Автор: qaztimes

Іс-шара барысында Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Мемлекет басшысының жасыл желекке қатысты тапсырмасын қалай жүзеге асып жатқанын айтты. — 2030 жылға дейін Алматыда 2,5 млн ағаш отырғызу жоспарланған. Әсіресе, 4-6 метрлік ірі ағаштарға басымдық беріледі. Олар тез жерсініп қана қоймай, қалаға бірден сән береді, – деді ол. Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, биыл көктемде Алматыда 2 мыңнан астам ірі көшет отырғызылды. Ал күзде тағы 13 мың ағаш егу көзделіп отыр. Бұл көшеттердің барлығы Бас ботаникалық бақ пен Аграрлық университет мамандарының кеңесімен таңдалған. — Жалпы 68 мың гектар аумақтың 25 мың гектардан астамын жасыл желек алып жатыр. Бір адамға шаққанда көгалдандыру деңгейі 13…

Read More

Рауан Әбілханов — 9 баланың әкесі, Астана аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімше командирі, Қазақстанның әскери сапында 23 жылдан бері қызмет етеді. Бүгін де спортшыны қолдауға және шығарып салуға әріптестері мен жақын туыстары келді. Фото: Видеодан алынған скрин — Көңіл-күйім өте керемет. Республика күніне арнайы жоспарлап жүгіруді бастадым. Бұл жүгіріске үш ай бойы тыңғылықты дайындалдым. Әсіресе тамақтану өте маңызды, нәтиженің 70 пайызы осыған байланысты. Жол бойы жедел жәрдем көлігі, өзіміздің жеке құрам бар және жол полициялары еріп жүреді, — деді Рауан Әбілханов. Фото: Видеодан алынған скрин Рауан үшін бұл алғашқы рекорд емес.Бұған дейін 350 шақырымды екі тәулікте жүгіріп, Қазақстан рекордтар кітабына енген.…

Read More

Желі қолданушыларының жазуынша, балық инспекциясы қызметкерлері қуғындаған қайықтағы ер адамның жағдайы күрт нашарлап, есінен танып, кейіннен қайтыс болғаны айтылған. Аталған жайтқа байланысты Kazinform агенттігі ресми органдарға сұрау жолдады. Оқиғаға қатысты ресми мәліметті Исатай ауданының прокуратурасы ұсынды. – 2025 жылғы 9 қыркүйекте Каспий теңізінде Исатай ауданы Зинеден ауылы маңында балық инспекциясы қызметкерлері қайықты тексеру барысында оның жүргізушісі есінен танып, кейін қайтыс болған. 10 қыркүйек күні Исатай аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша кісі өлімі дерегімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Мәйітке сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өзге мәліметтер Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, – делінген Исатай ауданы прокуратурасының ресми хабарламасында. Бұған…

Read More

Жиынға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан жоғарғы қадағалау органдарының басшылары, сондай-ақ Түрікменстаннан бақылаушылар қатысты. — Кездесуде прокуратура органдарының қызметіне жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу, цифрлық криминалистиканы дамыту, халықаралық ынтымақтастықты күшейту және жаһандық сын-қатерлер жағдайында бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды, — делінген хабарламада. Қазақстанның Бас прокуроры өз сөзінде цифрлық трансформация елдің стратегиялық басымдығы болғанын атап өтті. Фото: Бас прокуратура Ол Қазақстан Президенті айқындаған курс жасанды интеллектті енгізу және тұрақты цифрлық орта қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Б.Асылов виртуалды ортадағы қылмыстылықпен күреске ерекше көңіл бөлді. Қазақстандық қадағалау органының басшысы атап өткендей, киберқылмыстың көлемі мен қауіптілігі сыни деңгейге жетті және оны тоқтату үшін тиімді тәсілдерді…

Read More

Зерттеушілер Meta компаниясына тиесілі бұл әлеуметтік желі кейбір жағдайда балаларды «ересектер тарапынан айқын сексуалдық сипаттағы пікірлер алған контентті жариялауға итермелегенін» де мәлімдеді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдар мен киберқауіпсіздік саласындағы зерттеушілер жүргізген тест нәтижесінде Instagram-дағы жасөспірімдерге арналған 47 қауіпсіздік құралының 30-ы «айтарлықтай тиімсіз» немесе мүлде қолданыстан шыққан болып шықты. Meta компаниясы зерттеу нәтижелерімен келіспейтінін білдіріп, өзінің қауіпсіздік шаралары жасөспірімдердің зиянды контентті аз көруіне ықпал еткенін алға тартты. Компания 2024 жылы Instagram желісінде жасөспірімдерге арналған аккаунттар енгізіп, бұл жаңалық жастарды жақсырақ қорғауға және ата-аналарға олардың әрекеттерін бақылауға мүмкіндік береді деп мәлімдеген болатын.2025 жылы мұндай функциялар Facebook және Messenger платформаларына да…

