Президент директивасы Вашингтонның Бас прокуроры мен округтік прокурорына АҚШ астанасындағы аса ауыр қылмыстардың алдын алу және жазалау үшін федералды өлім жазасы туралы заңдарды толығымен орындауды тапсырады, деп хабарлайды Ақ үйдің баспасөз қызметі. Құжатта федералды прокурорлар істің мән-жайын анықтайтын болса, Колумбия округінде өлім жазасына кесілуі керектігі айтылған. Сонымен қатар, Бас прокурор мен округ прокурорына Вашингтонда өлім жазасы қарастырылған қылмыс үшін федералды юрисдикцияны барынша арттыру тапсырылды. Кейбір саясаткерлердің, заңгерлік сарапшылардың және үкіметтік емес ұйымдардың қарсылығына қарамастан, президент Трамп 14164-ші Жарлыққа қол қойып, қызметтегі алғашқы күнінен бастап федералды өлім жазасын дұрыс басқаруды қалпына келтіруді басты міндет етіп қойды. — Колумбия округінің соңғы жылдардағы…
Автор: qaztimes
Биыл Түркістан қаласы халықаралық World Craft Council ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесіне ие болды. Осыған орай Түркістанда «Түркістан – қолөнершілер қаласы» атты халықаралық фестиваль ұйымдастырылды. Халықаралық фестивальге Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай және Ресей елдерінен 100-ге жуық қолөнерші келді. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ал еліміздің әр аймағынан 300-ге жуық қолөнер шебері қатысуда. World Craft Council халықаралық ұйымының құрметті елшісі Азиз Муртазаев арнайы келіп, World Craft Council халықаралық ұйымының шешімімен және Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің келісімімен қабылданған шешім бойынша Түркістан қаласына «Қолөнершілер қаласы» мәртебесі куәлігін табыстады. Бірегей нысанның ашылу рәсімінде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров көпшілікті жаңа нысанның ашылуымен…
— Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңгерімді сыртқы саясатты одан әрі нығайту, ұлттық мүддемізді халықаралық аренада белсенді ілгерілету, экономикалық дипломатия мен инвестициялық серіктестікті күшейту бағытында нақты тапсырма берді, — делінген хабарламада. Мемлекет басшысы көпжақты форматтағы ықпалдастықты жандандыруға, сондай-ақ шетелде Қазақстан азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғау жұмыстарының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды. Айта кетейік, Президент Алатау қаласына арнаулы мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды.
Сайыс пилотсыз авиациялық жүйелерді (ПАЖ) жауынгерлік және кәсіби даярлықта қолдануды дамытуға, оны киберспорт элементтерімен және озық технологиялармен кіріктіруге, сондай-ақ бөлімшелердің техникалық әлеуетін жетілдіруге бағытталды. Фото: Мемлекеттік күзет қызметі Турнир сонымен қатар сала мамандарының кәсіби деңгейін арттыруға, олардың өзара әрекеттесуін, білім және тәжірибе алмасуын қолдауға арналды. Фото: Мемлекеттік күзет қызметі Бағдарлама ПАЖ басқару бойынша бірнеше жаттығуды қамтитын екі кезеңнен тұрды. Жүлделі орындар үшін мемлекеттік күштік құрылымдардың FPV-дрон операторларының 14 командасы бақ сынады. Екі күндік сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар: 1-орын – ҚР МКҚ 1-командасы;2-орын – ҚР МКҚ 2-командасы;3-орын – ҚР ҰҚК «А» қызметі командасы. Фото: Мемлекеттік күзет қызметі Күштік құрылымдар FPV-дрон операторларының…
Іс-шарада кәсіби менеджерлер тапшылығы мен мемлекеттік тілде сапалы бизнес-білім берудің маңызы талқыланды. META Университетінің базасында құрылған MBA бағдарламасының негізгі мақсаты – заманауи топ-менеджерлерді дайындау және белгілі бір деңгейге жетіп, әрі қарай кәсібін дамыта алмай отырған кәсіп иелеріне арнайы білім беру. Фото: Кәмшат Әбдірайым/Kazinform Бизнес мектеп директоры Мақсат Халықтың айтуынша, іскерлік ортадағы белсенділіктің артуы экономикалық өсімге де тікелей әсер етеді. – Бұған дейін Қазақстанда MBA бағдарламасы тек орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілген. Соңғы үш жылда қазақ тілінде оқытуды қолға алдық. Бұл – ұлттық рухы бар, заманауи ойлайтын, қазақ тілінде еркін сөйлейтін кәсіпкерлерді көбейтуге бағытталған жоба. Оған қоса бизнес-контенттің қазақшалануы ғылымның да…
