Іс-шараға қатысушылар БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясының күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның БҰҰ-мен ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады. М.Нұртілеу әріптестерін ҰҚШҰ қызметінің бірқатар аспектілері бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы хабардар етті. Өңірлік құрылымның одан әрі дамуына байланысты өз көзқарасын білдірді. Кездесуге қатысушыларды Қазақстанның БҰҰ жүйесін және оның Қауіпсіздік Кеңесін реформалау жөніндегі бастамаларын қолдауға шақырды. Ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары БҰҰ құрылғанына 80 жылдығына орай мәлімдеме қабылдады. Кездесу дәстүрлі достық сипатта өтті. Тараптар ҰҚШҰ-ның бәрін қамтитын ұйыммен одан әрі өзара тиімді ынтымақтастығын дамытуға ниетін растады. Еске сала кетейік, Қазақстан Сыртқы істер министрі Пәкістан Президентімен кездесіп, соңғы жылдары…
Автор: qaztimes
14 миллиард долларлық келісімді ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мақұлдаған. Келісімге сәйкес, Oracle қолданба активтерінің шамамен 45% сатып алатын американдық инвесторлар тобын басқарады. Сондай-ақ консорциумға Silver Lake жеке үлестік фирмасы, медиамагнат Руперт Мердок пен оның ұлы Лаклан және Dell Technologies бас директоры Майкл Делл кіреді. ByteDance және басқа қытайлық инвесторлар АҚШ-тағы TikTok активтерінің 20%-дан аз бөлігін сақтайды. Жаңа ұйымды 7 мүшеден тұратын басқарма қадағалайды. Алтауы АҚШ инвесторларынан және біреуі ByteDance. Oracle АҚШ-тың деректерді бақылауын сақтап қалуын қамтамасыз ету үшін TikTok бұлттық инфрақұрылымын және АҚШ-тағы ұсыныстар алгоритмін басқарады. Трамп бұл келісімді Америка Құрама Штаттары үшін «орасан зор» деп атап, Си оны жеке…
Форумға халықаралық ұйымдардың өкілдері, соның ішінде ТҮРКСОЙ мен Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ), сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар, бизнес өкілдері, инвесторлар және сарапшылар қатысты. Негізгі мақсат — өңірдің туристік және инвестициялық әлеуетін таныстыру, Орталық Азиядағы туризмді дамыту перспективаларын талқылау және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту. Бағдарлама аясында инвестиция тарту, көлік қолжетімділігі, медициналық, оқиғалық және жаппай туризмді дамыту мәселелеріне арналған пленарлық отырыстар жоспарланған. — Туризмді дамыту — мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Ішкі және келу туризмін қолдау, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашу бағытында мемлекет нақты шаралар қабылдап жатыр. Биыл Маңғыстау облысын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Құжат аясында жалпы құны 401 млрд теңгені құрайтын 100-ден…
Бұл шешімді Microsoft президенті Брэд Смит растады. Ол компанияның Израиль әскери бөлімшесі үшін «бірқатар қызметтерді тоқтатып, өшіргенін» айтты. Бұл қадам The Guardian мен израильдік +972 журналының зерттеуінен кейін жасалды. Онда Израиль әскери барлауының бөлімшесі болып табылатын Unit 8200 Газа секторы мен басып алынған Батыс жағалаудағы палестиналықтардың миллиондаған телефон қоңырауларын сақтау үшін Microsoft Azure қолданбасын пайдаланды деп хабарлады. Майкрософт тексеру жұмыстарын 15 тамыздан бастаған. Бірақ сақталған материалдардың мазмұнын емес, іскерлік жазбаларды, қаржылық есептерді және ішкі құжаттарды қарай бастағанын айтты. Смит Microsoft корпорациясы бұл стандартты бүкіл әлемде қолданса да, бейбіт тұрғындарды жаппай бақылау технологиясын қамтамасыз етпейтінін атап өтті. Компанияның айтуынша, оның шолуы…
Сарапшылар оны апатты әрі тұруға қауіпті деп танығанымен, тұрғындардың көбі пәтерлерін босатудан үзілді-кесілді бас тартуда. Олар ұзақ жылдар бойы тозығы жеткен баспанада өмір сүріп, өз күшімен үйді күтіп-ұстап келгенін айтып, «қалай да осында қаламыз» деп табандап отыр.№149-153 үйді жұрт көптен бері «өткеннің елесі» деп атайды. Бір кездері мұнда өмір қайнап жатса, уақыт өте кіреберістер қаңырап бос қалды, төбесі ағып, коммуникациялар істен шықты. Бүгінде тек төрт кіреберіс қана тұрғындарға жарамды. Қоныс аудармағандар су, жарық, кәріз жүйесін өз қаражаттарына жөндеп, шатырды жамап, жылу қосуға да әрекеттенген. Бірақ адамдар бар күшін салып, жөндеу жұмыстарын аяқтай бергенде әкімдік арнайы сараптама жасатып, үй апатты жағдайда…
