Автор: qaztimes

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада. Мұрат Нұртілеудің еңбек жолы ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташе (1998 ж) ҚР Малайзиядағы Елшілігінің атташесі (1999-2003 жж) ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы (2003-2004 жж) ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі (2004-2006 жж) ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы (2007 ж) ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары; Аппарат басшысы (2007-2011 жж) ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (2011 ж) ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры (2011 ж) ҚР Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы)…

Read More

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыхан Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада. Ол Қазақстан Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды. Ержан Қазыхан 1954 жылы 21 тамызда дүниеге келген. Алматы қаласында туған. Ленинград Мемлекеттік университетінің Шығыс факультетінде білім алып, 1987 жылы оқуын тәмамдаған. Тарихшы, шығыстанушы. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар. 1989-1992 жылдар аралығында ҚазССР Сыртқы істер министрлігі Протоколдық-саяси бөлімінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 1992-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протокол басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары. 1995-2000 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы…

Read More

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада. 1975 жылы 6 қаңтарда туған. 1996 жылы Әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетін Урду тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдаған; 2017 жылы Швейцарияның Женева дипломатия және халықаралық қатынастар институтының Халықаралық қатынастар магистрі атанды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде қызметке кірісіп, Орталық аппаратта және Үндістан, Оңтүстік Кореядағы Елшіліктері мен Женевадағы Тұрақты өкілдігінде түрлі дипломатиялық лауазымдарда болды. 2018–2019 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстан…

Read More

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.   Ермек Көшербаевтың еңбек жолы Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің құпия құжаттарды басқару жөніндегі аға инспекторы (08.1988-09.1988 жж) Қазақ КСР Сыртқы істер министрінің көмекшісі (09.1988-10.1989 жж) Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз және ақпарат бөлімінің бірінші хатшысы (11.1989-06.1990 жж) Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің консулдық бөлімінің бірінші хатшысы (06.1990-09.1991 жж) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия елдері басқармасының бірінші хатшысы (05.1993-08.1993 жж) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы (08.1993-12.1993 жж) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасы…

Read More

Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық маман жиналады.Олардың арасында нейромодуляция саласындағы әлемнің жетекші сарапшылары болады: Konstantin Slavin (АҚШ), Andres Lozano (Канада), Harith Akram (Ұлыбритания), Shiro Horisawa (Жапония), Robert Levy (АҚШ), Atilla Yilmaz (Түркия), Marc Russo (Аустралия) және басқалар. Халықаралық нейромодуляция қоғамы штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан, нейрохирург дәрігерлерді, невропатологтарды, әлемнің түкпір-түкпірінен келген зерттеушілерді біріктіретін халықаралық ұйым болып саналады. Ұйым мүшелерінің саны-3000-нан астам адам. Қазақ нейромодуляция қоғамы осы конгресті 2024 жылы өткізуге өтінім беріп, Алматыда осы іс-шараны өткізу құқығын сәтті жеңіп алды. Мұндай деңгейдегі іс-шара Қазақстанда да, бұрынғы КСРО аумағында да және бүкіл Орталық Азия өңірінде алғаш рет өткізіліп отыр. Конгресте нейромодуляцияның ең өзекті…

Read More

— Салаларды экономикалық қызмет деп қарастырсақ, онда жасанды интеллект ықпалын тигізетін салалар біркелкі емес. Қазіргі кезде генеративті жасанды интеллект мультимодалдық моделдердің арқасында күнделікті өмірдегі жұмыста пайдаланатын қызметтерді алмастырып жатыр. Бірақ, салалық тұрғыда қарайтын болсақ, әрине бұл жерде 2 фактор бар, — деді ол BIZDIÑ ORTA подкастында. Оның айтуынша, бірінші фактор мекемелердің жасанды интеллектіні жұмысына енгізуге дайындығының барына не жоқтығына байланысты. Ал екіншісі — қаржылық мәселе. — Экономикада жұмыс өнімділігі өте төмен, қол еңбегі өте жоғары салалар бар. Ол жерде жасанды интеллект рөлі төмен болады. Алдағы орта және ұзақ мерзімде де төмен болу мүмкін. Яғни, жасанды интеллектіге негізделген инновацияларды енгізу құны…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше мән беріп отыр. Облыста азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасымен денсаулық сақтау нысандары құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан 880 млн теңге бөлінді. Заңсыз иемденілген активтерден түскен қаражат «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 7 нысанның құрылысына жұмсалды. Атап айтқанда, Ақтүбек және Кеңгір ауылдарында жаңа екі дәрігерлік амбулатория бөй көтерді. Сондай-ақ Бетбұлақ, Пионер, Қорғасын, Айнабұлақ және Егінді ауылдарында бес медициналық пункт салынып жатыр. Нысандарды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Аталған жобаларды жүзеге асыру ауыл…

Read More

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше бұл шаралар нәтижесінде ирригациялық каналдардағы су шығынын жылына 250 млн текше метрге дейін қысқартуға және 95 мың гектар алқапты суармалы сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді. — Су шаруашылығы мен ирригациялық жүйелерді дамыту үшін қазір 14 ірі жоба іске асырылып жатыр, олар 2026-2027 жылдары аяқталады. Бұдан бөлек, тағы 211 жобаның жобалау-сметалық құжаттары дайындалып жатыр, — деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев. Айта кетелік 2026 жылы Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылады. 

Read More

— Жаңа технологиялар шыққан кезде, соны танып-білуге ұмтыламын. Бірақ, сол технологияны асықпай игерген де дұрыс сияқты. Егер адам өз өміріне риза болса, жұмысын смартфонсыз немесе ChatGPT көмегінсіз толыққанды атқарса, жасанды интеллектіге жүгіну қажет емес. Қызметіңде «жасанды интеллектіні міндетті түрде пайдалан» деп мәжбүрлемесе, онда өзіңіздің құзыретіңіз бен біліміңіз арқылы ары қарай жүре беруге болады ғой?! Бұл тұрғыда міндетті түрде қолдану керек деген қағида жоқ, — деді Т. Бектұр.  Оның айтуынша, өз қабілеті жеткілікті адамдарға, үнемі білімін жетілдіріп жүргендерге ChatGPT-ді пайдалануға мәжбүрлеу керек емес.  — Дегенмен, жасанды интеллектіні пайдаланып жүргендер баршылық. Бұл адамдар уақытын үнемдеу үшін осыны пайдаланып жатқанын түсінеміз, — деді IT сарапшы. Бұдан бұрын хабарлағандай, Қазақстанда…

Read More

Спортшылар 12 нысанда 23 спорт түрінен бақ сынайды. Ойындардың жоғары деңгейде өтуін және командаларға, БАҚ өкілдері мен көрермендерге жайлылық қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалған. Әрбір спорт нысанында ақпарат орталықтары, БАҚ өкілдері жиналатын пункттер, баспасөз залдары мен медициналық бөлмелер бар. Жарысқа дайындық барысында әр спорт түрінің ерекшелігі ескеріліп, халықаралық стандартқа сай спорттық және басқа да жабдықтар орнатылды. ІІІ ТМД ойындары 28 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Әзірбайжанның 7 қаласында өтеді. Олар Гянджа, Евлах, Мингячевир, Габала, Шеки, Гёйгёль және Ханкенди. Ашылу және жабылу салтанаты Гянджа қалалық стадионында өтеді. Екі шара да жергілікті уақыт бойынша 19:00-де басталады. Бұған дейін ІІІ ТМД ойындарының…

Read More