Форум екі елдің жетекші талдау орталықтарының, мемлекеттік институттарының, ғылыми қауымдастықтарының және дипломатиялық орта өкілдерін жинап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға және өзара әрекеттестіктің стратегиялық бағыттарын айқындауға арналған маңызды алаңға айналды. Фото: Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының (ҚҚҒА) президенті Гао Сян Форумға қатысушыларға жолдаған жазба хатында «талдау орталықтары – инновациялардың инкубаторы әрі саясат қалыптастыру зертханасы, екіжақты қатынастардың тұрақты дамуына ықпал ететін басты фактор» екенін атап өтті. ҚҚҒА президенті сондай-ақ Қытай мен Қазақстанның талдау орталықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, диалогты ілгерілетуге, сенім орнатуға және бірлескен дамуға бағытталған бастамаларды ұсынды. Фото: Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Форумның ашылуында сөз сөйлеген ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов…
Бүгін футболдан Бірінші лигада ХХІІІ турында ақтаулық клуб өз алаңында «Ақтөбе-2» командасын қабылдады. Кездесу барысында олар қарсылас қақпасына үш гол соқты. Оны Бақдәулет Көңлімқос 35, Берік Айтбаев 48, Әлихан Серікбай 92-минутта өзінің еншісіне жазды. Оған ақтөбелік клуб бір голмен жауап қайырды. Нәтижесінде «Каспий» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті. Осылайша «Каспий» турнир кестесінле 59 ұпаймен бірінші орында тұр. Нәтижесінде олар Премьер-лига жолдамасын үш тур бұрын қалтаға басып үлгерді. Сондай-ақ бүгін өскемендік «Алтай» өз алаңында алматылық «Хан тәңірі» командасын 3:0 есебімен жеңсе, Түркістан облысының «Жетісайы» (Түркістан облысы) алматылық AKAS клубын 2:1 есебімен сүріндірді. Бұл турды «Тараз» бен «Қайрат-2» (Алматы) командалары түйіндейді. Айта…
— ҰТБ бойынша айтатын болсақ, 2026 жылы қазіргі формат сақталады, бірден ауқымды өзгеріс болмайды. Бірінші кезеңде 5 жылдық жоспар ескерілген, яғни еліміздің тест жасақтаушы ғалымдары ETS компаниясына барып, арнайы оқудан өтеді. Қазір Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Нұрсейіт Байжанов Принстонда арнайы тағылымдамадан өтіп жатыр. ETS компаниясы 80 жылдық тарихы бар ең мықты тест құрастыратын мекеме. TOEFL және GRE сияқты негізгі тестілеу жобаларын пысықтаған. 2,5 мың тест жасаушы ғалым бір жерде шоғырланған. Екінші кезеңде халықаралық стандартқа пысықталған әдістемені дайындаймыз. ETS осы әдістемеге өзінің сертификатын береді, — деді С. Нұрбек Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Осы орайда министр аталған әдістемеге сәйкес еліміздегі тестілеу…
Еліміздің 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы Ташкент қаласында өзбекстандық футболшылармен кездессе, Алматы қаласында 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы сол елдің өрендерімен шеберлік байқасады. Қазақстан футбол федерациясы мен Өзбекстан футбол қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық ұзақ уақыт бойы жалғасып келеді. Атап айтқанда, ұлттық құрамадан бастап балалар мен әйелдер құрамалары арасындағы жолдастық ойындар жиі өткізіледі. Бұған дейін Шымкентте екі елдің 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы кездессе, Ташкентте 19 жасқа дейінгі қыздар құрамалары жасыл алаңға шықты. Еліміздің футбол федерациясының хабарлауынша, Қазақстан мен Өзбекстан ұлттық құрамалары арасында жолдастық ойын өткізу жөнінде келіссөз жүріп жатыр. Айта кетсек, алдағы қараша айында қараша айында 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу…
Мемлекет басшысы: АЭС құрылысында барлық экологиялық норманы сақтау – басты талап 15:21, 26 Қыркүйек 2025