Жаңа орталықтар Stargate бағдарламасы аясында Техас штатында (Шакелфорд және Милэм округтері), Нью-Мексикода (Дона-Ана округі), Огайо штатында (Лордстаун қаласы), сондай-ақ Орта Батыс штаттарының бірінде салынады. Соңғысының нақты орналасқан жері әзірге жарияланбады. Жалпы инвестициялар көлемі 500 миллиард долларды құрайтын Stargate жобасы үш жыл ішінде деректер орталықтарының қуатын 7 гигаватқа дейін жеткізуді көздейді. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 10 гигаватқа дейін ұлғайту жоспарланған. OpenAI басшысы Сэм Альтманның айтуынша, жасанды интеллект өзінің әлеуетін тек жеткілікті есептеу қуаты болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады. Компания өкілдері жаңа дата-орталықтардың құрылыс алаңдары мен қызмет көрсету салаларында шамамен 25 мың жұмыс орны ашылатынын атап өтті. Сарапшылар Stargate-ті «инфрақұрылымдық жоба…
Жоба Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген тапсырмалар аясында «Тасбулат Ойл Корпорэйшн» ЖШС-нің бастамасымен, ҚР Энергетика министрлігінің үйлестіруімен және ұлттық компаниялар мен салалық серіктестердің қатысуымен жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – энергетикалық тәуелсіздікті нығайту, ішкі ресурстық базаны кеңейту және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Алғашқы кезеңде газ өндіру көлемі жылына шамамен 50 млн текше метрді құрайды. Болашақта бұл көрсеткіш 150 млн текше метрге дейін ұлғаяды. Шикізат «Қазақгаз өңдеу зауыты» ЖШС қуаттылықтарында өңделіп, «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ға жеткізілмек. Жоба «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің бірлескен ынтымақтастығы арқасында жүзеге асты. Энергетика министрлігі жобаның барлық кезеңін тікелей қолдап, үйлестіріп…
«Батыс су арнасы» ЖШС-дан мәлім еткеніндей, осыған байланысты 25 қыркүйек күні сағат 19.30-дан бастап кентке салқын су беру тоқтатылды. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, «Балауса» шағынауданында салқын су екі күннен бері жоқ. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада апат болған жерде ешбір жұмыстың жүргізіліп жатпағаны айтылады. Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қазіргі кезде Әзербайжан көшесінде бригада жұмыс істеп жатыр. Су 26 қыркүйек күнгі сағат 02.00-ге дейін берілуі қажет. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда су құбырында тағы да апат болғанын жазған едік.
Саркозиге қатысты тергеу барысында төрт айып қаралды: пассивті сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік қаражатты иемдену, сайлауалды науқанды заңсыз қаржыландыру және қылмыстық топ құру арқылы қылмыс жасау. Сот Саркозиді алғашқы үш айып бойынша ақтады, алайда сайлауалды науқанды қаржыландыру көздерін жасыру мақсатында қылмыстық топ құрды деген айыппен кінәлі деп тапты. Бұған дейін Париж прокуратурасы оған жеті жыл түрме жазасын сұраған болатын. Саркозидің өзі он жылдан астам уақыт бойы барлық айыптауларды жоққа шығарып, тергеудің саяси астары бар екенін мәлімдеген. Тергеу деректері бойынша, Саркози 2007 жылы Ливияның сол кездегі басшысы Муаммар Каддафиден президенттік науқанын қаржыландыру үшін шамамен 50 миллион еуро алған. Бұл қаражат 2006 жылдың соңында немесе…
Оның айтуынша, құзырлы органдарға цифрландыру жұмыстарын еселеу тапсырылғаннан кейін кеден қызметінде бірқатар жобалар жүзеге асырыла бастады. – Қазақстан-Қытай экономикалық ынтымақтастығын нығайту шеңберінде «Бақты (ҚР) – Покиту (ҚХР)» шекаралық өткізу пунктінде «ақылды кеден» қанатқақты жобасы қолға алынды. Оның маңызды элементтерінің бірі – кедендік логистиканың тиімділігін арттырып, цифрландыруға бағытталған автономды (пилотсыз) жүк тасымалдарын енгізу. «Ақылды кеден» шекарадан жылдам әрі жайлы өтуге септесетін заманауи шешімдерді қамтиды. Жүктер шекарадан жүргізушісіз автоматты түрде тасымалданады, – деді Ерлан Хасенов. Оның айтуынша, екі ел бірлесіп растайтын бірыңғай электронды декларация енгізу жоспарланған. Құжаттарды рәсімдеу мен жүктерді алып жүру толықтай цифрлы форматқа көшіріледі. – Бұл бастама табысты іске асса,…