тонна авиациялық керосин шығарылып, 1 млн тоннаға жуық отын тұтынылады. Осы орайда 350 мың тоннадан астам отын Ресей және басқа да елдерден жеткізіледі.…

Read More

2025 жылдың шілде айының ортасынан бастап ел азаматтары жаңа қорғаныс элементтерімен жабдықталған паспорттарды ала бастады. Бұл өзгеріс азаматтардың жеке деректерін қорғау деңгейін арттыру, құжаттарды қолдан жасаудан сақтау мақсатында енгізілді. «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заңының 26-бабына сәйкес, Ішкі істер министрлігі азаматтардың паспорттары мен азаматтығы жоқ адамның куәлігін қорғауға қойылатын талаптарды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіп, жаңа қорғаныш элементтерін енгізуді пысықтады. Соның нәтижесінде, Қазақстан азаматының паспорты мен азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 2-бетіне қорғаныш голографиялық пленкаға салынған барыс бейнесі бар HDM-элементі (жоғары ажыратымдылық металдандыру элементі) орналастырылады. HDM — заманауи технологияға негізделген, құжаттардың қолдан жасалуынан қорғау деңгейін айтарлықтай күшейтетін шешім. Бұл элемент визуалды тұрғыда…

Read More

1980 жылдары көлдің ұзындығы 140 шақырым, ал ені 55 шақырым болатын, бірақ 2025 жылдың жазына қарай жерсеріктен түсірілген суреттерге қарағанда одан бірнеше шалшық қалғаны көрініп тұр. Іran News Update мәліметінше, елде миллионнан астам заңсыз құдық бар, олар жылдар бойы жер асты суларын тауысқан. Жағдайды ауыл шаруашылығы ушықтырып тұр: ол Иранның су ресурстарының 88%-ын тұтынады, бірақ жалпы ішкі өнімнің 10%-ға жуығын ғана беріп отыр. Салдарынан ел жыл сайын табиғи ресурстар толтыра алатын судан 43 млн текше метрге көп суды тұтынып келеді. Урмияның жойылып кетуі жүздеген мың адамның өміріне әсер етті: қазір аймақ топырақты бұзып, ауыл шаруашылығын жүргізуді мүмкін етпейтін тұзды дауылдардан…

Read More

Аталған құжат бойынша негізгі баяндама жасаған Астана қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бастысы Дәулет Досқұлов бағдарламаның мақсаты қалдықтарды басқару саласындағы бірқатар проблеманы шешу екенін айтады. — Бірінші мәселе — қоқыс көлемінің артуы. 2023-2024 жылдары шамамен 550 мың тонна қоқыс пайда болса, 2025 жылдың соңына дейін оның көлемі 600 мың тоннадан асады деп күтіледі. Себептері — халық санының өсуі, белсенді тұрғын үй құрылысы. Екінші мәселе — қалдықтарды сұрыптап жинау жүйесін енгізудегі қиындықтар. Қазіргі уақытта халықтың 40 пайызға жуығы ғана осы жүйеге қатысады. Қалдықтарды араластырып жинау пайдалы фракциялардың — пластик, шыны, қағаздың азық-түлік қалдықтарымен араласып кетуіне жол береді. Бұл олардың қайта өңделуін қиындатады. Себептері —…

Read More

Бұл бастаманы Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті көтеріп, ұлттық федерациялармен және ХОК-мен бірлесе жұмыс жүргізді. Сондай-ақ барлық қажетті құжатты рәсімдеуді қамтамасыз етті. Бағдарламаның мақсаты – спортшыларды төртжылдықтың басты додасына іріктеу кезеңінде және дайындық барысында қолдау. ҚР ҰОК мәліметінше, ұсынылған кандидаттар ұлттық федерациялар арқылы іріктеліп, гендерлік теңдік сақталды. Әр спорт түрінен бір ер және бір әйел спортшы ұсынылды. Сонымен қатар мүмкіндігінше көбірек спорт түрін қамтуға мән берілді, осылайша әртүрлі бағыттағы атлеттерге қолдау көрсетілді. Стипендия Лос-Анджелес Олимпиадасының бағдарламасына енген жекелей спорт түрлерінде өнер көрсететін спортшыларға беріледі. Міндетті талаптар: іріктеуден өтуге және жоғары орындарға үміткер болуға мүмкіндік беретін нәтижелер, сондай-ақ допингке қарсы ережелерді бұзбау…

Read More

Бұл туралы ол Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өткен «Цифрлық дәуірде балаларды қорғау» атты іс-шарада айтты. Қазіргі таңда үкіметтер мен технологиялық компаниялар Аустралияның алғашқы ел болып 2024 жылдың желтоқсанынан бастап 16 жасқа дейінгі тұлғаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу бастамасына ерекше назар аударып отыр. Билік әлеуметтік желілерді басқаратын компаниялардан қолданушылардың жасын жаппай тексеруді емес, жасанды интеллект пен мінез-құлық деректерін пайдалана отырып анықтауды талап етіп отыр. — Бұл толық қауіпсіздікті қамтамасыз етпесе де, дұрыс бағыттағы маңызды қадам, — деді Альбанезе. Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен сөзінде «Аустралия үлгісі оны шабыттандырғанын» жеткізді. Аустралияда 2024 жылдың қарашасынан бастап күшіне енген тыйым жасөспірімдердің әлеуметтік желілерде…

Read More

— Соңғы айларда болған қайғылы оқиғалар түнгі клубтар, бар, ойын-сауық орындарының қызметінде әлі де жоғары деңгейдегі қауіптің сақталып отырғанын көрсетті. 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларының өзінде ел бойынша «102» жедел арнасына ойын-сауық орындарындағы құқық бұзу деректеріне қатысты 45 992 шағым түскен… Көптеген айыппұл мен әкімшілік хаттамаларға қарамастан, заң бұзу жалғасып жатыр. Әлеуметтік желілерде бұл саладағы «көлеңкелі экономиканың» көріністері — заңсыз алкоголь сату, салықтан жалтару, жекелеген орындарға «қамқоршылық» жасау фактілері кеңінен талқыланып отыр, — деді Бибігүл Жексенбай Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында. Оның айтуынша, түнгі клубтардағы негізгі проблемаларға лицензиялауды бақылаудың жеткіліксіздігі, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті жүйелі түрде бұзу, сондай-ақ клуб иелеріне…

Read More