Бір шыныаяқ кофенің құны – 2500 дирхам (680 АҚШ доллары). Қымбат кофені сатып алған адамның кім екені белгісіз. Бұл қымбат әрі ерекше сусынды әзірлеу үшін Панамадағы Hacienda La Esmeralda феркасында өсірілген сирек кездесетін Geisha арабика дәндері пайдаланылған. Бұған дейін біз 2025 жылы жаһандық нарықта кофенің бағасы қалай өзгеретіні және оның қазақстандық тұтынушы үшін қалай әсер ететіні туралы жазған болатынбыз. Көктемде Қазақстанның кофе импортын айтарлықтай арттырғаны хабарланған еді. Ал тамыз айында Шымкентте ірі көлемдегі қолдан жасалған (контрафакт) кофе тәркіленді.
Автор: qaztimes
Аталған Хаттамаға 2023 жылғы 25 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында Еуразиялық экономикалық одақтың мүше мемлекеттер басшылары қол қойды. — Оның мақсаты — соңғы жылдары тұрақты өсім көрсетіп отырған сыртқы электрондық сауданы құқықтық реттеу. Мәселен, 2024 жылы Қазақстан Республикасындағы электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңге. Сонымен қатар, Хаттаманы Еуразиялық экономикалық одақтың барлық мемлекеттері — Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения ратификациялады. Хаттамада қамтылған негізгі өзгерістерге тоқталсақ, электронды сауда тауарлары, яғни шетелдік интернет-платформалардан жеке тұлғалардың атына халықаралық пошталық жөнелтілімдер арқылы жіберілетін тауарларды бөлек санатқа шығару ескерілген, — деді сенатор Бекбол Орынбасаров. Құжат аясында электрондық сауда тауарларын жеткізуді жүзеге асыратын пошта операторы — «электронды сауда операторы» ұғымын енгізу қарастырылған.…
— Бізде «ерікті деген 35 жасқа дейінгі адам» деген ұғым қалыптасқан. Алайда кейбір акцияларға ата-әжелер де қатысады. Мәселен, бір апта бұрын өткен акциямызға 70-ке жақындаған әжеміз келіп көмектесті. Жалпы, Еуропа елдерінде ол қалыптасқан үрдіс. Оларда ерікті қариялардың бөлек ұйымдары бар. Осындай қозғалыс біздің елде де болады деген сенімдемін, — деді ол «Jibek Joly» арнасындағы «БүгінLive» бағдарламасында. Сондай-ақ спикер Алматыда ашылмай жатып вандалдардың шабуылына ұшыраған Almaty Museum of Arts-тағы жағдайға қатысты пікірін білдірді. Фото: Арсланбек Мағзұм – Нақты осы жағдайды әлеуметтік желіден көрдім… Қазіргі уақытта вандализм жасағандарға 200 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл шамамен 750 мың теңгеден астам сома (786400 тг…
Қалада желсіз күндері автокөліктер мен кәсіпорындар шығаратын ластаушы заттардың ауаға таралуы жиілейді. Сондықтан «Қазгидромет» РМК халыққа алдын ала қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқаны жайлы ескертіп отырады. — 2025 жылы Өскеменде осындай 62 күн болған. 2020 жылы — 78, 2021 жылы — 42, 2022 жылы — 99, 2023 жылы — 124, 2024 жылы — 100 күнде қолайсыз метеорологиялық жағдай тіркелді, — делінген ақпаратта. Мамандар осындай күндерде далада ұзақ жүрмеуге, пәтердегі терезелер мен желдеткіштерді жабуға, қайнатылған, тазартылған немесе газсыз минералды су мен шәй ішуге кеңес береді. Сондай-ақ тамақ рационына құрамында пектині бар азық-түліктерді қосқан жөн. Еске салсақ, кеше елдегі 7 қалада ауа сапасы…
— «Қазпошта» АҚ АҚШ Шекара-кеден қызметінің 2025 жылғы 26 тамыздағы шешіміне байланысты АҚШ-тағы мекенжайға бағытталған сәлемдемелерді қабылдау және жеткізу уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. Хаттар мен құжаттарды жіберу қалыпты түрде жалғасады, — делінген компания таратқан ақпаратта. Таратылған мәліметке қарағанда, шектеуді америкалық тарап енгізді және ол көптеген елден келетін халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қолданылады. Қазіргі кезде Дүниежүзілік пошта одағына мүше 192 мемлекеттің тек бесеуі ғана АҚШ-қа тауары бар сәлемдеме жібере алады. — «Қазпошта» АҚ серіктестермен тұрақты байланыста және қызметті жылдам қалпына келтіру үшін белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр, — деп атап өтеді компаниядан. Айта кетейік, жыл басында әлеуметтік желілерде «Қазпошта» АҚ жоғалған сәлемдемелерді төмен бағаға…
