Мезмёр «Анадолу» агенттігіне берген сұхбатында Грецияның іздеу-құтқару (SAR) аймағында флотилияға жасалған дрон шабуылы туралы пікірін білдірді. Оның айтуынша, флотилияның 11 кемесіне 13 жеке шабуыл жасалған, ал сол күні Израильдің Сыртқы істер министрлігі кемелердің қатысушыларына қатысты қауіп-қатерлер туралы мәлімдеме жасаған. Израиль билігінің қорқыту әрекеттерін атап өткен Мезмёр: «Олар бізді қорқытып, бағыттан бас тартқызуға, Грецияда қалуға мәжбүрлеуге тырысты, бірақ бұл нәтиже берген жоқ, себебі бүгін ешбір кеме тоқтамады. Біз әлі де мақсатымыздан бас тартқан жоқпыз. Бұл біз Палестина жағалауларына жетіп, гуманитарлық көмек үшін коридор ашып, жаңа прецедент жасаймыз деген қорқынышты көрсетеді», — деді. Сонымен қатар, депутат Израиль билігінің флотилия қатысушыларының шешімділігі мен әлемдегі бұл бастамаға…
Автор: qaztimes
Аталған тур 25-26 қыркүйек күндеріне белгіленген. Алғашқы ойын күнінде Павлодардың «Ертісі» сырт алаңда астаналық «SD Family» командасымен кездесті. Ойын барысында павлодарлық клубтан Еркебұлан Тұңғышбаев бес гол соғып, пента-трик авторы атанды. Осылайша олар қарсыласын 7:2 есебімен қапы қалдырып, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Олар Премьер-лигаға оралуға жақын тұр. Сондай-ақ Шымкенттің «Академия Оңтүстігі» қаарғандылық «Шахтерге» 0:2, «Түркістан» Павлодар облысының «Екібастұзына» 1:2 есебімен есе жіберді. Ал 26 қыркүйекте «Каспий» (Ақтау) мен «Ақтөбе-2», «Алтай» (Өскемен) мен «Хан тәңірі» (Алматы), «Жетісай» (Түркістан облысы) мен AKAS (Алматы), «Тараз» бен «Қайрат-2» (Алматы) шеберлік байқасады. Турнир кестесінде алғашқы үш орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысу үшін…
Матрубхуми басылымының хабарлауынша, оқиғадан жеті монах қайтыс болды, олардың арасында Ресей, Румыния және Үндістан азаматтары бар. Тағы төртеуі ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Екі монах құлаған көліктен секіріп үлгеріп, жеңіл жарақаттармен аман қалды. Оқиғаның себебі хабарланған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, аспалы жолды ұстап тұрған темір арқан үзілген. Айта кетейік, осы айдың басында Шри-Ланкада жолаушылар мінген автобус құздан құлады.
Елордалық клуб жаңа маусымды сәтті бастаған еді. Астанада өткен төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жетті. Дегенмен одан кейін қатарынан үш мәрте жеңілістің ащы дәмін татты. Сол сәтсіздік бүгінгі ойында да жалғасты. Ресейлік команда да биыл сәтсіз ойын көрсетіп жатыр. Қазірге дейін жеті кездесудің екеуінде ғана қарсыласын қапы қалдырды. Сондықтан олар елордадағы кездесуде жеңіске жетуге бар күшін салатыны анық еді. Кездесу барысында «Ак Барс» сапынан Владимир Алистров небәрі 14-секундта қақпадан саңылау тауып кетті. Одан кейін ресейлік клубтың тағы бір хоккейшісі Никита Дыняк 42-минутта есепті үстемелесе, оған «Барыс» сапынан Майк Веккионе 43-минутта бір голмен жауап қайырды. Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберіп,…
Бұл жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба жариялады. — Өткен 10 жылымда кәсіби де, жеке өмірімде жанымда болған барлық адамдарға алғыс айтамын. Бұл менің мансабымдағы ең керемет 10 жыл болды, бұған ешқандай күмән жоқ! 2014 жылы мені шақырған Какауға, сенім білдірген Қайрат Оразбеков пен Андрей Мищенкоға, кейін жұмысты жалғастырған Какаға, сондай-ақ құрамадағы жергілікті жігіттерге жылы қабылдағандары үшін рақмет. Алғашқы Боснияға қарсы өткен тұсаукесер ойынымнан (4:2 жеңіспен аяқталды, мен 2 гол соқтым) — мен осы құрамамен бірге талай жақсы сәттерге куә болатынымызға және тарих жазатынымызға сенімді болдым, — деді ол. Дуглас Жуниор 1988 жылы Бразилияда дүниеге келген. Ол спорттық мансабын өз еліндегі АБС…