Read More

Ақ үй басшысы Ақ үйдің Батыс қанатындағы Роза бағы колоннасының бойында «Президенттік Даңқ аллеясын» ашты. — Ақ үйдің батыс қанатында «Президенттік Даңқ аллеясы» пайда болды, — деп жазды Президенттің арнайы көмекшісі және коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Марго Мартин X-те бөліскен жазбасында. Ол жүктеген видеодан алтын жақтаулардағы президенттердің ақ-қара портреттерін көруге болады. Алайда, бұрынғы президенттерге арналған орындардың бірі ерекшеленіп тұр. Джо Байден портретінің орнында автоқаламмен (Autopen) қойылған қолтаңба суреті тұр. Трамп Байденнің маңызды құжаттарға өз қолымен қол қоюдың орнына автоқаламды шамадан тыс пайдаланғаны туралы бірнеше рет айтқан. Маусым айында ол Байденнің «когнитивті қабілетінің төмендеуі» айтылатын меморандумдағы оның Autopen-ді пайдаланғанын тексеруді бұйырды. Ақ үй басшысы портреттерді орнату…

Read More

Кездесу барысында өңірде жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған жобаларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Қостанай облысында газдандыру жұмыстары жалғасуда – бүгінгі таңда өңірдің газдандыру деңгейі шамамен 60%-ды құрайды. 2025 жылы төрт жобаны іске асыруға 3,1 млрд теңге қарастырылған. Бұл шамамен 5,7 мың адамды қосымша табиғи газбен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қостанай, Рудный және Арқалық қалаларында жылу және электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, өңірде жаңартылатын энергия көздерін дамыту қолға алынған. Аукциондық сауда-саттық нәтижесі бойынша жалпы қуаты 250 МВт болатын төрт жоба жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, қуаттылығы 1 ГВт болатын және энергияны жинақтау жүйесімен жабдықталған жел электр станциясын…

Read More

Бүгінгі сот отырысында ақшасын төлеп, бірақ ұмраға бара алмаған жәбірленушілерге сөз берілді. Жамал Жақсылықова 2025 жылдың наурызында Instagram жарнамасы арқылы екі адамға арналған турды 1,1 млн теңгеге сатып алғанын айтты. Қаражат «MM Travel» компаниясының шотына аударылған. Оның айтуынша, компания тарихи орындарға экскурсияны және қолжетімді бағаны уәде еткен және ақша ресми шотқа түскендіктен, олар хабарландыруға сенген. – Бұған дейін біз әлеуметтік желілер арқылы ұмраға жолдама алып, Меккеге сәтті барғанбыз. Сондықтан бұл жолы да жарнамаға сендік. Ол кезде ұйымдастырушылар бірден келісімшарт берген. Бірақ «MM Travel» компаниясы келісімшартты жібермеді. «Алматыға келген соң қол қоямыз» деп уәде етті, алайда олай болған жоқ, – деді…

Read More

 Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен 2022 жылы құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры жыл сайын өңірлермен, ірі бизнес субъектілерімен және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл шеңберінде ұлттық қайырымдылық конференциясын өткізіп келеді. Басқосуға «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева, «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева, облыстық мәслихат төрағасы, жауапты сала басшылары, қор қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Аймақ басшысы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының өңір тұрғындарына көрсеткен қолдауы жайлы айтты. Фото: Қызылорда облыстық әкімдігі Облыстық әкімдіктің мәліметінше, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу мақсатында құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен тығыз әріптестік байланыс орнатылып,…

Read More

Оқиға Ақтөбе облысының Шалқар ауданы аумағында болды. Облыстық еңбек инспекциясы департаменті «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе бөлімшесінен хабарлама алған бойда комиссия құрамын анықтау үшін хат жолдайды. Кейін арнайы комиссия құрылды.  — Шалқар ауданына жұмыс сапарымен барып, машинист, машинист көмекшісімен сөйлескенбіз. Олар жылдамдық 20 сағ/км болғанын айтты. Сол кезде олар жол жиегіндегі электр қорабында теміржолшының тұрғанын көрген. Жанынан өтіп кетіп, артына қарағанда жұмысшы жерде жатқан. Құлап қалған деген болжам бар. Бұл жерде пойыз қақпаған болуы мүмкін. Бір аяғын пойыз басып кетіп, ауруханада көз жұмды. Әзірге іс бойынша комиссия қорытындысы шықпады,- Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы департаменті еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті…

Read More