Синоптиктердің болжауынша, солтүстік циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер Қазақстан аумағы арқылы жылжуды жалғастырады. Елдің көп бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек ҚР шығысына, оңтүстік-шығысына жауын-шашынсыз ауа-райын сақтай отырып, антициклон сілемі әсер етеді. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1 градус үсік жүреді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Павлодар облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде де жоғары өрт қаупі болжанған. Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында,…
Автор: qaztimes
Оған 7 жылға дейін рөлге отыруға тыйым салынды. Облыс орталығында №17 бағытта келе жатқан «ZHONG TONG» автобусының жүрісі полицейлердің күдігін туғызған. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатып, тексеру жүргізген. Медициналық сараптама нәтижесінде 55 жастағы автобус жүргізушісінің қанында алкогольдің бары анықталды. Автобустағы жолаушылар мен жол бойындағы басқа да жүргізушілердің өміріне қауіп төндірген азамат ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен («Көлік құралын мас күйінде басқару») жауапкершілікке тартылды. Сот айыпталушыны 15 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды. Бостандыққа шыққаннан кейін де ол көлік жүргізе алмайды. Таяуда Павлодар қаласында автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуынан 7 адам зардап шекті.
2024 YR4 астероиды 2024 жылы табылды. Бастапқыда оның жерге соғу ықтималдығы шамамен 3% деп есептелді. Кейін бұл қауіп жоққа шығарылды. Дегенмен, ғалымдар 2032 жылдың аяғында айға әсер етуі шамамен 4% екенін ескертеді. — Ғалымдар 2024 YR4 аймен соқтығысуының алдын алудың екі нұсқасын ұсынды. Біріншісі — астероидтың орбитасын өзгерту болса, екіншісі — ядролық қарумен аспан денесін жою. Соңғы нұсқа үшін бір мегатонналық ядролық бомба жеткілікті, — делінген ақпаратта. Команда астероид туралы түпкілікті шешімді 2028 жылдың соңында, ол жерге жақындағаннан кейін ұсынады. Бұған дейін NASA адамдарды Марсқа қашан жіберетінін мәлімдеді.
Түрмедегі тәртіпсіздік екі топ арасындағы қақтығыстан болған. Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 03:00 шамасында тұтқындар айқай салып, оқ атқан. Бұл қылмыста 17 адам қаза тапты дегенмен, түрмеде әлі де құрбандар болуы мүмкін. Ал биыл 22 қыркүйекте Эквадордың оңтүстік-батысындағы түрмеде болған тәртіпсіздікте кем дегенде 14 адам қаза тауып, тағы 14 адам жараланған. Соңғы жылдары Эквадорда түрме дағдарысы орын алып отыр. Ресми деректерге сәйкес, 2021 жылдың ақпан айынан бері топтық зорлық-зомбылық 600-ге жуық тұтқынның өмірін қиған. Айта кетейік, Эквадорда жүргізушілер ереуілінен кейін бірнеше провинцияда төтенше жағдай енгізілді.
Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров индустриялық аймақта болды. Ведомство басшысы ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын жаңа зауыттың капсуласын салу рәсіміне қатысты. Жобаның инвесторы — Қытай Халық Республикасының «Kaz FM World agriculture machinery» компаниясы. Жылына 2 мың дана техника шығаратын зауыттың құны — 3 млрд теңге. Мұнда 8 түрлі трактор моделі, күріш жинайтын және мақта теретін комбайндар, тіркемелі жабдықтар, тұқым сепкіштер шығару жоспарланған. — Индустриялық аймақта су үнемдеу технологиялары саласында да жобаларды іске қосу көзделіп отыр. Мәселен, Akplas компаниясының жаңа жобасы жылына 200 мың гектарға дейін суару мүмкіндігін қамтамасыз ететін ирригациялық жабдық шығаратын зауыт салуды қарастырады, — делінген ақпаратта. Сондай-ақ, одан кем емес маңызды жобалардың…
Астаналықтар 40-тан астам түрлі азық-түлік өнімдерін сатып ала алады. Оның ішінде 13 тонна ет пен құс еті, 25 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, сондай-ақ 21 тонна картоп пен табиғи өнімдер бар. Жәрмеңкедегі бағалар нарықтағыдан шамамен 15%-ға төмен болады. Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлының айтуынша, өңірлер жыл сайын жәрмеңкеге қатысып, елорда тұрғындарына өз өнімдерін ұсынады. — Биыл біз негізгі басымдықты алма мен ет өнімдеріне бердік, сонымен қатар сүт өнімдерін де алып келдік. Бұл — біздің облыстың ерекшелігі, — деді ол. Барлық жүк көліктері міндетті техникалық тексерістен өтті. Тасымалдау кезінде санитарлық талаптар мен қауіпсіздік шаралары толық сақталды. Жалпы елордадағы жәрмеңкеде Алматы, Жетісу және Маңғыстау облыстарының шаруалары 350 тоннаға жуық өнім…
26 қыркүйек. Жылнама 07:00, 26 Қыркүйек 2025
-2025 жылғы 26 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Алматы, түнде Атырау, Астана қалаларында күтіледі, -делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында өткен баспасөз мәслихатында Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі ханзада Фейсал бин Фархан Әл Сауд коалиция «бірқатар маңызды серіктестермен» Палестина билігіне тікелей қаржылық қолдау көрсететінін айтты. Ол сондай-ақ Сауд Арабиясы күш салуға 90 миллион доллар бөлетінін айтты. Айта кетейік, бұған дейін бірқатар Батыс елдері Палестинаны ресми түрде мойындағанын жаздық. Сондай-ақ Палестина халықаралық қауымдастықты Нью-Йорк декларациясын қолдауға шақырды.
Іс-шара аясында пленарлық отырыс, алты параллель форум және 20-дан астам тақырыптық сессия мен пікірталас алаңы ұйымдастырылды. Қатысушылар мәдени мұраны цифрландыру, ғылым мен технологияның мәдени креативтілікке қосатын үлесі, аудиовизуалды индустрияны интеграциялау, жаңа технологиялар арқылы қоғамдық мәдениеттің сапасын арттыру, желілік мәдениетті инновациялық дамыту және өркениеттік алуан түрлілікті сақтау мәселелерін талқылады. Қазақстан атынан Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли қатысып, кітапхана жүйесіне жасанды интеллект енгізу жөніндегі ұлттық стратегия туралы баяндама жасады. Ұзақ мерзімге бағытталған баяндама шетелдік мамандар тарапынан жоғары бағаланды. Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Сондай-ақ Жаңа Зеландия, Пекин университеті, Шанхай, Сингапур және басқа өңірлерден…