The Lancet медициналық журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, 2050 жылға қарай қатерлі ісіктен қайтыс болатын адамдар саны 18,6 миллионға, ал жыл сайын анықталатын жаңа онкологиялық жағдайлар саны 30,5 миллионға дейін жетуі мүмкін. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жағдайдан ең көп зардап шегетін — табысы төмен елдер. Алдағы 25 жылда бұл мемлекеттерде барлық жаңа ауру жағдайларының жартысынан астамы және өлім-жітімнің екі үштен бірі тіркеледі деп болжанған. 1990 жылдан 2023 жылға дейін жүргізілген зерттеу аясында қатерлі ісіктің 47 түрі қарастырылған. Ғалымдар бүгінгі күні онкологиялық өлім-жітімнің 40%-дан астамы темекі шегу, дұрыс тамақтанбау және қандағы қант деңгейінің жоғары болуы сияқты өзгертуге болатын 44 қауіп факторының әсерінен болып жатқанын атап…
Қысы қытымыр, жазы аптап Астанада ол күн сайын таңертең ерте жұмысқа кірісіп, он сағаттық ауысым бойы көшелерді тазалауға атсалысады. Қыста қар күреп, жазда шаң-тозаңды тазалау – оның күнделікті еңбегі. – Қыстыгүні қар күрейміз, жаздыгүні сыпырамыз, шаң сорамыз. Сағат 10-да басталса, түнгі 10-ға дейін жұмыс істеймін. Өзіме ұнайды, шаң сорғанда артыма қарап, тазалықты көріп қуанамын. Қаланың таза болғаны жақсы ғой, – деді Марат Жекенов. Фото: Видеодан алынған скрин Жүргізушінің еңбек жолы құрметке лайық. Дегенмен көпшілікті таңғалдырғаны – оның қолөнерге деген ынтасы. Ол аламан құрақ тігетін шебер атанған. Бұл өнерге алғаш жұбайы әуестеніп, немерелеріне жасау тігіп беруді мақсат еткен. Кейіннен бұл қызығушылық…
Елдегі бастауыш мектептердегі оқушылардың жалпы саны 2018–2019 оқу жылында шамамен 4,51 миллионға жетіп, ең жоғары көрсеткішке ие болған. Содан бері бұл көрсеткіш шамамен 2%-ға азайған, ал алдағы бес жылда тағы 4,1%-ға төмендеуі мүмкін. Білім саясаты институтының зерттеуіне сәйкес, бастауыш сынып оқушылары санының азаюы, негізінен, туу деңгейінің төмендеуімен байланысты. Бұл көрсеткіш 2000 жылдар басындағы «бэби-бумнан» кейін 2012 жылдан бері төмендеп келеді. Мәселе әсіресе Лондонда өзекті болып отыр. Бұл қалада оқушылар санының азаюына астанадан көшіп кетушілер санының артуы және ата-аналардың балаларын мемлекеттік мектептерден жеке меншік мектептерге ауыстыруы әсер еткен. Оқушылар санының азаюы мемлекеттік мектептер үшін үлкен қиындық туғызып отыр, себебі олардың қаржыландыру жүйесі негізінен «бір…
Палестина президенті Махмұд Аббас бейсенбі күні Бас Ассамблеяға жасаған үндеуінде Палестина ұлттық әкімшілігі (ПҰӘ) Газа секторын басқару мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша толық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін, бірақ болашақта оқшау аймақты басқаруға ХАМАС-тың қатысы болмайтынын мәлімдеді. Аббас өз сөзін бейнебайланыс арқылы айтты, себебі АҚШ билігі оған және делегациясына Бас Ассамблея отырысына қатысуға виза беруден бас тартқан. Оның айтуынша, Газа секторында билікті беру процесі «бір мемлекет, бір заң және бір заңды қауіпсіздік күші» қағидатымен жүзеге асырылуы тиіс. — Біз қарулы мемлекет құруды қаламаймыз, – деп атап өтті Аббас. Палестина басшысы 2023 жылғы 7 қазандағы ХАМАС-тың әрекеттерін, оның ішінде бейбіт…
Дүниежүзілік рейтингіде 1241-орында тұрған Әмір алдымен әлемнің 970-ракеткасы, германиялық Венсан Марысканы жолдан тайдырды – 6:3, 6:1. Ә.Омарханов екінші айналымда әлемнің 622-інші, осы жарыстың 2-ракеткасы, тунистік Азиз Оуакамен шеберлік байқасты. Бірінші партияда 6:3 есебі тіркелді. Екінші сетте Әмір 3:0 есебімен жеңіп жатқан мезетте тунистік теннисші матчты жалғастырудан бас тартты. Әмір Омарханов жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 1430-сатыдағы германиялық Лука Виденманмен таласады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Рыбакинаның Бейжіңдегі турнирдің екінші айналымында кіммен кездесетінін жазған едік.