Автор: qaztimes

— Бұл құжат еліміз үшін алғашқы әрі маңызды қадамның бірі болмақ. Заң аясында жасанды интеллектіге қатысты жаңа құқықтық түсініктер енгізіліп, ұлттық жасанды интеллект платформасын құру көзделген. Соңғы жылдары ЖИ тақырыбы әлемдік деңгейде қызу талқыланып келеді. Бұл технологиялар біздің күнделікті өмірімізге еніп қана қоймай, заң тұрғысынан да жаңа талаптарды қажет етіп отыр. Қазақстан да осы үрдістен шет қалған жоқ. Жасанды зейін адамды толыққанды алмастыра алмайды. Бірақ түрлі түйткілдердің шешімін іздеуде таптырмас құрал. ЖИ-ді әзірлеп енгізу үшін алдымен Ұлттық платформа құру керек, — деді ол Jibek Joly телеарнасындағы «Bugin Live» бағдарламасында. Депутат бұл тұрғыда деректердің қауіпсіздігі бірінші орында болуы маңызды екенін айтты.…

Read More

Қылмыстық іс 2024 жылдың 22 қарашасы күні қозғалды. Бұл туралы ақпарат тілшілерге 2025 жылдың қаңтарын айында хабарланып, Ақтөбе облыстық полиция департаменті тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. — Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы негізінде жауапқа тартылғандардың іс-әрекеттерінде Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігінде көрсетілген (Кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндіру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау) қылмыстық құқық бұзу құрамы жоқ деп танылды. Соған сәйкес бұл іс Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы бойынша тоқтатуға жатқызылды, — деп хабарлады ІІМ-нің баспасөз қызметі Kazinform тілшісінің сауалына. Еске салсақ, полиция…

Read More

Канаданың Монреаль қаласында мемлекеттер делегациялары басшыларының шешімімен Әкімшілік комиссиясының төрағасы болып ИКАО-дағы Колумбияның Тұрақты өкілі Маурисио Рамирес Коппель тағайындалды.  Төраға орынбасарлары қызметіне Азаматтық авиацияның бас директоры Сьерра-Леоне Мусайеро Барри, ИКАО Кеңесіндегі Үндістан өкілі Ангшумали Растоги және ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева сайланды. Бұл лауазымды алғаш рет Орталық Азия өкілі иеленіп отыр.  Әкімшілік комиссиясының отырыстарының ашылуына ICAO Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитано және ИКАО бас хатшысы Хуан Карлос Саласар қатысты.  Әкімшілік комиссия 3 жылдық бюджетті, қаржылық мәселелерді, сыртқы аудиторды тағайындауды, сондай-ақ адами ресурстарды басқару, гендерлік теңдік және басқа да мәселелерді қарастырды.  ИКАО Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитано ұсынылған бюджет жобасы…

Read More

Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, басты мақсат – ауыл шаруашылығы өкілдерін алдын ала қаржыландыру. Бұл жаңа ауыл шаруашылығы маусымына тиянақты дайындалуға, жанар-жағармайды қолайлы бағамен сатып алуға, тыңайтқыш алуға, техниканы жөндеуден өткізуге және қажетті тұқым қорын қалыптастыруға жол ашады. Дәл осы кезеңдегі қаржылай қолдау егіс науқанын табысты өткізу үшін шешуші фактор саналады. Ерте қаржыландыру тетігі 2024 жылдың қараша айының соңында іске қосылып, бірден жоғары сұранысқа ие болды. Бағдарлама шеңберінде жылдық 5% жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесі ұсынылады. Осы орайда, кепіл мүлік мәселелесін шешудің де тіиім жолы қарастырылған. Яғни, қажет болған жағдайда, қарыз сомасының 85%-ына дейін «Даму» қорының кепілдігімен қамтылуы мүмкін. Қаржыландыру республика бойынша «Аграрлық…

Read More

Петропавлда бір жылдан артық «Дәрігерлер үйіне» қатысты дау басылмай келеді. Былтыр бірнеше дәрігер қызметтік пәтерді босату жөнінде ескерту алды. Жекешелендіріп алуды ойлап жүрген мамандарға бұл күтпеген жайт болды. Жақында сот Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының талап арызын қанағаттандырды, енді дәрігерлер бұл пәтерлерді бостаулары тиіс. Басқарманың мәліметінше, «Дәрігерлер үйі» уақытша баспана, яғни әлеуметтік қолдау ретінде ғана беріледі. Алайда кей медициналық қызметкерлер онда он жылдан артық тұрған. — Тұрғын үйді уақытша пайдалану туралы келісімшарттың мерзімі аяқталуына байланысты, дәрігерлерге пәтерлерді босату туралы ескерту берілген. Алайда тұрғындар өз еркімен көшуден бас тартты. Осыған байланысты, басқарма жас мамандар мен облысқа жаңадан келген дәрігерлерге пәтерлерді беру қажеттігін…

