– Сіздер әр саланы терең білесіздер. Атқарылып жатқан жұмыстың мән-жайын жақсы түсінесіздер. Соны жастарға айтып жеткізу керек. Олардың бойында әлеуметтік оптимизм қалыптастыру өте маңызды. Заман күрделі болса да, біздің бағытымыз – дұрыс. Еліміз қиындықтың бәрін еңсеріп, үздіксіз дамып келеді. Бес жылда Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 181 миллиардтан 291 миллиард долларға көбейді. Биылғы 8 айдың өзінде экономикамыз 6,5 пайызға өсті. Еліміздің халықаралық резерві мен Ұлттық қордың активі 116 миллиард доллардан асты. Соның ішінде халықаралық резервіміз рекордтық деңгейге жетіп, 54,6 миллиард доллар болды. Мұның бәрін басқа мемлекеттер, беделді ұйымдар көріп отыр, мойындап жатыр. Мысалы, Standard and Poor’s агенттігі бұған дейін еліміздің дамуын…
Автор: qaztimes
Әлеуметтік желіде мас күйде болған ер адамның баласын жерге соғып өлтіріп алғаны туралы ақпарат тарады. Қайғылы оқиға 20 қыркүйек күні Тереңкөл ауданы Осьмерыжск ауылында болған. — 2025 жылғы 20 қыркүйек күні түнде Тереңкөл аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 3 жасар бала жеткізілді. Түскен кездегі жағдайы аса ауыр, бала есінен танған, ешқандай реакция бермеді. Хирург дәрігерлер баланы қарап, жабық шүйде сүйегінің сынуы диагнозын қойған. Бұған қоса сол жақ қасүсті аймағында жыртылған жара, дененің жұмсақ тіндерінде көптеген соғылған жарақат пен көгерулер болған. Реанимациялық шаралар нәтижесіз болды. Баланың мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады өңірлік денсаулық сақтау басқармасынан. Аталған дерек бойынша полиция…
— Жасанды интеллект саласында кадрлар даярлау және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жоғары оқу орындарында инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Жетекші университеттердің базасында ғылым мен практиканы ұштастыратын жасанды интеллект бойынша арнайы орталықтар мен зертханалар құрылды. Сонымен қатар, еліміздегі Қазақ ұлттық университеті, Еуразиялық ұлттық университеті, Сәтбаев Университеті, Назарбаев Университеті сияқты жоғары оқу орындарының базасында суперкомпьютерлердің академиялық кластері қалыптасуда. Алдағы уақытта бұл қуаттарды бірыңғай желіге біріктіріп, елдің барлық өңірлеріндегі жоғары оқу орындарының қол жеткізуін қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр, — деді С. Нұрбек. Оның айтуынша, жасанды интеллект дамуы тек есептеу қуаты мен ғылыми инфрақұрылымды ғана емес, ең алдымен барлық студент пен мен…
Алдағы күндері күн суытады 15:36, 26 Қыркүйек 2025
— Министрлік жасанды интеллектіні дамыту бойынша үш негізгі бағытта жұмыс істеп жатыр. Бұл тұрғыда жасанды интеллекті саласында кадр даярлау, ғылыми зерттеулер және қазақ тілін дамыту үшін жасанды интеллектіні қолдану ескерілген. Негізгі міндетіміз — жоғары білімді жасанды интеллекті дәуірінің талаптарына бейімдеу. Осы бағытта нақты нәтиже бар. Қазір 30 жоғары оқу орны жасанды интеллекті бойынша 38 білім беру бағдарламасын іске асырып жатыр, — деді С. Нұрбек Мәжілістегі парламенттік тыңдау кезінде. Оның айтуынша, 2025 жылдан барлық білім беру бағдарламасына жасанды интеллектіні пайдалану қызыреті енгізіліп, мемлекеттік стандарт өзгертілді. Қазірдің өзінде 95 жоғары оқу орны білім беру жоспарларына жасанды интеллект пәндерін енгізді. — Профессорлық-оқытушылық құрамның 54…