Шаһар тұрғындары арасында кеңінен танымал шағын кемелер 29 қыркүйектен бастап жұмысын тоқтатады. Маусымның аяқталуы ауа райының қолайсыздығына және кемелерді қысқы кезеңге дайындауға байланысты болып отыр. – Шағын кемелер тек жылы күндерде жолаушы тасымалдай алады. Ал суық түскен кезде тоқтап, техникалық қызметтерге жеткізіледі, – деп хабарлады кемелерге иелік ететін «Белалекс» компаниясынан. Айта кетейік, Сол жағалау саябағына қарай қатынайтын маршрут 11 қыркүйектен бері жабылған. Ал қайықтарды жалға беру қызметі одан да ерте тоқтаған. Компания өкілдерінің айтуынша, биылғы маусымда жолаушы тұрақты болды. Әсіресе жаз айларында кемемен қыдырыстауға ниет білдірушілер саны артқан. – Өскеменде өзен көлігіне сұраныс жоғары. Қала тұрғындары мен қонақтары өзенмен серуендеуді…
Қазақстанның Wabtec-тен 4,2 млрд долларға локомотивтер сатып алуы Астананың көп векторлы стратегиясының сыртқы саясаттан тыс және коммерциялық байланыстарға қалай таралып отырғанын көрсетеді. Мұндай пікірді «Henry Jackson Society» қоғамдық бірлестігінің ғылыми қызметкері Даррен Спинк білдірді. — Астана америкалық компаниямен жұмыс істей отырып, екі ірі көршілері Қытай және Ресеймен қатар Батыспен экономикалық серіктестіктерін әртараптандырып жатыр. «Қазақстан темір жолының» аралас флот бойынша тәсілі Қазақстанның ұлттық темір жолының америкалық технологиялар мен сервиске сүйенуін қамтамасыз етеді, бұл бір сыртқы жеткізушіге тәуелділік қаупін азайтады. Бұл мәміле сондай-ақ Қазақстанды қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтіп, Орта дәліздің теміржол жүйесін нығайту үшін АҚШ-тың тереңірек ынтымақтастығы үшін перспективалы мүмкіндіктерді көрсетеді, — деп…
Екі қабатты үй 1964 жылы салынған. Содан бері үй күрделі жөндеу көрмей, бүгінде шатыр жабындысының кейбірі ұшып кетіп, жаңбырда су ішке ағатын күйге түсті. Қасбетіндегі кірпіш те тінінен ажырап, құлайын деп тұр. Мұнда пәтер иелері кооперативі де, басқарушы да жоқ. Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform — Үй апатты жағдайда тұр. Бұл үйдің адамдары 10 жыл бұрын құжат тапсырып, әкімдіктен жауап күтіп жүр. Өзіміз жыл сайын ретке келтіріп, шатыр жабындысын да саламыз. Бірақ қатты желде ұшып кете береді. Бірақ үйдің күйі, жағдайы нашарлап бара жатыр. Кіреберістегі қабырғалары жарылып, төбесі де құлағалы тұр, — деді қала тұрғыны Ғалымжан Исатаев. Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform Ал 2015…
Осыған байланысты 17-24 қыркүйек күндері Ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтау жөніндегі халықаралық кеңестің (ИКОМОС) сараптамалық миссиясы аталған тарихи-мәдени мұра нысанын сараптамадан өткізді. — Бұл жұмысқа орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, археология және реставрация саласындағы қазақстандық сарапшылар қатысты. Сараптама барысында жерасты мешіттерінің буферлік аймағы мен шекарасын айқындау, консервациялау және қорғау, туристік инфрақұрылымды дамыту және тұрақты басқару мәселелері қарастырылды, — деп жазды Ерлан Қарин. ИКОМОС миссиясының қорытындысы бойынша ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу үшін «Маңғыстау түбегіндегі жерасты мешіттері» номинациясының техникалық бағалауы бар сараптамалық қорытындысы дайындалатын болды. Аталған нысанға қатысты түпкілікті шешім ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 2026 жылғы шілдеде өтетін отырысында қабылданады. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік…
Бұл туралы Deutsche Welle-дің түрік қызметі хабарлады. БҰҰ Бас ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке келген Ердоған күзетшілердің қоршауында көшеден өтпек болған кезде тоқтатылды. Осы кезде АҚШ президентіне тиесілі болуы мүмкін VIP кортеж өтіп бара жатқан. Түрік көшбасшысының командасы темір тосқауылдарды алып тастауға әрекеттенген кезде олар мен полиция арасында шағын қақтығыс болған. Түркия президентіне ақыры кортеждің өтіп кетуін күтуге тура келді. Бұған дейін Нью-Йорк полициясы президент Дональд Трамптың кортежіне байланысты көшелерді жауып, Франция президенті Эмманюэль Макронның көлігін тоқтатқанын жазған болатынбыз. Макрон БҰҰ штаб-пәтерінен шығып, Франция елшілігіне бармақшы болған кезде оның көлігін Трамптың кортежінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Нью-Йорк полициясының қызметкерлері тоқтатты. Француз көшбасшысы көлігінен…