Read More

— Жастар бұл науқанды осыдан үш жыл бұрын бастаған. Бастама бүгінде нашақорлық пен есірткі қылмыстарына қарсы күрестің басты бағыттарының біріне айналды. Нәтижесі де жаман емес. «Есіркіге жол жоқ» акциясында біз нақты 20 аймақта наркографиттилерді бояумен айналысамыз. Ол жерде белсенділеріміз осы күнге дейін 12 мыңнан астам графитилерді бояп шықты. Қабырғалардағы бұл жазулар есірткі сататын Телеграм арналарды жарнамалағандықтан, алдымен соларды жою керек деп есептейміз. Бұдан бөлек, жастарды қолдау кеңесі де құрылды. Ол жерде арнайы дайындалған мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізумен айналысады, — деді аталған ұйым төрағасы Ақерке Искандерова «Jibek Joly» арнасындағы «БүгінLive» бағдарламасында. Оның айтуынша, қызмет барысында түрлі келеңсіздіктер де кездесіп тұрады екен.…

Read More

Kazakh Tourism-нің мәліметінше бұл жобалар жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Халықаралық қонақүй желілері Қазақстанның өңірлеріне қызығушылық танытып отыр. Оның ішінде туристік және іскерлік бағыттар да бар. — Біз туристік инфрақұрылымның сапасын арттырып, өңірлердің туристік тартымдылығын күшейту мақсатында халықаралық қонақүй желілерімен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазақстанда сапалы орналастыру орындарына деген сұраныс тұрақты түрде артып келеді. Бұл іскерлік белсенділік пен туристер санының көбеюіне байланысты. Халықаралық қонақүй брендтерінің болуы сервис стандарттарын арттырып қана қоймай, нарықтағы бәсекелестікті де ынталандырады, — деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының м.а. Даниел Сержанұлы. Қонақ үй нарығын дамыту экономика үшін туристердің артуынан бастап жаңа жұмыс орындарының ашылуына және бизнестің…

Read More

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай, Ресей, Германия, Италия және Ұлыбританияны қоса алғанда, 8 елден 300-ден астам жетекші маман қатысып жатыр. Екі күн бойы сарапшылар неврологиялық және сирек кездесетін (орфандық) ауруларды, оның ішінде эпилепсия мен церебралды салдануды диагностикалау, емдеу және оңалту мәселелерін талқылайды. Конференцияны ұйымдастырушылар – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы және Реабилитологтар мен курортологтар қауымдастығы. Іс-шараның ашылуында қатысушыларға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай құттықтау сөзін арнады. Ол мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде оңалту жүйесін дамыту қажеттігін атап өтті. – Балаларды оңалтуда мультидисциплинарлық тәсіл – дәрігерлер, әлеуметтік…

Read More

Байқауға әлемнің 30 елінен 100-ден астам команда қатысып жатыр. Алғаш рет Қазақстан өз ұлттық делегациясын ұсынды. Оның құрамына елордадан үш команда кірді: • №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі,• №8 мектеп-лицейі,• SKILLSET мектебі. Жалпы чемпионатқа Қазақстаннан 30-дан астам қатысушы жол тартты. Drone Soccer – заманауи спорт түрі, ол дрон технологияларын, жасанды интеллект элементтерін, инженерлік шығармашылықты және командалық жұмысты ұштастырады. Қазақстандық оқушылардың әлемдік чемпионатқа қатысуы – STEM-білім мен жасанды интеллект құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ жастар арасында жаңа технологияларды кеңінен насихаттауға жасалған маңызды қадам.  Айта кетелік еліміздің үздік педагогі 4 млн теңге сыйақы алатыны туралы жазған едік. 

Read More

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде: — доллар: сатып алу — 542,59 теңге, сату — 544,46 теңге;— еуро: сатып алу — 634,74 теңге, сату — 638,93 теңге;— рубль 6,39 — 6,51 теңге аралығында саудаланады.— юань 75,98-78,60 теңге аралығында саудаланып жатыр. Елорданың ақша айырбастау пунктерінде: — доллар 540,82 теңгеден сатып алынады, 545,82 теңгеден сатылады;— еуро: сатып алу — 635,46 теңге, сату — 643,49 теңге;— рубль: сатып алу — 6,37 теңге, сату — 6,52 теңге.— юань 76,84 теңгеден сатып алынады, 80,85 теңгеден сатылады; Еске салайық, 25 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,92 теңгеге арзандап, 541,68 теңге болды.

Read More