— Жасанды интеллектінің эволюциясы 2030 жылға қарай болатын революцияға әкеле жатыр. Қазір бәріміз Open AI арқылы АҚШ қалай жұмыс істеп жатқанын, Қытай бұл саланы қалай дамытып жатқанын көріп отырмыз. Олар сіздерге өнімін сатуға талпынып жатыр. Сіздерді өз клиенті еткісі келеді, ақпараттарыңызды пайдаланып отыр, — деді ол. Халықаралық сарапшы Мәжіліс жуықта ғана қабылдаған ЖИ туралы заң осындай тенденцияларға лайықты жауап болғанын айтады. — Мен жасанды интеллект туралы әзірлеген заңдарыңыз осы тұрғыдан алғанда үлкен рөл ойнайды деп есептеймін. Өйткені сіздер өз азаматтарыңызды, мемлекеттеріңізді қорғауда осындай заң әзірлеу арқылы алғашқы қадамды жасадыңыздар. Бұл әрі қарай жылжуға іргетас бола алады, — деді Хенрик фон Шейл. Бұған дейін Жасанды интеллект және…
— Үкімет жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған ғылыми зерттеулерді жүйелі түрде қолдап келеді. Қаржыландыру мақсатты және гранттық бағдарламалар арқылы жүзеге асуда. Қазіргі уақытта жасанды интеллект бағыты бойынша жалпы құны 9,7 млрд теңгені құрайтын 62 жоба іске асырылып жатыр. Негізгі орындаушылар қатарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты, Astana IT University және басқа да университеттер мен ғылыми-зерттеу ұйымдары бар. Маңыздысы — 26 жобаны 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар жүзеге асыруда. Бұл жаңа буын зерттеушілерінің белсенділігін көрсетеді. Жобалар ғылымның жеті басым бағытын қамтиды. Соның ішінде жасанды интеллект зерттеулері негізінен озық өндіріс, цифрлық технологиялар…
— Цифрлық құқықтық орта барлық салада тепе-тең әрі бір мезетте дамуы тиіс. Цифрлық заңдармен қатар, қылмыстық, әкімшілік және іс жүргізу заңнамасына жүйелі өзгерістер енгізу қажет. Қазіргі таңда онда цифрлық ортадағы құқық бұзушылықтарды тергеуге арналған цифрлық дәлелдемелер мен цифрлық криминалистика тетіктері жоқ. Сонымен қатар, Жасанды интеллект туралы заң күшіне енгеннен кейін салалық заңнаманы бейімдеу қажет болады. Келесі маңызды жайт, бүкіл әлемде құқықтық модельдер заңдармен қатар заңнамалық нормативтік-құқықтық актілердің, этикалық және техникалық стандарттардың, корпоративтік саясаттардың да маңызды рөл атқаратындай етіп қалыптасуда, — деді депутат. Оның айтуынша, эксперименттік құқықтық режимдер тәжірибесі таралып жатыр. Бұл қатаң құқықдың дамуға кедергі келтіруі мүмкін деген алаңдаушылықпен байланысты.…
Соңғы жылдары Астанада тұрғындармен өзара іс-қимылдың бірқатар озық шешімдері енгізілді. Қалалық iKomek қызметі жылына 2 миллионнан астам өтініш қабылдап, өңдейді. Бұл — ел өңірлеріндегі барлық осындай қызметтердің жиынтығынан да көп. Сонымен қатар, QalaQyzmet сервисі тұрғындарға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында 120 қызмет көрсетіп отыр (жыл сайын 200 мыңнан астам өтініш). «Сергек» жол қозғалысы және қоғамдық қауіпсіздік саласында интеллектуалды платформа құрылды, қоғамдық көліктегі басқару және төлем жүйесі автоматтандырылды, ал Смарт Астана мобильді қосымшасы қала тұрғындары мен қонақтарына 70-тен астам цифрлық сервисті бір орталыққа біріктіріп отыр. Осы жұмысты күшейту үшін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл елордада Біріккен Араб Әмірліктерінің Presight компаниясымен бірлескен стратегиялық Smart City жобасы жүзеге…
Одан кейін тұрғын үйлер, жатақханалар мен қонақ үйлер қосылады. Үшінші кезекте әкімшілік ғимараттар, жоғары оқу орындары, театрлар қамтылады. Ең соңында өзге де нысандарға жылу беріледі. — Жылыту маусымын бастау туралы шешім бес тәулік бойы сыртқы ауаның тәуліктік орташа температурасы +8°С және одан төмен болған жағдайда қабылданады, — деп мәлімдеді басқармадан. Жылуға қосу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес, тұтынушыларға жылуды үздіксіз жеткізу талаптарын сақтай отырып жүргізіледі. Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғындары жылу мен ыстық суға қарызын өсімпұлсыз өтей алатынын жазғанбыз.